Мəдениет. Кейінгі орта ғасырлардағы Жапон мəдениеті
Хэнандық сарай ақсүйектері мен əскери-феодалдық дворяндар
мəдениеттерінің элементтерін біріктірді. Жапондықтардың сана-
сезімдерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға сондай-
ақ Қытай мəдениеті мен дзэн сектасы да ықпал етті. Адамдардың
əсемдікке, сəн-салтанатқа деген ынта-ықыласы арта түсті.
Жаңа талғам, көзқарас, əсіресе сəулет өнері мен бақтарды
безендіруде айқын көрініс тапты. Оған Киотода сақталған Нан-
дзэндзи, Дейтокудзи, Токуфукудзи монастырлары мен ХІV ғасыр-
дың аяғы — ХV ғасырдың ортасында салынған Асикага сегундары
Кинкакудзи мен Гинкакудзидің резиденцияларынан көз жеткізуге
болады. Бұл кезде икэбана деп аталған гүл шоғын құрастыру өнері
кеңінен дамып, жетіле түсті.
Кейінгі орта ғасырлардағы бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері
Сэссю (1420—1506), Кано Масанобу (1434—1530), Кано Мотонобу
(1476—1559) болды. Ғылым дамып, білім беру ісі де жетіле түсті.
1633 ж. Эдо қаласында өкімет қызметкерлерін даярлайтын Ака-
демия ашылды.
Театр өнері де жаңа табыстарға қол жеткізді. ХІV ғасырда
қалыптасқан Ноо театры ХV ғасырдан бастап сегундардың
қамқорлығына алынды. Тез қарқынмен дамып келе жатқан қала-
лардың қарапайым халқының мүддесін білдіретін Кабуки деген
тірі əртістің театры мен Нинге дзерури деген марионеткалар театры
мəдени өмірде үлкен рөл атқарды. ХVІІ ғасырдың басында ашылған
Кабуки театрының негізін храмдық биші, əнші Окуни қалады.
Алғаш Кабукидың труппасында тек əйелдер ойнады. 1629 ж. өкімет
əйелдердің ойнауына тыйым салды. Енді театр сахнасында тек жас
ұлдар мен жігіттердің ойнауына ғана рұқсат етілді. Бірақ 1652 ж.
өкімет бұл театрды да арсыздар деп таратып жіберді.
264
265
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. ІІІ. Восток на рубеже средневековья и нового времени. ХVІ—ХVІІІ вв.— М: Восточная литература РАН, 1999.— 363—374, 626—630 бб. 2. Кузнецов Ю. Д., Навлицкая Г. Б., Сырицын И. М. История Японий.— М: Высшая школа, 1988.— 89—140, 268—301 бб.