С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет38/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

ІV—ХІІ ғғ. Солтүстікшығыс Африка
Бұл шығармалар Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан 
Африка аудандарының даму қарқыны бірдей болмағандығын 
көрсетеді. Орта ғасырлардың бас кезінде бір халықтарда таптық 
қатынастар қалыптасып, мемлектеттік бірлестіктері құрылса, енді 
бір халықтары алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатты. 
Сондықтан Сахараның оңтүстігіндегі Африка аумағында қоғамдық 
қатынастары мен экономикалық өмірінің дамуы жағынан ұқсас ірі 
аудандарды бөліп қарастыруға болады. Ол аудандарға Батыс Судан, 
Шығыс Африка, Батыс Тропикалық Африка мен Оңтүстік Африка 
жатады.
Тропикалық Африка халықтарының көпшілігі ежелден егінші-
лікпен айналысты. Тек берберлер мен оңтүстік Сахараның туарег-
тері, фульбе /Батыс Африка/, масаилар, галлалар /Шығыс Африка/ 
сияқты біраз көшпелі халықтар мал шаруашылығымен айналысты. 
Табиғи  жағдайдың  ерекшеліктері,  əсіресе  жердің  құнарлылығы, 
тек өсірілетін дақылдар түріне ғана емес, егіншілік құрал-
жабдықтарының түріне де əсер етті. Тропикалық Африканың 
топырағында құнар өте аз, оның жоғарғы беті ғана құнарлы. Оны 
терең жырту пайдасыз. Терең жыртқанда құнарлы топырақ желге 
ұшады. Сондықтан бұл жердегі халық ұшына темірден жасалған тіс 
орнатылған кетпенді /мотыга/ пайдаланып келді. Оның бірнеше түрі 
болады. Африкаға тəн дақылдар негізінен сорго, тары жəне күріш 
болды. Сондай-ақ бұршақтың бірнеше түрлері: сиыр бұршағы, жер 
бұршағы /земляные бобы/ — өсірілді. Май алынатын өсімдіктерден 
— кунжут /сезам/, кокос пальмасы өсірілді. Кең тараған техникалық 
дақылдар: мақта /хлопчатник/, индиго /бұршақ тұқымдас/, қант 
тростнигі болды. Огородтық дақылдар да, əсіресе тамыржемістілер 
көптеп өсірілді.
Қолөнері қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құрады. Əр 
қауымда ерекше əлеуметтік жағдайдағы қолөнершілер топтары бол-
ды. Олардың қатарына темір ұсталары, гончарлар, тері өңдеушілер 
мен тоқымашыларды жатқызуға болады. Қауым қажетті қолөнер 
бұйымдарымен өзін-өзі қамтамасыз ететін.
Қолөнердің маңызды салалары металл өңдеу, ауылша-руашы-
лығы құрал-жабдықтарын жəне қару-жарақ жасау, тоқыма жəне 
гончарлық іс болды. Африкалықтар металл өңдеудің ерекше тəсілін 
пайдаланды. Темір мен мыстан гөрі алтын аз өндірілді. Қауымдық 
шаруалар барлық африкалық қоғамдардың негізгі өндіргіш күші 
болды. Африкада жер иесінен алынбайтын. Бағындырылған жердің 
адамдары сол өз иеліктерінде қала беретін де, тек салық төлеумен 
шектелетін.


96
97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет