С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет108/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Аграрлық қатынастар. Шаруашылыққа орны толмас зиян 
келтірген соғыстар аяқталған соң халықтың ерлік еңбегімен ауыл 
шаруашылығы қалпына келтіріліп, қолөнері мен сауда жандана ба-
стады.
ХVІІ ғасырдың ортасына таман ауыл шаруашылығындағы 
жетістіктер анық көрінді. Егістік көлемі өсті, жаңа каналдар мен 
суару жүйелері салынды, Қытайдан тəтті картоп əкелініп, өсіріле 
бастады. Кейбір жерлерде күріштен жылына екі рет өнім алы-
нып отырды. Шаруалар иесіз қалған жерлерді қайта қолға алып, 
өртенген елді мекендерді, суару жүйелерін қалпына келтірді. Егер 
1611 жылы есепке алынған егістік көлемі 541 мың кёл болса, ол 1639 
жылы 1,3 млн-ға жетті. Темекі, келімдəрі, женьшень сияқты ауыл 
шаруашылық дақылдары кең тарай бастады. Темекі мен женьшеньді 
ішкі жəне сыртқы рыноктағы сауда үшін өсірді. Əсіресе оларды 
Қытайға көптеп шығарды. Тауарлы егіншіліктің дамуы тауар-ақша 
қатынасының дамуын тездетті.
ХVІІ ғасырда жер иелену жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырады. 
Мемлекет жердің сөз жүзіндегі иесі ғана болды, себебі оның көп 
бөлігі жекелеген тұлғалардың меншігіне айналып кеткен еді. 
Корольдің  өзі  ірі  жер  иесі  болды.  Оның  меншігіндегі  жерлер  «са-
рай жері» деп есептелді. Сонау Коре заманынан бері чиновниктерге 
ерен еңбектері үшін сыйға беріліп келе жатқан жерлер енді олардың 
феодалдық поместьелеріне айналып кетті. Жерге жеке меншіктің 
өсуі қазынаны қаңсытты. Себебі бұл жерлер салықтан босатыла-
тын. Үкімет бұл процесті тоқтатуға тырысып, əр 20 жыл сайын жер 
қайта есепке алынатындығын жариялады.
1608 жылы біркелкі күріш салығы енгізілді. Ол «тэдонми» деп 
аталды.  Əр  кёлден  16  ту  /1  ту  —  16  кг.—  бір  пұт/  күріш  салығы 
өткізілетін болды. Сондай-ақ қосымша салықтар да болды. Ол: 
əскер ұстау үшін төленетін салық, аңшылық салығы, сауда салығы, 
дəрі өсімдіктерін жинағаны үшін, іс-қағаздарын толтыру үшін т.б. 
салықтар болды. Шаруалар əртүрлі жұмыстарға да қатысулары ке-
рек болды. Мысалы, қала қорғанысын тұрғызу, жол, көпір салу, суа-
ру жүйесін тұрғызу сияқты істерге қатысуы міндетті болды.


270
271
Салықтарды жинау, міндеткерлікті өтеуді бақылау арнаулы 
адамдарға тапсырылатын. Бұл қызметті олар сатып алатын да
салықты тиісті мөлшерден тыс көбірек жинауға тырысатын. Жерге 
мемлекеттік меншіктің жойылуы біртіндеп феодалдық рентаны ша-
руаларды қанаудың негізгі түріне айналдырды.
ХVІІ ғасырдан бастап Кореяда ақша жасау дамыды. Ол күміс 
рудниктерін көбейтті. Күміс тиындар жасалды. 1619 жылы барлық 
есеп-ажырасуды күміс ақшамен жүргізу туралы жарлық шықты. 
1626 жылдан бастап металдан монета жасау қолға алынды. Көптеген 
аудандардағы күріш салықтары мен жан басына салынатын 
салықтарының едəуір бөлігі ақшамен алмастырыла бастады.
1643 жылы Кэсон мен көрші аудандарда үй, жер, отын, көкөніс 
сатып алу ақша арқылы жүргізіле бастады. 1678 жылы үкімет 
жаңа металл тиындар шығарды. Олар бұрынғы күміс ақшаларды 
ығыстыра бастады, 1687 жылы күміс кеніштері қаражат палатасының 
қарамағына берілді. Күміс өндіру елдің 68 уездерінде қолға алын-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет