234
235
сосолықтар 1250 жылы Текрур мемлекетіндегі билікті басып алып,
оны жүз жыл қолында ұстады.
1350 жылы Текрурде Ндьядьян Ндьяйе басқарған волофтар
көтерілісі болды. Волофтар тəуелсіз Джолофтар мемлекетін құрды.
Əлсіреген Текрурмен соғыстың нəтижесінде волофтар бүкіл Фута-
Торо облысын өз мемлекетіне қосып алды. Джолоф мемлекеті өзінің
Сенегалдағы үстемдігін ХVІ ғасырға дейін сақтады.
1520 жылы Фута-Торолық Фульбе Джолофтың билігіне қарсы
көтеріліс жасады. Олар тəуелсіздігін жеңіп алды. Үкімет басына
келісімен көтеріліс басшысы Коли Галадио Бамбук патшалығының
алтынға бай ауданын басып алуға тырысты. Бірақ жеңіліп қалды.
Сонан кейін ол серерлерді Джолофтарға қарсы көтеріліске шығарды.
Джолофтар жеңілді. Галадио əулеті футо Тороны 1776 жылға дейін
биледі.
Ортағасырлық Текрур, Джолоф, Футо-Торо ерте феодал-дық,
қауымдық қалдықтардан айырылмаған мемлекеттер болды.
Қоғамның негізгі ячейкасы үлкен патриархалды отбасы болды.
Мұндай отбасылары аумақтық қауымдарға бірікті. Ал қауымдар
натуралды шаруашылық жүргізді.
Бұл мемлекеттерде волофтар
мен серерлер тайпалары егіншілікпен, ал фульбе мен тукурерлер
тайпалары мал шаруашылығымен айналысып,
бір-бірімен азық-
түлік айырбасын жүргізіп отырды. Бұл мемлекеттердегі аумалы-
төкпелі жағдайдың басты себептері əр діндегі
отырықшылар мен
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар арасындағы
қайшылықтар болды.
Достарыңызбен бөлісу: