270
271
Салықтарды жинау, міндеткерлікті өтеуді бақылау арнаулы
адамдарға тапсырылатын. Бұл
қызметті олар сатып алатын да,
салықты тиісті мөлшерден тыс көбірек жинауға тырысатын. Жерге
мемлекеттік меншіктің жойылуы біртіндеп феодалдық рентаны ша-
руаларды қанаудың негізгі түріне айналдырды.
ХVІІ ғасырдан бастап Кореяда ақша жасау дамыды. Ол күміс
рудниктерін көбейтті. Күміс тиындар жасалды. 1619 жылы барлық
есеп-ажырасуды күміс ақшамен жүргізу туралы жарлық шықты.
1626 жылдан бастап металдан монета жасау қолға алынды. Көптеген
аудандардағы күріш салықтары мен жан басына салынатын
салықтарының едəуір бөлігі ақшамен алмастырыла бастады.
1643 жылы Кэсон мен көрші аудандарда үй, жер, отын, көкөніс
сатып алу ақша арқылы жүргізіле бастады. 1678 жылы үкімет
жаңа металл тиындар шығарды. Олар бұрынғы күміс ақшаларды
ығыстыра бастады, 1687 жылы күміс кеніштері
қаражат палатасының
қарамағына берілді. Күміс өндіру елдің 68 уездерінде қолға алын-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: