304
305
ғасырдың екінші жартысында Иранның сыртқы саудасы қысқарды.
Ішкі қайшылықтар шиеленісті. Сарай маңындағы билеуші топтар
арасында өзара талас-тартыстар басталып, қыза түсті.
1615 ж. Грузияда патша Теймураз бастаған көтеріліс бастал-
ды. Көтеріліс күшпен басылып, 100 мың грузин Иранға көшірілді.
1623 ж. Картлиде Саакадзе басқарған көтеріліс болды. 1624 жылғы
маусымда Марабад деревнясынның маңында болған шайқаста
көтерілісшілер талқандалды.
Осындай көтерілістер Сефевилер мемлекетін əлсіретті. 1624—
1625 жж. Карабахтағы армян жəне əзербайжан шаруаларының
көтерілісі болды. Оны Мехлу-баба /немесе Мехлу-вардапед/
басқарған. Өз сөзінде ол дін басыларының байлыққа бой ұрғанды-
ғын сынады, халықты арам, əрі бұзылған монахтарға ештеңе бер-
меуге шақырды. Ол адамдардың бəрі тең болған кезді дəріптеді.
Мехлу-баба Армениядан қуылып жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: