С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет35/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Альгамбра. ХІІ ғ.
ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басындағы араб тарих-
шыларының ішінде əсіресе Табари деген ғалымның (923 жылы өлді) 
шоқтығы биік болды. Ол «Пайғамбарлар мен патшалар тарихын» 
жазып қалдырды. 
Көпестер мен түйекештер басқа елдерден қымбат тауарларға қоса, 
таңғажайып ертегілерді де əкеліп отырды. Олар халиф пен шонжар 
сарайларында, Бағдадтың базарларында, көшелері мен үйлерінде 
айтылды. Халық таңғажайып саясаттар мен керемет оқиғалар тура-
лы хикаяларды қызыға тыңдады. Осы ертегілерден кейінірек бүкіл 
əлемге əйгілі «Мың бір түн» жинағы құрастырылды. 
Араб ақындары өздерінің өлеңдерінде көшпенділердің тұрмыс 
салты мен батырлардың соғыстағы ерліктерін жырға қосты. Поэзия, 
əсіресе Иран мен Орта Азияда жемісті түрде дамыды. Мұндағы 
ақындар өз шығармаларын əдетте тəжік-парсы тілдерінде жазды.
Ең атақты ақындардың бірі — Əбу-л-Касим Фирдоуси (935—
1020) болды. Ол «Шахнама» («Патшалар кітабы») поэмасын жазып 
шығару үшін отыз жылдан астам уақыт жұмсады. Алпыс мыңнан 
астам өлеңнен тұратын бұл шығармада иран халқының өз елін жау-
лап алушыларға қарсы жүргізген күресі баяндалды. Аттары аңызға 
айналған батырлардың ерліктері мадақталды. Ақын «өзінің өмірлік 
нанын өз еңбегімен табушылар» туралы құрмет тұта жазды. Ол ел 
басшыларын өзара қырқысу соғыстарын тоқтатып, елді көркейтуге 
шақырды. 
Халифатта өнер түрлерінің ішінде, əсіресе сəулет өнері аса үлкен 
табыстарға жетті. Құрылысшылар тамаша сарайлар, мазарлар мен 
қамалдар салды.
Испан əміршілерінің Гранададағы Альгамбра сарайы (ХІІІ 
ғасырдың аяғы — ХІV ғасырдың ортасы) бүкіл дүние жүзіне та-
нылды. Араб сəулетшілері мұсылман храмдарын — мешіттер сал-
ды. Мешіттің төрт бұрышты үйінің төбесі көбінесе күмбезделіп 
шығарылды. Оның ішкі жағында көптеген колонналары галереямен 
қоршалған бассейні бар үлкен ауласы болды, зал соған тіркестіріле 
салынды. Мешіттің қасына дін ұстанушыларды намаз оқуға азан 
айтып шақыратын биік мұнара — минарет салынды. Ертеректегі 
сондай араб сəулет өнерінің бір ескерткіші — 688 жылы Омеядтер 
əулеті салдырған Иерусалимдегі Омар мешіті. Ол қазірге дейін 
сақталған.
Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, ал олардың 
қабырғалары мен едендері жалтыраған кірпіштермен, мозаика-
лармен бай түрде əшекеленді. Үйдің қабырғалары арабескалармен 


92
93
(өрмелі сызықтармен) безендірілді. Шілтер тəрізді оюлар мен алуан 
түсті суреттер тастың өзін салмағынан айырғандай əсер етеді. 
Мұсылман діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым 
салды. Осы себепті де Халифат елдерінде мүсін мен сурет өнері 
орта ғасырлардың алғашқы жүз жылдықтарында тіпті дамымады 
десе де болады. Кейінірек кітаптарға халық тұрмысынан алынған 
көріністер, халиф сарайындағы оқиғалар, аңдары мен құстарына 
дейін таңғажайып елдер бейнеленген миниатюраларды қосатын 
болды.
Қорыта айтқанда жоғары сатыда дамыған араб мəдениетінен 
еуропалықтар көптеген бағалы ғылыми білімдер алды. Араб 
математиктері мен астрономдарының еңбектерін орта ғасырлық 
Еуропа ғалымдары басшылыққа алды. Еуропалықтар арабтардан 
цифраларды ғана емес, сонымен бірге астрономияға байланысты 
білімдерді, оның ішінде көптеген жұлдыздардың да атауларын 
алды. Олар арабтардан карталар сызуды, компас пен глобусты пай-
далануды үйренді. Авиценнаның латын тіліне аударылған медицина 
жөніндегі шығармалары ХVІІ ғасырға дейін Еуропа дəрігерлерінің 
қолдан тастамайтын кітабы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет