266
267
кейін жапон əскері астананы алды. Маусым айында жапондықтар
Когурёнің астанасы Пхеньянды алды. Ал солтүстік шығыста
Туманган өзеніне жетті. Елдің басым көпшілік жерін жапондықтар
басып алып, халықты аяусыз қырды. Жапондықтар
Киото қала-
сында өздері өлтірген 30 мың кəрістердің құлақтарын жерге көмді.
Кəріс халқы жапондықтарға қарсы партизандық күреске
шықты. Халық жасақшыларының əділеттілік армиясы — Ыйбён
құрылды. Кёнсандағы партизан отрядын конфуциандық оқымысты
Квак Чэ У басқарды. Ол халық арасында «Қызыл киімді қолбасшы»
деген атпен белгілі болды. Чолла провинциясында құрылған
отрядты Ко Гён Мён басқарды. Чхунчхон провинциясында Чо Хён
басқарған отрядта 700 адам болды.
Олар Кеңсан тауында саны 10 есе басым жапон əскерімен
ең соңғы жауынгері қаза тапқанға дейін шайқасты. Халық
жасақшыларының қимылына Ли Сун Син (1545—1598) басқарған
кəріс флотының ерлік шайқастары дем беріп отырды. Ли Сун Син
1545 жылы 5 мамырда Сеулдегі орташа бақуатты янбан отбасында
туған. 1576 жылы ол корольдың əскери училищесін өте жақсы
бағалармен тамамдап шықты. Сонан кейін əскери-теңіз қызметінің
барлық сатыларынан өтті. Кəріс-жапон соғысы қарсаңында ол
Чолла провинциясындағы флоттың қолбасшысы болатын.
1592 жылы жазда Ли Сун Син кемелері жапон кемелерін
талқандады. Тамызда Хонсандо
аралында Ли Сун Син жапон
кемелерінен қорқып қашқандай боп, ашық теңізге алдап шығарып,
жасырын тұрған кемелермен жапондықтарды талқандады. Кейін
Анголъихо портында тағы да жеңіске жетті. Осы екі шайқаста Ли
Сун Син жаудың 100-ге жуық кемесін, 9 мыңға жуық теңіз əскерінің
жауынгерлерін жойып жіберді.
1592 жылғы қазанда үкімет əскері мен Кенсандо провинция-
сының партизандары Кореяның ежелгі астанасы Кенчжуды азат
еттті. Осы қала үшін шайқас кезінде кəрістер Ли Чан Сон ойлап
тапқан жаңа қару-жарылғыш снарядтармен атылатын зеңбіректі
қолданды. Оның оғы 500-600 қадам қашықтықтағы нысанаға
жететін. 1592 жылғы қарашада 30 мыңдай жапон əскері Чинджу
қамалын басып алуға тырысты. Бірақ Ким Сим Ин басқарған төрт
мындық кəріс қорғанысшыларының ерлігі жапондықтардың бұл
ойын жүзеге асырмады.
1592 жылдың аяғына қарай Кореяға көмекке Қытайдың 50 мың-
дық əскері келіп жетті. 1593 жылғы ақпанда қытай-кəріс əскерлері
жапондықтардан Пхеньянды азат етті. Мамыр айында жау Сеул
қаласынан да қуылды. Жапон əскерлері Кореяның қиыр оңтүстік-
шығысында, Пусан мен Ульсан аймақтарын ғана ұстап қалды.
Олардың толық қуылуына қытай мен кəріс
билеуші топтарының,
əскерлерінің арасындағы алауыздықтар кедергі болды.
Хидэеси келісімге келуге шақырып, уақыт ұтуға тырысты. Бұл
уақытты ол соғысты қайта бастауға дайындалу үшін пайдаланды.
Кəрістер де қарап жатпады, олар да соғысқа дайындық жүргізді.
Сарай маңында соғыс барысы туралы айтыс-тартыстар болып,
Ли Сун Син оның құрбаны болды: ол басшылықтан тайдырылып,
қатардағы матросқа төмендетілді.
1597 жылы сəуірде жапондықтар соғысты қайта бастап, Корея
флотын жеңді. Сөйтіп, Жапония теңіз арқылы Кореяға үлкен əскер
жеткізді. Корея бұл жолы соғысқа бұрынғыдан гөрі жақсырақ
дайындалған болатын. Ескі халық жасақтары қалпына келтіріліп,
жана жасақтар құрылды. Тұрақты əскер де ширақ жəне шебер
қимылдады. Король Ли Сун Синді қайтадан флоттың қолбасшысы
етіп тағайындауға мəжбүр болды. Ол небəрі 10 кемемен 1597 жылғы
қазанда жапон флотына ойсырата соққы берді. Чикосан маңында
қазан айында жеңіліске ұшыраған жапон əскері оңтүстікке қарай
шегінді. Кореяға Қытайдан жаңадан құрылықтағы əскер, флот
көмекке келді. 1598 жылы қарашада Норянчжинде Ли Сун Син
басқарған Корея флоты жапон флотын толық талқандады. Осы
шайқаста Ли Сун Син қаза тапты. Осы шайқаспен соғыс аяқталды.
Жапондықтар Кореядан толық қуылды. ХVІІ ғасырдың басында
Корея мен Жапония арасында бітім шарты жасалды.
Жапон басқыншылығы кəріс халқына орасан зор шығын əкелді.
Алты жыл бойы ең құнарлы жəне халқы көп жерлер қызу шайқастар
алаңы болып, бүліншілікке ұшырады. Егістік жер көлемі үш есе
қысқарды. Елде ашаршылық орын алды.
Халық саны екі есе азай-
ды.
1608 жылы таққа солтүстіктік принц Кванхэ отырды. Ол өз
қарсыластарын қудалауға салды. 1623 жылы Батыстық партия
Кванхэны тақтан қуып, орнына король Инджоны /1623—1648/
отырғызды. Жаңа ел басшысы да халықтың тұрмыс жағдайын
жақсарта алмады. Осындай қиын-қыстау кезде елге манъчжурлар
қаупі төнді.
1618 жылы маньчжурлар каупі төнген кезде Қытай Кореядан
көмек сұраған болатын. Корея 13 мыңдық армия жіберді. Бірақ бұл
көмек қытайлықтардың жауға қарсы күресіне елеулі үлес қоса ал-
мады. Қытаймен соғыса тұрып, манъчжурлықтар Кореяны да басып
268
269
алуды, сөйтіп өз шекарасын қауіпсіздендіруді ойлады, Ко-
реяны Қытайдан бөліп тастағысы келді.
1627 жылдың басында 30 мындық маньчжур армиясы Кореяға
басып кірді. Ыйджу, Квансон, Анджу т.б. қалаларын басып алды.
Корея үкіметі Канхва аралына қашты. Сол жерден маньчжурлармен
келіссөз жүргізе бастады. Келісім бойынша Корея мен Маньчжур
мемлекеттерінің басшылары бірін-бірі туыс тұтуға міндеттенді.
Корея маньчжурлар мен Қытай арасындағы соғыста
бейтараптық
сақтауға тиіс болды. Манъчжурлар Кореядан əскерін əкетуге
міндеттенді.
Бұл келісім маньчжурлардың келесі шабуылына дайындық үшін
ғана қажет болып еді. 1636 жылы маньчжурлық Цин империясы-
ның құрылуын жариялау дəстүріне Корей үкіметі қатысудан бас
тартты. Сол үшін маньчжурлар Кореяға тағы да соғыс ашты.
1636 жылдың аяғында маньчжурлар Кореяға басып кіріп, аста-
наны алды, Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Намсан қамалын
қоршады. Король сонда қашып барып тығылған болатын. Сонан
кейін Канхва аралына шабуыл жасап, корольдің отбасын, өкімет
басшыларын тұтқынға алды. 1637 жылдың басында бітім жасалды.
Ол бойынша Корея маньчжурлар сюзеренитетін /үстемдігін/ мой-
ындады, маньчжурлардың Кытайға қарсы соғысын қолдауға, көп
алым-салық төлеп тұруға міндеттенді.
Жапон жəне манъчжур шапқыншылықтары Кореяны эконо-
микалық күйзеліске ұшыратты. Бұл күйзелістен шығу үшін оған
бірнеше он жылдықтар қажет болды. 1637 жылы король сыртқы
қатынастарды үзуге бағытталған жарлықтар шығарды. Ол бойын-
ша кəрістердің елден кетуіне, шет елдіктермен рұқсатсыз қарым-
қатынас жасауына тыйым салынды. Бұл жарлықты орындамаған
адам өлім жазасына дейін кесілетін болды. Мысалы, 1653 жылы
Чечжудо аралында апатқа ұшыраған «Коршун»
кемесінің иесі
голландық Гендрик Гамелъ мен оның жолдастары 13 жыл кəрістер
түрмесінде отырып шықты.
Шет елдермен байланыстың үзілуі ірі кемелер тұрғызу ісін
құлдыратты. Сыртқы сауда тек Кытаймен жəне Жапониямен алдын-
ала белгіленген кезде, рұқсат етілген көлемде ғана жүргізілді. Кəріс-
қытай саудасы шекаралық Фынхуанчэн қаласында /Амнокан өзені
жақта/, Хвэрен мен Кэнвон қалаларында жылына 4—5 рет өткізіліп
тұрды. Қытай көпестері Кореядан мал, ауыл шаруашылық құрал-
саймандарын, тұз, мата, қағаз, фарфор ыдыстарын сатып алып от-
ырды. Кореядан алтын мен күміс те көптеп əкетілді Кəрістер асыл
тастар, бас киімдер мен киімдер, дəрі-дəрмек пен жазу құралдарын
т.б. қытай қолөнері бұйымдарын сатып алатын.
1609 жылы Корея Жапониямен сауда қатынасын қайта қалпына
келтірді. Сауда Пусанда жылына алты рет өткізіліп отырды. Кəрістер
жапондықтарға женьшень, күріш, бұршақ, мата сатса, өздері жапо-
ниядан мыс, күкірт, фарфор, қалайы сатып алып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: