232
233
Дженнені басып алды. Али Бер 1492 жылы кезекті
бір соғыс кезінде
қаза тапты. Оның баласы Бакари-Дааның билігі ұзаққа созылмады.
Али Бердің əскер қолбасшысы, Сонинке тайпасының өкілі Мухаммед
Туре Бакари-Дааға қарсы шықты. Ол 1493 жылы Ангоо маңындағы
шайқаста Бакари ― Дааның əскерін жеңді. Сонгай астанасына кіріп,
өзін І-Мухаммед /1493―1528/ деген атпен патша деп жариялады.
Мухаммед күшті кəсіпқой армия құрды. Енді шаруалардың
жұмыстан қол үзуінің қажеті болмады. 1494 жылы Сонгай Диага
патшалығын қосып алды. Көп кешікпей Мухаммед Малидің ірі
провинциясы ― Багануды Сонгайға қосып алды. 1513 жылы
хаусандық Кацина мемлекеті жаулап алынды.
Келесі бір хаусандық
мемлекет ― Кеббимен бітім жасады. 1515 жылы Агадес қаласы мен
оның облысы басып алынды.
Жаулап алынған жерлердің халықтары Сонгай үстемдігіне
қарсы көтеріліс жасап отырды. 1517 жылы Баганада бұрынғы Мали
патшасының əкімі Кама Кейт басқарған көтеріліс болды. Ол өте
қатаңдықпен басып тасталды.
Сонгай державасының қоғамдық құрылысы құлдықтан
феодализмге өту кезеңінде болды. Ел басшылары өз иеліктерінде
200―300 құлдан 1000 құлға дейін ұстады.
Бірте-бірте бұл құлдар
басыбайлы шаруаларға айналып,
өз қожайындарына натуралды
рента төлеп тұрды. Құлдардың 3―4-ші ұрпақтары ерікті шаруаларға
айналып отырды. Бірақ өзінің қожасына белгілі бір мөлшерде тəуелді
болды.
Қала тұрғындары еріктілер болды. Сонгай мемлекетінің астанасы
― Гао қаласында шамамен 75 мың адам тұрды. «Тарих аль-феташ»
деген Сонгай жылнамасының мəліметі бойынша Томбуктуда
əрқайсысында 50 жұмысшысы бар 26 тері илеу, т.б. шеберханалары
болған. Тіпті 100-ге жуық жұмысшылары бар шеберханалары
жұмыс істеген.
Достарыңызбен бөлісу: