334
335
Акбарды жақтаймын дегендерге жагирді кеңінен үлестіріп берді.
Акбардың өзі де жагирларға арқа сүйеу керектігін түсініп, олардың
талабын орындауға келіскенде ғана бүлік басылды. Сөйтіп Акбар
жагирлық жүйені жоя алмаса да өзінің орталықтандырылған билігін
күшейтуде, ірі фаодалдардың дербестігін шектеуде айтарлықтай
табысқа қол жеткізді.
Дегенмен жагирлық жүйе шаруашылықтың дамуына ықпал
етпей, керісінше, кедергі жасады. Себебі жагирлар ертеңгі күніне
сеніммен қарай алмады, шаруашылықты жақсы басқаруға мүдделі
болмай, тезірек жəне көбірек салық жинап алып, оны ойын-сауық,
той-думан, сəн-салтанатқа жұмсауға асықты. Оларды шаруалар
күйзелісі толғандырмады.
Индустар мен мұсылмандардың ынтымағын нығайту арқылы
шах Акбар өз билігін едəуір нығайта алды. Діні бөлектер үшін са-
лынатын джизия салығын жою, индустық діни мекемелерге жер
үлестіру, мұсылмандармен қатар индустарды да үкімет билігіне
орналастыру Акбардың халық арасындағы беделін өсіріп, билігін
нығайтуға үлес қосты.
«Бір ғана тақсыр — бір дін» принципін жүзеге асырмақ болып,
Акбар 1582 жылы «құдайшыл наным» деген жаңа діни бағытты жа-
риялады. Ол дін ислам, индуизм, парсизм жəне джайнизм діндерінің
жиынтығы болды. Жаңа діннің басшысы — заирлы билік пен діни
билікті бірге атқарған Акбардың өзі болды. Бұл шарамен өз қол
астындағы пенделерінің арасындағы діни ала ауыздықты жоюға
күш салып бақты. Бұл реформаны жүргізу барысында Акбар ислам-
ды үстемдік етуші дін ретінде сақтап қалуға күш салған мұсылман
дінбасыларын тəркілеуден де тайынбады.
Акбардың баласы Жахангер (1605—1628) мен немересі Шах-Жа-
һан (1628—1656) басқыншылық соғыстарды онан əрі жалғастырды.
1633 жылғы өте қымбатқа түскен соғыстың нəтижесінде Ахмеднагар
сұлтанаты қосып алынды. Осы соғыс кезінде моғол əскерінің
жауынгерлік қабілетінің төмендеп кеткендігі байқалды. Канда-
гарды парсылықтар басып алды. Шах-жаханның бұл шекаралық
бекініс, əрі маңызды транзиттік сауда орталығын қайтарып алу
үшін жасаған үш əрекеті сəтсіз аяқталды.
Дели сарайы еуропа саяхатшыларын тамсандырған сəн-сал-
танатқа бөлене берді. Бірақ Ұлы Моғолдар державасы өзінің
құлдырау сатысына аяқ басқан еді. Пельсарт бұл мемлекетті
бекерден-бекер «топырақ аяққа сүйенген алып» деген жоқ. Ал
Бернье өзінің Кольберге жіберген мəліметінде моғолдардың на-
шар қаруланғанын, қимылы сылбыр сансыз көп əскерін пикард
мушкетерлерінің бірнеше полкымен-ақ талқандауға болады деді.
Моғолдар державасының құлдырауы Ұлы елді отарға ай-
налдырып, оның 150 миллиондық халқын тонау үшін барлық
мүмкіндіктерді пайдалануға тырысқан еуропалықтардың Индияға
кіруінің күшеюімен тұспа-тұс келді. ХVІ ғасырдың аяғы, ХVІІ
ғасырдың басында голландтар мен ағылшындар Үнді мұхитының
жағалауында өздерінің сауда факторилерін құрды, кейін ондай
факторилерді елдің ішіне қарай жылжыта берді.
Достарыңызбен бөлісу: