С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет99/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Суахили қала мемлекеттері. Африканың шығысындағы елдері, 
Солтүстік-Шығыс Африкадағы елдердегідей болмаса да, ежелден-
ақ  Таяу  Шығыстан  жəне  Жерорта  теңізі  регионындағы  елдермен 
байланыс орнатты. Қазіргі Сомалиді гректер Азания деп атады. Ал 
ортағасырларда арабтар оны Барбар деп, ал Кения мен Танзанияны 
зинджа елі деп атады. Танзанияның оңтүстігі мен Мозамбиктің 
солтүстігін Софала деп атады. Араб көпестері жергілікті халық-
тармен сауда-саттық жасап тұрды. 
Арабтар піл сүйегін, тасбақа қабыршығын, мүйіз тұмсықтың 
мүйізін, сирек кездесетін аңдар мен жануарларды матаға, темір-
терсек бұйымдарына айырбастап алып отырды. Африка тауарлары 
Қытай мен Индияға да жетіп жатқан. Шығыс Африкадан VІІІ―ХV 
ғасырлардағы Қытай монеталары, фарфор бұйымдарының 
сынықтары табылған. 1415 жылы Қытайда Малиндидің елшілігі 
болып қайтқан. 1418 жылы Могадишо, Джуба, Брава қалаларында 
атақты  теңізші-қолбасшы  Чжэн  Хэ  басқарған  Қытай  флотилясы 
болып қайтты. Қытай флоты Шығыс Африкаға 1421―1423, 1430 
жылдарда келіп қайтты. 
Шығыс Африкада, Үнді мұхиты жағалауында бушмендер мен 
готтентоттар тұрды. Оларды орталық Африкадан қоныс аударған 
банту халқы оңтүстікке қарай ығыстырды. Танзания аймағында 
хадзапи, сандаве халықтары тұрды. 
Аравиядағы ішкі қақтығыстар кезінде қашқан топтар VІІ 
ғасырлардан кейін Шығыс Африкаға орныға бастады. Олар ірі сауда 
орталықтары болған Могадишо, Ламу, Пате, Килва, Памба, Мафия, 
Момбаса, Малинди, Геди қалаларының негізін қалады.
Бұл  қалалар  арабтар мен  жергілікті  халықтардың салт-  
дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарының, діні мен тілінің, мəдениетінің 
араласуының нəтижесі, яғни ол қалаларды таза арабтық немесе 
таза африкалық деп бөлуге болмайды. Қоныс аударушы арабтар 
əдетте отбасы жоқ, басы бос ер адамдар болатын. Олар жергілікті 
халықтардың қыздарына үйленіп, бірте-бірте араласып кетті. 
Ресми тіл ― араб тілі болды. Ер адамдар арабтарша киінетін де, 
əйелдер африкандықтар дəстүрі  бойынша  киіне  берді. Негізгі 
дін  ―  ислам    діні  болды.  Бірақ,  көптеген  жергілікті  халықтар  өз 
діндерінде қала берді. Үкімет билігі мұра ретінде берілмейтін. 
Ндугу ережесі деген болды. Ол ереже бойынша ел басшысы 
өлсе, оның жақын туыстарының ішіндегі ең лайықтысы орнына 
тағайындалатын. Пате қаласында билік əйелдер қолына да көше 
беретін. Араб саяхатшылары: «Суахали қала-мемлекеттерінде патша 
əділеттіліктен тайса, ол өлтірілетін. Оның тұқымы патшалыққа 
жуытылмайтын»,― дейді. 
Ортағасырлық Шығыс африка қала-мемлекеттері «Суахи-
ли мемлекеттері» деп те аталды. «Суахили» деген сөз арабтың 
«сахаль» ― жаға, өзен, көл, теңіз деген ұғымын білдіреді. Суахили 
қала-мемлекеттері көбінесе аралдарға салынды. /Ламу, Пате/. Қала 
басшылары көршілерін де басып алып, өздеріне бағындыруға 
тырысқан  жоқ.  Олар  қаланы  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуге 
жеткілікті жерді қанағат тұтып, тұра берді. Х ғасырдан бастап 
Софалыдан / қазіргі Зимбабве / алтын, темір басқа елдерге сатылып 
отырды.
Бұл қала-мемлекеттер біртұтас мемлекеттік бірлестік құрған жоқ. 
Əр кезде бір қаланың мерейі үстем болып, басқаларын өз ықпалында 
алма-кезек ұстап отырды. Мысалы, ХІІ―ХІІІ ғасырларда басты 
қала Могадишо болып, сонан кейін бұл рөл Килвеге көшті. Килведе 
осы кезде патша сарайы, жұмалық мешіт салынды. ХV ғасырларда 
Килва үстемдігі құлады. Ең алдымен Занзибар тəуелсіздігін алды. 


242
243
Ə д е б и е т т е р:
1. История стран Азии и Африки в средние века. М., 1987. 
87107 бб.
2. Ольдерогге Д. А. Западный Судан в ХVХІХ вв. М., Л., 1960. 
3. Жюльен Ш. А. История Северной Африки. Пер. с франц. Т. 2. 
М., 1961.
4. История Востока. Т. 2: Восток в средние века. М.: Восточная 
литература РАН, 1995. 225233 бб. 
                                 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет