С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет94/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162
Хаусандық мемлекеттер. Сонгай мемлекетінің Шығыс 
шекарасынан Чад көлінің Батыс жағалауына дейінгі ұланғайыр 
аумақта хауса тайпалары тұратын. Оларда таптық құрылыс 
қалыптасты. Қолөнері егіншіліктен бөлініп шықты. Сауда да-
мыды. Хаусандық қолөнері жоғары дəрежеде дамыды, əсіресе мата 
тоқу  ісіндегі  шеберлік  өте  жоғары  болды.  Хаусан  маталары  мен 
теріден тігілген киім-кешек т.б. бұйымдары бүкіл Батыс Африкаға 
тарап, Гвинея жағалауына дейін жетті. Хаусандық мемлекеттердің 
əлеуметтік құрылымында /структура/ құл иеленушілік кең орын 
алды. Құлдар еңбегі тек егіншілікте ғана емес, қолөнерінде де 
қолданылды. Сонымен қатар Хаусандық қоғамда рулық құрылыстың 
да қалдықтары сақталды. 
Хаусандық жылнамалар жеке мемлекеттердің құрылуын VІІІ―Х 
ғасырларға жатқызады. Хаусандар тарихында Даура, Кано, Зария, 
Гобир, Кацина, Кебби, Вангара мемлекеттері елеулі рөл атқарды. 
Хаусандық мемлекеттердің ішіндегі ең ірілерінің, экономикалық 
жағынан  жоғары  дəрежеде  дамығандарының  бірі  Кано  болды. 
Ол маңызды сауда жолдарының қиылысына орналасқан еді. Кано 
тек Солтүстік Африкадағы Тунис, Ливиямен ғана емес, сондай-ақ 
Оңтүстік Африка елдерімен де /Гана, Оңтүстік Нигерия/ қызу сауда 
байланысын  орнатты.  Əсіресе  Гонджа  мемлекетімен  /қазір  Гана 
аумағында/ кола жаңғағымен сауда кең орын алды.
Хаусан жылнамасы Кано мемлекетінің құрылуын ХІ 
ғасырға жатқызады. ХІV ғасырда Кано мен басқа да Хаусандық 
мемлекеттерде Ислам діні тарады. Ислам дінін негізінен үкімет 
басшылары мен қала тұрғындарының біраз бөлігі қабылдады. 
Ауылдық жерлерде анимистік сенім сақталып қала берді. ХІV 
ғасырдағы Кано патшалығы басқыншылық соғыстар жүргізді. 
Мысалы, Яджи /1349―1385/ патша коророфа тайпасына бірнеше 
жорықтар жасады. Канаджеджи тұсында /1390―1410/ Кано əскері 
біраз уақытқа Хаусандық мемлекеттің бірі ― Зарияны басып алды. 
ХV ғасырдың бірінші жартысында Кано Борну сұлтанына 
уақытша тəуелділікке түсіп қалды. Бірақ сол ғасырдың екінші 
жартысында Жақып патшалық құрған /1452―1463/ кезде, кейін 
Римфа патшаның /1463―1490/ тұсында Кано тəуелсіздігін қайтарып 
алды. Бұл кезде Каноның экономикалық қуаты арта түсті. Жаңа 
астана тұрғызылды. Зəулім сарайлар мен мешіттер салынды. Кано 
тас дуалмен қоршалды. 
Римфа патша Кацина мемлекетін басып алуға əрекет жасады. 
Бұл екі мемлекет арасындағы соғыс үзілістермен 70 жылға созылды. 
Бұл соғыстарды Сонгай патшалығы пайдалана қалды. Ол еш 
қиыншылықсыз Кацина мен Зарияны ғана емес, Каноның өзін де 
басып алды. Бұл үш мемлекет жарты ғасыр бойы Сонгайға алым-
салық төлеп тұруға мəжбүр болды.
Кацина Нил алқабынан Мали патшалығына баратын керуен 
жолының бойындағы маңызды сауда пункті болды. Мемлекеттің 
құрылуы ХІ ғасырға жатады. Кацинаның өте ыңғайлы да маңызды 
экономикалық жағдайы үшін Мали оған бақылау орнатуға тырысты. 
Бұл əрекет, əсіресе ХІV ғасырда күшейді. Осы кезде елге ислам діні 
ене бастады. ХV ғасырда Кацина Борнудың басқыншылық саясатына  
ұшырады.   Кацина патшасы Цага Рана /1431―1480/ Борну үстемдігін 
мойындап, жыл сайын 100 құл беріп отыруға міндеттенді. 
Кацина Каномен, Кеббимен, Джукунмен ұзақ соғыстар жүргізді. 
Саудадағы бақталасы Каноның əлсіреуі Кацинаның бүкіл Орталық 
Судандағы саудада үстемдік жағдайға ие болуына мүмкіндік берді. 


236
237
1469 жылы Кацина патшасы Рана Хасан Каномен соғыста жеңіске 
жетіп, Джукун /Коророф/ патшалығымен бейбіт бітім жасады. 
Халқы сонгай мен хаус метистерінен тұратын Кебби патшалығы 
Нигер өзенінің сол жағасында Замфара мен Денди аралығында 
орналасты. Кебби Сонгай патшалығына қарсы күресте қалыптасты. 
1515 жылы Канте деген көсем Сонгай аскиі /əскер басы/ Мұхаммед-
тің отрядтарын талқандады. Кеббидің күшті армиясы құрылды. Ол 
ХVІ ғасырда Борну сұлтанының армиясын жеңіп, ХІХ ғасырдағы 
/1805 ж./ фульбе басып алушылығына дейін өз тəуелсіздігін 
сақтады. 
Хаусандық қала-мемлекеттердің қауіпті қарсыластары Сонгай 
патшалығы мен Борну сұлтанаты болды. Бұл екі мемлекет 
жекелеген Хаусан патшасымақтарының арасындағы сауда жəне 
саяси бақталастықтарды шебер пайдаланып отырды. Əсіресе Кебби 
мен басқа Хаусандық мемлекеттер арасындағы бақталастық ұзақ та 
бітіспес болды. Бұл күресте Кебби Хауыстың басты жауы ― Сонгай 
патшалығы жағында болды. Тек ХVІ  ғасырда Сонгай патшалығы 
құлдырай бастағанда, Хаусандық мемлекеттер өз тəуелсіздіктерін 
толық қалпына келтірді. Бұл жеңіске хаусан тайпаларының біркелкі 
халық болып біріге бастауы да үлес қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет