244
245
арбады. Тек бос жатқан жерлерді ғана емес, əлсіз жеке меншік
иелерінің жерін де, мемлекеттің жерін де өз иеліктеріне айналдыра
бастады.
1456 жылы Миндік императорлардың өздері мемлекеттік жерді
өз поместьелеріне айналдыра бастады. XVI ғасырдың аяғына
қарай астаналық облыс маңында көлемі 1280 мың му болатын бес
поместье пайда болды. XVII ғасырдың басына қарай императорлар
поместьелерінің саны 300-ге жетті. 1489 жылғы есеп бойынша
императорлар əулетіне кірмейтін 332 феодалдық жер иеліктерінің
көлемі 3300 мың муға жетті. Помещиктерден алған жерлері үшін
шаруалар азық-түлікпен де, ақшамен де, өз еңбектерімен де есептесіп
отырды. Сонымен қатар шаруалар үкіметке жылына екі рет салық
төлеп тұрды. Ол салықты ақшамен, азық-түлікпен, өнеркəсіп
өнімімен де, мерзімді еңбекпен де өтеді. XVI ғасырдың аяғында
салықтар жүйеге келтірілді, енді міндетті еңбек салығы ақшалай
салықпен ауыстырылды. Мемлекеттік салықтың құрамы деревняға
тауар ақша қатынасының ене бастағанын, шаруалардың айырбасқа
араласа бастағанын көрсетеді.
Қазынаға төленетін ақшалай салық күміспен есептелетін.
Шаруалардың мұндай күміс теңгесі болмағандықтан мыс жəне
темір теңгемен есептесетін. Теңгенің бір түрін оның екінші түріне
есептегенде қазына қызметкері шаруаларды алдау арқылы көп
пайда табатын. Мемлекет меншігіндегі жерді иеленуші шаруа
феодал жеріндегі шаруадан салықты артық төледі. Көп жерлер
жеке адамдардың меншігіне көшкенде, бірақ ол жер əлі мемлекет
қарамағында деп есептелсе, шаруалар əрі помещикке, əрі үкіметке
салық төлеп тұрды.
Шаруа шаруашылығының кедейлігі оны табиғи апатқа қарсы
күресте дəрменсіз етті. Сондықтан егін шықпай қалушылық,
ашаршылық жиі болып тұрды. Адамдар өсімдіктердің тамырын,
ағаштардың қабығын жеген кездері болып тұратын дейді
тарихшылар. Бір шаруаның құлдырауы қалған көрші шаруаларға
да зиянын тигізетін. Мұндай қиыншылықтар XV―XVI ғасырларда
шаруалар көтерілістерін жиілетті. Бұл көтерілістер, бүліктер мен
қырқысулар ауылдық жерде феодалдық қатынастардың ыдырай
бастауының белгісі еді.
Қолөнерінің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы оның енді
қалалық жерде шоғырлануына əкелді. Үлкенді-кішілі қалалар Қы-
тайдың барлық провинцияларында жеткілікті болды. Мысалы, XVI
ғасырда Юньнанда 90 ірі, 130 майда қала болса, Цзянсиде 37 ірі,
Достарыңызбен бөлісу: