С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет101/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

XV

XVII ғғ. Қытай.
1. Мин империясының аумағы; 2. Ұлы Қытай қабырғасы; 3. Қолөнері мен 
мануфактуралық өндірістің маңызды орталықтары; 
4. 16281645 жж. шаруалар соғысы қамтыған аудандар; 
5. Моңғолдардың əскери жорықтары; 6. манчжурлардың 1644 ж. дейінгі 
жорықтары; 7. Жапон шапқыншылықтары; 8. Чжэн Хэ саяхаттары; 
9. Еуропалықтардың Қытайға бірінші рет келіп жетуі.


246
247
190  майда,  Шаньсиде  174  қала  болды.  Жеке  шаруалар  үйіндегі 
өнеркəсіппен, цехтық қолөнерімен жəне қазыналық өнеркəсіппен 
қатар орталық жəне оңтүстік-шығыс Қытайда мануфактуралық 
өндіріс пайда болды. Қытай шеберлері жіп иіретін үлкен де күрделі 
станоктар ойлап тапты, қорыту пештерін жетілдірді, зеңбіректер 
мен мылтықтар жасауды меңгерді. Сарай газетін шығарып тұрды. 
Үлкен де мықты кемелер жасады, олардың мачталарын өте шыдам-
ды затпен аптады.
Қалаларда үлкен сарайлар мен храмдар соғылды, тас 
көпірлер салынып, ұлы Қытай қабырғасын нығайту жүргізілді. 
Тоқымашы суретшілер сурет мата-кестерді ойлап тапты. Фар-
фор бұйымдарының сапасы жетілдірілді. Қытай шеберлері əдемі 
төсек-орындар жасауды меңгерді. Қант қайнататын, шəй өңдей-
тін, тəтті тағамдарын жасайтын шеберханалар ашылды. Тастан, 
ағаштан, сүйектен əшекей бұйымдар жасау онан əрі дамыды. Қала 
өнеркəсібінің дамуына мануфактуралардың ашылуы ықпал етті. 
Мануфактуралар негізінен ішкі рынокты қамтамасыз етті: біраз 
өнімін сыртқа да шығарып тұрды. Мануфактураларда таңдамалы 
шеберлер мен жұмысшылар істеді. Мануфактуралар ең қажетті тау-
арлар өндіріп, өндіріс тəсілдерін жетілдіре берді.
Еңбектің аумақтық бөлінуіне байланысты жеке қалалар, аудан-
дар мен облыстар тауардың белгілі бір түріне ғана мамандана ба-
стады. Мысалы: Ханьчжоу мен Сучжоу жібек маталар шығарып 
тұрса, солтүстіктегі қалалар жүн матасын тоқуға маманданды. 
Аньхуде тушь жасалды. Цзянси фарфор мен қағаз жасау орталығы 
болды. Шаньси – пышақ, ал Фуцзянь-лак шығару орталықтары бол-
ды. Жекеменшік мануфактураларға қарсы үлкен қазыналық ману-
фактуралар тұрды. Қазыналық мануфактуралар негізінен фарфор, 
қару-жарақ жəне жібек тоқу өндірісінде болды. Сауда да өз даму-
ында айтарлықтай табысқа жетті. Көпестердің кемелері мен түйе 
керуендері тауарларды ауыл-ауылға таратып сатты. Елдің түкпір-
түкпірінен шығарылған тауарларды қабылдайтын 33 ресми ірі 
жəрмеңкелік пункт болды. Пекин, Ханькоу, Ханьчжоу, Яньчжоу 
сияқты қалаларда қандай тауар іздесең де табатынсың. Нанкинде 
бүкіл бір флот сыйып кететін кемелер тұрағы /причал/ салынды.
Сыртқы сауданы Қытай Жоңғария, Қашқария, Сібір, Жапониямен 
жасады. Бұл саудаға кейде мемлекеттік қазына да ат салысып 
отырғанымен, негізінен көпестер өз қаражаттары арқылы жүргізді. 
XV ғасырдың басында Сучжоуда 62  кемеден тұратын флотилия 
дайындалды. Оған Қытай тауарлары, алтын тиеліп, 27800 жауынгер 
отырғызылды. Бұл флотилия Чжэн Хэның басшылығымен Үнді-
Қытай жағалауымен жүзіп отырып, Суматра мен Ява порттарына 
жетті.  Ол  флотилия  екі  жылдан  соң  көп  табыспен  жəне  тұтқынға 
түскен патша Палембангамен оралды.
1408 жылы Чжэн Хэ тағы да Цейлон жаққа аттанды. Цейлонның 
патшасы мен басқа да басшылары тұтқындалып, Қытайға тəуелділігін 
мойындап, 1457 жылға дейін салық төлеп тұрды. Чжэн Хэ оңтүстік 
теңізі елдеріне: Малаккаға, Бенгалияға, Персид шығанағы мен 
Оңтүстік Аравияға, Шығыс Африкаға жеті əскери жорық жасады. 
Жиырмаға жуық патшалық өзінің Қытайға тəуелділігін мойында-
ды. Олар өз порттары мен рыноктарын Қытай көпестері үшін ашты. 
Олардың қалаларында Қытай колониялары пайда бола бастады.
Ұшан-теңіз сауда байланыстарының, қолөнері мен ману-
фактуралық өндірістің, ақша қатынасының дамуы қалалардың 
көбейіп,  байи  түсуіне  əкелді.  Қолөнершілер  мен  шəкірттер,  ұсақ 
саудагерлер мен мануфактура жұмысшылары жалдамалы жұ-
мысшылардың ең алғашқы тобы болды. Осылардың арасынан 
болашақ пролетариат шықты. Əлеуметтік полюстің екінші жағын 
қала байлары құрады. Оның құрамына бай көпестер мен қатар 
өсімқорлар, мануфактура иелері, ірі шеберлер мен цех старшинала-
ры, ғұлама ұстаздар кірді. Бұл құрам болашақ буржуазияның негізін 
қалады.
Индияға баратын жол ашылғаннан кейін еуропалықтардың 
Шығыс елдерімен қатынасы тез өсті. 1511 жылы португалдықтар 
Малаккада /Сингапурдың Солтүстігі, Тайландтың оңтүстігі/ қоныс 
тепті. Португалдықтардың Индиядағы губернаторы Албукерки 
Қытай жағалауын зерттеп келуге Рафаэль Перестреллоны жіберді. 
1516 жылы Кантонға Фердинанд Перес Андрада басқарған 
Португалия кемелері келді. Елші Перес Пекинге барып орналасты. 
Еуропалықтар Қытайдың үнді мұхитындағы бай колонияларын ба-
сып алды. Малаккадан, тағы басқа оңтүстік теңізі жақтағы елден 
келіп тұратын байлықтар енді Лиссабонға қарай ағылды. Жақында 
ғана Қытайлықтар үстемдік жүргізген порттарда енді еуропалықтар 
кемелері орналасып алды. Еуропалық көпестер мен теңізшілер 
Қытай көпестерін қырып, жергілікті халықты тонай бастады.
Енді Қытай үкіметі еуропалықтардың Қытайға қоныс-тануына, 
сауда жасауына тыйым салды. 1521 жылы елші Перес Нанкиннен 
қуылды. Шет елдер кемелерінің Макаодан басқа Қытай портта-
рына кіруіне тыйым салынды. Алдымен португалдықтар, сонан 
соң испандықтар бұл бұйрыққа бағынғысы келмей, баса көктеп 


248
249
кіргенде шайқастар болып, онда қытайлықтар жеңіп отырды. 
1574 жылы испандықтар Филиппиныдан қуылды, голландықтардың 
Тайваньды басып алу əрекетінен түк шықпады. 1596 жылы 
ағылшын кемелерінің Қытай жағалауларына тоқтауына рұқсат 
берілмеді. Еуропалықтармен саудаға өте шектеулі мөлшерде ғана 
рұқсат берілді. Шетелдіктер Қытайдан жібек пен зергерлік əшекей 
бұйымдарын алып, өздері қару-жарақ, темекі əкеліп отырды.
Қытайға миссионер — иезуиттердің енуіне мүмкіндік болды. 
Матео Риччи деген иезуит өзінің сағат жасау шеберлігімен Мин 
сарайының назарына ілігіп, 1601 жылы Пекинге келіп орналасуға 
рұқсат алды. Риччиден кейін келген миссионерлер де өздерін астро-
ном, механик, артиллерист деп жариялап, Қытайда тұру құқығын 
алуға тырысты. Мин сарайын олар өздерінің оқ-дəрімен атылатын 
қару-жарақты жақсы білетіндігімен қызықтырды. Миссионерлер 
Қытайда отарлар басып алуға дайын-дықтың бастамасы болды.
ХVІ ғасырда Кытайдың Ресеймен қатынасы орнай бастады. 
Бурнаш Ялычев мырза мен атаман Иван Петров бастаған елшілікті 
IV Иван 1558 ж. Қытайға жіберген болатын. Олар Пекинге жеткен де-
ген мəлімет бар. Екінші елшілік 1567 ж. Батыс Қытайға жіберілді.
ХVІ ғасырда Қытай өз шекарасында қорғаныс шайқастарын 
жүргізді. 1529, 1550, 1563 жылдары моңғол феодалдары Қытайға 
бірнеше басқыншы шабуылдар жасады. 1550 жылы моңғолдар 
астанаға дейін жетіп, қытайлықтарды қырып, жойды, тұтқынға 
алып кетті. Тек өте көп халық жасақшыларының арқасында 
басқыншылар Қытайды жаулап ала алмады. 1549 жылы Чжецзян 
жағалауында Қытайға жапондықтар шабуыл жасады, ал 1555 жылы 
олардың кемелері Янцзы өзенінен өтіп, Нанкин, Тайпин жəне басқа 
қалаларға қауіп төндірді. 60- жылдардағы ауыр шайқастардан соң 
Жапон флоты мен əскері талқандалып, Қытай жағалаулары Жапон 
қарақшыларынан тазартылды.
1592  жылы  140  мындық  Жапон  əскері  Кореяға  басып  кіргенде 
Қытай өз вассалына көмекке көп əскер жіберді. Елді ұзаққа созылған 
Қытайдың вассалы болып есептелетін Манчжурлармен соғыс 
қатты күйзелтті. Манчжурлар негізінен мал шаруашылығымен, 
аңшылықпен айналысатын, егіншілік-пен, қолөнермен жəне сауда-
мен тиіп қашты айналысатын. 1609 жылдан Манчжур елінің бас-
шысы Нұрғазы Мин императорына салық төлеуден бас тартып, 1618 
жылы оған соғыс жариялады. Нұрғазының қолы Қытай əскеріне 
соққы бере отырып, оның бірнеше қамалдарын басып алды.
Нұрғазының мирасқоры Абықай /1626—1643/ Қытаймен соғысты 
жалғастырды. 1636 жылы ол  өзін  Хуанди  /император/  деп  жария-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет