V—IX ғасырлардағы Нубия. Қазіргі Судан республикасының
аумағында Ақ Ніл мен Көк Нілдің қосылған жерінде, ежелгі грек-
тер Нубия деп, ал египеттіктер Куш деп атаған ауданда ертеден-
ақ егіншілікпен айналысатын өркениет қалыптасты. Бұл жерде
V—VII ғасырларда бұрынғы Мероэ мемлекетінің орнында бірнеше
саяси бірлестіктер құрылды. Бұл ұсақ мемлекеттердің дамуы аймақ
халықтарының рухани жəне мəдени өміріндегі маңызды өзгерістерге
байланысты болды: V—VI ғасырларда мұнда политеизмнің /көп
құдайлық/ орнына христиан діні орнады.
Нубияның солтүстіктегі көршісі Египетті 618—628 жж.
Сасанидтер, кейінірек — Араб халифаты басып алды. Бастысы
Мукурра болған христиандық мемлекеттер араб отрядтарымен
күресте өз тəуелсіздіктерін сақтап қала алды. 642 жылғы шарт бой-
ынша бұл елдер Египетке шабуыл жасамауға, мұсылмандардың
сауда керуендеріне кедергі келтірмеуге, арабтарға адамдар мен ат
көліктерін беріп отыруға міндеттенді /адамдар дегені — əскери
тұтқындар мен қылмыскерлер болатын/. Мұндай міндетті орындау
үшін кейде ерікті қауым мүшелерін де зорлықпен арабтарға беріп
отыруға тура келді. Сонымен қатар, 642 жылғы шарт Мукурраға
солтүстіктен бидай, қарабидай, бұршақ, шарап, киім, кілем алып
тұруды қамтамасыз етті. Бұл азық-түлік, киім мен бұйымдар абыздар
мен чиновниктер, əскерилер арасында бөлінетін. Сөйтіп, олардың
байи түсуіне көмектесетін.
VII ғасырда Нубияның солтүстік облыстарына арабтар қоныстана
бастады. Барлық сыртқы жəне ішкі сауда шетелдік көпестердің, ең
алдымен араб көпестерінің қолына түсті. Нубия мемлекеттерінен ал-
тын, піл сүйегі, мүйізтұмсықтың мүйізі, жабайы аңдар мен олардың
терілері, құлдар, ағаштың құнды түрлері, емдік шөптер мен смола
шетке шығарылды. Ауыл шаруашылығы өнімдері де шығарылды:
мақта, астық, жылқы, түйе. Нубияға əкелінетін өнімдердің негізін
араб қолөнершілерінің бұйымдары құрайтын. Есеп ажырасу құралы
алтын мен мата болды.
IX ғасырдың басында Мукурра мен оның шығыстағы көршісі
Аксумның арасында соғыс басталды. Солтүстікте араб көпестері
мен өсімқорлар шаруашылыққа қолайлы жерлерге орналасып
алып, позицияларын нығайтты. 833 ж. халиф аль-Мутасим шарт
орындалмаған жылдар үшін тұтқын құлдар жіберуді талап етіп,
Мукуррадан Египетке баратын жолды жауып қойды. 836 ж. Мукурра
елшілігі Иракқа келіп, бұрынғы қарыздардың бəрін жою /кешіру/
жөнінде келісім жасады. Бірақ ол кешірім Мукурраның құлдырауын
тоқтата алмады. Мукурра арабтардың Нубиялықтар жеріне қоныс
аударуына қарсы тұра алмады.