ХVІІ — ғасырдың екінші жартысындағы Түркияның соғыстары. Түркияның ХVІІ ғасырдың басындағы əлсіреуін
Иран шахы І-Аббас пайдаланып қалды. Ол 1606—1607 жылда-
ры түріктерден Баку, Дербент, Шамаха, Ганжа, Ереванды алып
қойды. 1613 жылғы бітім бойынша Түркия Иранға Əзербайжан-
ды, Шығыс Грузияны, Солтүстік Арменияны, Луристанды /Батыс
Иран/, Күрдістанның біраз бөлігін беруге мəжбүр болды. 1622
жылы Эрзерум /Солтүстік Шығыс Түркия/, Бағдад пашалықтары
империядан бөлініп шықты. 1623 жылы Иракты, оның астана-
сы Бағдатпен қоса, Иран басып алды. Бірақ 1639 жылы түріктер
ауыр шайқастан соң Иракты өздеріне қайтарып алды. 1639 жылғы
Иранмен жасалған бітім бойынша Түркия Батыс Грузиямен Батыс
Арменияға, Күрдістанның біраз бөлігіне ие болды.
1620 жылы Түркия Польшамен соғысып, Цецора маңында
жеңіске жетті. Ал 1621 жылы түріктер Украинаға басып кірді. Бірақ
Хотиндегі шайқаста олар жеңілді. Бірақ Польша мен Украинаға ша-
буылын тоқтатқан жоқ.
Түркияның Польшамен бітімдерінде /1621, 1630, 1640/ Украина
мəселесі өте маңызды орын алып отырды. Түріктер Запорожье
казактарының Дон казактарымен бірлесіп Қара теңіздегі қарақ-
шылығын, түрік қалаларын /Синоп, Трапезунд жəне басқа/ то-
наушылығын тоқтатуды талап етті. Бұл талаптары орындалмаған
соң түріктер Украинаға бірнеше рет соққы жауап берді. 1654 жылы
Украина Россияға қосылған соң Россия Түркияға соғыс ашты. Бірақ
көп ұзамай орыстар бұл соғысты тоқтатып, қаруын Польшаға қарай
бұрды.
1637 жылы түріктер Азовтың солтүстік жағын Ираннан тартып
алып, қоныс тепті. 1642 жылы орыстардың казак басқыншыларын
талқандап, Азовта түпкілікті бекінді. ХVІІ ғасырдың екінші жарты-
сына қарай Түркия құрлықта 250 мыңдық, теңізде 50 мыңдық əскер
ұстады.