С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 22. Х―ХV ғасырлардағы тропикалық Африка



Pdf көрінісі
бет90/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

§ 22. Х―ХV ғасырлардағы тропикалық Африка
1. Батыс Африка мемлекеттеріндегі феодалдық қатынастар.
2. Х―ХV ғғ. Гана, Мали, Сонгай.
3. Хаусан мемлекеттері.
4. Эфиопия мен Судан.
5. Орта ғасырлардағы Шығыс Африка.
Орталық жəне Батыс Суданның халықтары ежелден егін-
шілікпен айналысты, сахараның Оңтүстік шекарасында көшіп-
қонып жүретін малшы берберлер тайпасымен айырбас жасап 
отырды. Батыс Суданның солтүстігінде, Сахель зонасында VІІ―VІІІ 
ғасырларда халықтардың саяси бірлестіктерінің орталықтарына 
айналған сауда пункттері ― Аукар, Мали, Томбукту, Уалата, Гас 
қалыптасты. Бұл қалалардың бəрі Батыс Судан аудандарын бір-
бірімен байланыстыратын керуен жолдарының маңызды буындары 
болды. Нигер, Сенегал, Гамбия, Гульбин, Сокото, Камадугу өзендері 
де маңызды көлік-сауда жолдары болды.
Айырбастың басты заттары ауыл шаруашылығы мен мал 
шаруашылығының өнімдері, тұз, алтын болды. Ал Батыс Суданның 
Оңтүстігі алтын мен кола жаңғағына бай болды. Батыс Судандағы 
айырбастың  құралы  кауридің  қабыршығы,  мыс  жəне  мата 
қиындылары болды.
Нигер өзенінің жоғарғы жəне орта ағысы бассейнінде Гана, 
Мали, Сонгай мемлекеттік /құрылымдар/ бірлестіктері қалыптасты. 
Сенегал бассейнінде волоф, серер, тукулер, фульбе халықтары мен 
тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері пайда бола бастады. Чад 
көлінің солтүстік жəне батыс жағалауында ортағасырлық Борну, 
Канем мемлекеттері жəне Хаустың қала мемлекеттері құрылды. 
Судан ― Африканың Солтүстік ендіктегі 8° дейінгі тарихи 
облысы. Ол Атлант мұхитынан Эфиопия тауларына дейінгі аралықты 
алып жатыр. Жалпы көлемі 5 млн. км
2
 /«Судан» ― арабтың ― «ас-
судан» ― «қара адам» деген сөзінен шыққан/.
Батыс Суданның Атлант мұхиты жағалауы мен Гвиней шығанағы 
ауданына түйісіп жатқан жерінде ерте орта ғасырларда Иоруба, 
Бенин, Дагомея, Ашанти мемлекеттері қалыптасты. 
Гана мемлекеті туралы алғашқы мəлімет VІІІ ғасырға жа-
тады. Оның этникалық негізін сонинке халқы құрды. Астанасы ― 
Кумби ― Сале қаласы болды. ІХ ғасырда Гана сауда керуендерін 
тонап, тыныштық бермейтін көршілері ― көшпелі берберлермен 
жиі соғысып отырды. Берберлердің лемтун тайпасының көсемі 
Тилутан Батыс Сахараның барлық берберлерін біріктірді. 919 жылы 
Лемтундар билігі құлаған соң басшылық зенега тайпасына көшті. 
990 жылы Гана зенегаларды жеңіп, олардың басты қаласы, маңызды 
сауда орталығы Аудагосты алды. 
Х ғасырдың басында Гананың саяси қуаты шырқау шегіне 
жетті. 1054 жылы Мароккандық Альморавидтер мемлекеті Ганадан 
Аудагост қаласын басып алды. Бірақ бұл Гананың Батыс Судандағы 
үстемдік жағдайына нұқсан келтірген жоқ. Гананың 200 мыңдық 
əскері болды, оның 40 мыңы садақшылар мен атты əскер еді. 
Гана барлық Батыс Суданның Магриб елдерімен саудасындағы 
үстемдігін сақтады. Оның аумағы арқылы сол кездегі барлық белгілі 
сауда жолдары өтетін. Бірде-бір бер-берлер мен араб көпестерінің 
керуендері Ганаға соқпай кете алмайтын. Саудаға түсетін бұйымдар 
азық-түліктер, негізінен мыс, каур раковинасы, тұз, мата, финик еді. 
Гана қазіргі Мавританияның Оңтүстік аудандарымен жүргізілетін 
саудаға да бақылау орнатты. Гана үкіметі өз аумағы арқылы өтетін 
барлық сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. Араб 
саяхатшылары мен көпестері Гана патшаларының байлығы туралы 
таңғажайып аңыздар таратты. 
Альморавид /қазіргі Мавритания, Батыс Сахара, Оңтүстік 
Морокко/ сұлтаны Абу ибн-Омар Батыс Суданның Солтүстік 
бөлігін басып алуға, сөйтіп онда Ислам дінін енгізуге тырысты. 1076 
жылы ол Гананың астанасын басып ала алды. Қала талан-таражға 
салынды. Көптеген тұрғындары тұтқынға əкетілді. Гана тункасы /
патшасы/ Менен өзін Альморавидке тəуелді деп мойындады, жыл 
сайын салық төлеп тұрды. Мароккондықтар алтын өндірілетін 
Бамбук ауданын басып алды. 
Мароккандықтардың Ганадағы үстемдігі қысқа болды. 1087 жылы 
Адрар ауданында көтеріліс басталды. Ол көтерілісті басу кезінде 
Абу-Бекр өлді. Мароккандықтар Ганадан əскерінің басым көпшілігін 
шығаруға  мəжбүр  болды.  Бірақ  шет  ел  басқыншылары  Гана 
державасына ауыр соққы болып тиді. Мароккандықтар қуылғаннан 
кейін Гананың аумағы Аукар жəне Бассикуну облыстарымен ғана 
шектелді. 
Батыс Суданда тəуелсіз мемлекеттер пайда болды. Солардың 
бірі Каньяга болды. Ол ХІІ ғасырда Гананың біраз жерін тартып 
алып, қуатты Сосо мемлекетін құрды. Бұл мемлекет, күшейіп келе 
жатқан Мали патшалығы сияқты, Ганаға қауіп төндіріп тұрды. Гана 
Суданның Солтүстік бөлігінің сауда байланыстарының орталығы 
болудан қалды. 1203 жылы Сосо патшалығы Гана аумағын толық 


230
231
жаулап алды. 1230 жылы Батыс Судандағы ең ірі мемлекетке 
айналып, барлық сауда керуен жолдарын өз бақылауына алды. 1224 
жылы сауда жолдарының қиылысында үлкен Уалата қаласы салына 
бастады. 
Сосо мемлекетінің қауіпті бақталасы Мали болды. Мали 
мемлекетінің қалыптасуы VІІІ ғасырға жатады. Малидің шека-
расы алғаш Шығыста Нигердің жоғарғы ағысымен, солтүстікте ― 
Белдугу, батысында ― Бакай өзенінің жоғарғы ағысымен шектелді. 
Мемлекеттің негізгі ядросы тароре, конате, кейта рулары 
орналасқан солтүстік аудан болды. ХІ ғасырда билік құрып тұрған 
əулет ислам дінін қабылдады. Бірақ халықтың басым көпшілігі 
бұрынғы діндерінде қала берді. Арабтар мен берберлердің мұсылман 
көпестері Малиге жиі қатынасып тұрды жəне үкімет тарапынан 
қолдаушылыққа ие болып отырды. 
Малидің экономикалық жəне саяси қуатының күшеюі ХІІ 
ғасырдың екінші жартысына жатады. Бұл кезде Малидегі өкімет 
билігі кейт руының қолына көшті. Бұл рудың көрнекті мемлекеттік 
қайраткері, қолбасшысы Сундиата 1230―1255 жылдары патшалық 
құрды. Оның кезінде қатаң тəртіпке бағынған күшті армия құрылды. 
Алғашқы басқыншылық жорық нəтижесінде Мали өзіне Санкаран 
мен Фута-Джаллон облыстарын қосып алды. Сонан соң Сундиата 
Шығысқа жорық жасады. Оның барысында Нигер мен Бауле 
өзендерінің аралығын жаулап алды. 
Сундиата Сосо патшалығымен оның Оңтүстігін басып алу 
үшін соғысты. Сундиата Белдугу мен Киринуды, Нигердің оң 
жағасындағы Кениенко ауданын жаулап алды. 1235 жылы Кирине 
маңындағы шайқаста Сосо əскері талқандалды. Сөйтіп, Сосо жерінің 
едəуір  бөлігі  Малиге  қосылды.  1240  жылға  қарай  Сундиатаның 
қол астына барлық Сосо жері көшті. Сундиата мемлекеттің жаңа 
астанасы ― Ниани қаласын салғызды. Ол Санкарани өзенінің оң 
жағасында салынды /қазіргі Ниора қаласының маңында/.
Мали Батыс Судандағы ең күшті мемлекетке айналды. ХІІ 
ғасырдың екінші жартысында Мали басқыншылық соғыстарын 
жалғастырып, аумағын онан сайын кеңейтті. Көптеген əскери 
қолбасшылар жаулап алынған жерлерде қалып, вассалдық 
патшасымақтарға айналды. Мали империясының құрамына Батыс 
Суданның ірі сауда жəне мəдени орталықтары ― Уалата мен 
Томбукту да кірді. 
Малидың басқа елдермен сыртқы байланысы кеңейді. Магриб /
Тунис ― Алжир ― Марокко/ пен Египет мемлекеттерімен жүйелі 
сауда айырбасы қалыптасты. Малидың сыртқы саяси байланысы 
да кеңейді. Марокко сұлтандарымен дипломатиялық қатынас 
орнатылды. 
ХІV ғасырдың екінші жартысындағы Мали тарихы мемлекеттік 
төңкерістерге, ішкі талас-тартыстарға толы болды. Бұл жағдайды 
оның көршілері пайдаланып қалуға тырысты. 
Малидің басты бақталастыры Сонгай мемлекеті мен Моси 
тайпасының мемлекеті ― Ятенга болды. Мали мемлекетіндегі 
қоғамның негізгі ячейкасы патриархалды отбасы болды. 
Оның құлдары мен ерікті қызметкерлері де отбасы мүшесі деп 
есептелді. Осындай бірнеше отбасы ауылдық қауым-дугаға бірікті. 
Патриархалды отбасының басшысы үстемдік етті. Онан соң кіші 
отбасыларының иелері келесі сатыда тұрды. Ерікті қолөнершілер 
мен диқандар қауымының қатардағы мүшелері саналды. 
Қоғамдық иерархияның ең төменгі сатысында құлдар тұрды. 
Құлдың  келесі  ұрпақтары  ерікті  қызметкерлер  қатарына  қосыла 
беретін. Қауымның қатардағы мүшелері, құлдар мен еркімен 
жүргендер аптасына 5 күн патриархалды отбасының иелігінде 
жұмыс істеуге тиіс болды. Қалған екі күнді өз үлестерінде істейтін. 
Ол үлесінен түскен өнім өзінде қалатын. Жер бөлу, сот биліктері 
патриархалды отбасының қолында болды. Қызметтері үшін 
əскербасылары, жауынгерлер ел басшыларынан алтын, жер алып 
отырды. Жері үшін қызмет атқаруға міндетті болды. 
Ортағасырлық Малидің шаруашылығы натуралды болды. Мали 
қауымдарында қолөнершілер тобы болғанымен, басқа қауымдармен 
тауар айырбасы қажет болмады. Жергілікті рыноктар болғанымен 
олар шағын аудандар көлемімен шектелді. Томбукту мен Дженне 
— Малидің маңызды сауда жəне қолөнері орталықтары болды. 
Қалаларда солтүстік африкалық көпестер мен мұсылман-діндарлар 
да тұрды. Олар жеке кварталдарда тұрып, өздерін-өздері басқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет