С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет39/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Солтүстік-Шығыс Африка. Алғашқы мемлекеттер құрылған 
солтүстік-шығыс Африка халықтарының дамуына араб мəдениеті 
зор ықпал етті. Африка халықтарының оңтүстік Аравиямен алғашқы 
қатынасы біздің заманымызға дейінгі I мың жылдықта болған. 
Сол кезде Қызыл теңіздің Африка жағалауында оңтүстік Аравия 
көпестерінің некен-саяқ тірек мекендері пайда болды. Кейінірек 
оңтүстік Аравия мəдениетінің ықпалына шалынған өзіндік өркениет 
материктің терең ортасында да қалыптасты.
Біздің заманымыздың басында Африканың Қызыл теңіз 
жағалауындағы халықтарының өз бетімен дамуы басталды. II—III  
ғасырларда орталығы Аксумда /Эфиопияның солтүстігінде қазір 
де  сондай  қала  бар/  болған  саяси  бірлестік  қалыптасты.  Оның 
экономикалық жəне саяси маңызы бірте-бірте арта түсті: қоғамдық 
жəне экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар құрады. Əр 
қауымда ең алғашқы қоныстанған ру үстем болды. Бұл қауымдар 
тек туысқан адамдардан ғана құрылған жоқ. Қауымда жерге жəне 
еңбек өнімдеріне ұжымдық меншік сақталды. Қауым мүшелері 
біреуі үшін бəрі жауапты болатын.
Жерге мемлекеттік меншік те орнай бастады. Аксумның үкімет 
басшылары мен ақсүйектерінің де жеке меншік жерлері қалыптасты, 
шіркеу мен мешіттердің, монастырлардың жер иеліктері кеңейе 
берді. Бұл жерлердің бəрін қауымдық шаруалар өңдеді. Ерікті шару-
алар қауымдары үкіметке азық-түлік алым-салығын төлеп, қолөнері 
бұйымдарының  белгілі  мөлшерін  беруге  тиіс  болды.  Сондай-ақ 
олар құрылыс жұмыстарына қатысуға міндетті болды. Суландыру 
жүйесі мұнда Египеттегідей орасан зор болмағанымен, едəуір үлкен 
еді. XX ғасырға дейін байламалар мен каналдардың, шіркеулер мен 
сарай кешендерінің қалдықтары сақталған.
Аксумда құлдар да болды. Бірақ ол басты экономикалық 
күш болған жоқ. Аксум үкіметінің əскери жорықтарының ба-
сты мақсаты — тұтқындар алу болған жоқ. Батысындағы, шығы-
сындағы көршілерімен соғыста қолға түскен тұтқын құлдар Египет 
пен Византияға сатылатын. Елдің ішіндегі құлдар еңбегі шектеулі 
болды.  Құлдар  елдің  ішінде  үй  малайлары,  сарай  маңындағы 
қолөнершілері ретінде пайдаланылды. Қоғамның үстемдік етуші 
бөлігі табысты негізінен Аксумиттік қауымдарды қанаудан емес, 
бағындырылған, басып алынған жерлерді тонаудан, ол жерлерден 
алым-салық жинаудан табатын. Алым-салық жинау жазалау экспе-
дициясына ұқсайтын. Оны үкімет мүшесі басқарған əскери жасақ 
жинайтын. Бұл жасақ жүретін жолдың бойына салық жиналатын 
пункттер орналасатын. Жергілікті патшасымақтар мен наместник-
тер жиналған салықты сол пункттерге əкелетін. Аксум билеушілері 
алым-салық төлеуші тəуелді вассалдарының қатарын көбейтуге ты-
рысатын. 
Аксумның шаруашылығы натуралды болды, яғни əрбір қауым өз 
қажетін өзі өтеп отыратын. Сауда сырт елдерге бағытталды. Сыртқа 
шығарылатын тауарлар түрі сыртқы рынок сұранысына байланы-
сты болды. Ол көптеген ғасырлар бойы өзгеріссіз қала берді. Сыртқа 
пілдің сүйегі, мүйізтұмсықтың мүйізі, гипопотамның терісі, тірі 
аңдар, құлдар шығарылатын. Сырттан мата, киім, қант, иіс сулар, 
шыныдан, қасиетті металдан, темірден жасалған бұйымдар əкелінді. 
Үкіметтің кейбір тауарларға /алтын мен піл сүйегіне/ монополиясы, 
сауда салығын жинау билеуші топқа көп табыс түсіріп тұратын. 
Аксум өзінің құрылған күнінен бастап Египеттен Аравияға 
шыққан сауда кемелерін Қызыл теңіз қарақшыларынан қорғауды 
қолға алды. Бұл Аксум үшін экономикалық пайда келтіріп, аймақтың 
саяси өміріндегі оның беделін өсірді. III ғасырдың аяғында Аксум өз 
монетасын шығара бастады. Бұл монеталар алтын, күміс, мыстан 
жасалды. Бұл Аксумның экономикалық жағынан ғана емес, саяси 
ұйымдық жағынан да жоғары дəрежеде дамығандығын көрсетеді. 
Өйткені ол кезде алтын монетаны екі елдің бірі емес, ірі державалар 
ғана жасайтын.
Аксумның ерте орта ғасырлардағы əскери жəне саяси күші со-
нау Көк Нілге /Батысындағы/ дейінгі жердің көрші халықтарын 
бағындырып алып, оларға алым-салық төлеуге мүмкіндік берді. 
Аксумдықтар Аравияға да жорық жасап, Қызыл теңіздің екі жағына 
да өз бақылауларын орната алды. Бірнеше ғасырлар бойы Оңтүстік 
Аравиямен қатынас Аксум патшаларының сыртқы саясатының 
маңызды бағытының бірі болып қала берді. Тағы бір бағыты 
Нубиямен жəне Египеттің шекаралас облыстарымен қатынас болды. 
Аксумның маңызды одақтасы көп жылдар бойы Рим — Византия 
империясы болып қала берді. Аксум тек солтүстік пен шығыстағы 
жақын көршілерімен ғана емес, сондай-ақ алыстағы Индиямен де 
қатынас жасап тұрды.
Мемлекет өз дамуының ең жоғарғы сатысына IV ғасырдың 
бірінші жартысында, Эзананың патшалығы кезінде көтерілді. Əскери 
жорықтарындағы жолы болушылық, табыстары оның мынадай 
сөздерді тасқа қашатып жаздыруына себеп болды: «Менің ашық та, 
жасырын да /құпия/ дұшпаным жоқ. Менің бағыныштыларымның 


98
99
арасында да дұшпаным жоқ». Осы кезден бастап жоғары мəртебелі 
«негустэ негэст» — патшалар патшасы деп аталып кетті. 
Аксумның қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға — оның IV 
ғасырда христиан дінін қабылдауы болды. Бұған дейін аксу-
миттер политеистер еді. Христиан дінін қабылдаудың саяси жəне 
экономикалық астары болды. Бұл дін Аксумды солтүстіктегі көршісі 
Шығыс Рим империясымен жақындастырды. Жаңа дінге ену қысқа 
мерзімді шұғыл процесс болған жоқ, ол бірте-бірте жүзеге асырыл-
ды. Ең алғашқы христиан қауымы  Аксумның астанасында пайда 
болды. Ол христиан дініндегі Рим  азаматтарын /шетелдік көпестері 
көп болатын/ біріктірді. Сонан соң олардың қызметкерлері мен 
құлдары тартылды. Кейін — ерікті аксумиттер де кіре бастады. 
Қауым мүшелері — көпестердің арқасында христиандар кедейлер-
ге материалдық көмек көрсетіп, тегін тамақтанулар ұйымдастырып 
отырды. Мұндай шаралар христиан дініне жаңа адамдар тартуға 
мүмкіндік ашты. 
Христиан дінінің тарай бастауы, Аксум мен басқа қалаларда жаңа 
қауымдар мен храмдардың пайда болуы пұтқа табынушылықтың 
біржолата жеңіліп, жойылғандығы емес еді. Тіпті Эзананың өзі 
де христиан дінін қабылдамады. Бірақ қоғамның билеуші топта-
ры жаңа дінге қолдаушылық көрсетті. Христиан діні Аксумда 452 
жылғы Халкедон соборынан кейін үстемдік ете бастады деген жо-
рамал айтылады.
V—VI ғасырларда  Аксум қуатты, гүлденген мемлекет бо-
лып  қала  берді.  Кейінгі  Византия  —  Иран  бақталастығы  оның 
Оңтүстік Аравиядағы ықпалын əлсіретті. Аксум Қызыл теңіздің 
шығысындағы иеліктерінен айырылды, теңіз сауда жолын ба-
қылау мүмкіндігін жоғалтты. Сөйтіп, экономикалық пайдасынан 
айырылды. Сыртқы күрделі саяси жағдайға ішкі қиыншылықтар да 
қосылды, орталық өкіметтің əлсіреуі шет аймақтардың тəуелсіздігін 
күшейтті. VII ғасырға қарай Аксум өзінше жеке мемлекет болуын 
тоқтатты. Кейін, мемлекеттің орталығы оңтүстікке қарай ауысқан 
кезде бұл қала мəртебелі тақсырлардың салтанатты тəж киетін ор-
нына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет