326
327
жарияланды. Оған қарсы Хаму деген үндіс қолбасшысы көтеріліске
шықты. 1556 жылғы Панипаттағы шайқаста үндістер жеңілді.
Онан кейінгі 20 жыл ішінде көптеген басқыншылық соғыстардың
нəтижесінде Шығыс Ауғанстан, Пенджаб пен Дели-Агра өңірін
қамтыған кішкентай Солтүстік Индия мемлекетінен Моғолдар дер-
жавасы ұланғайыр империяға айналды. Ол солтүстігінде Гималай
тауларынан, оңтүстігінде Годавари өзеніне дейін, шығысында —
Бенгал шығанағынан, батысында Гуджарат
жағалауларына дейінгі
жерлерді алып жатты. Бұл шапқыншылықтардың табысты болуы
тек моғолдардың күш жағынан басымдығына ғана байланысты
емес еді. Моғолдар ішкі саясатында падишах билігінің əлеуметтік
тірегін, жаңа құрылған феодалдық мемлекетті нығайтуға бағыт
ұстаған болатын.
Акбар таққа отырғанда оның тірегі Индияға Бабырмен жəне
Хумаюнмен келген орта азиялық, ауғандық жəне персиялық
феодалдардың шағын ғана тобы болды. Осы топтың шексіз билікке
деген ұмтылысын шектеп қана шах үкіметі Индияға атам заман-
нан бері келіп қоныстанған, жергілікті үндістерден дінінен басқа
ешбір айырмашылығы қалмаған мұсылмандарды өз жағына тар-
та алды. Индияның түкпір-түкпірін жаулап алған кезде Акбар
жергілікті феодалдарға зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ. Қарсылық
көрсетпеген феодалдарға сыйлық пен билік беріп отырды.
Акбар таққа отырған алғашқы жылдары эмир лауазымы бар 200
ірі феодалдардың 70 проценті Индияға Бабырмен, онан кейін кел-
ген орта азиялық, ауғандық феодалдар болды. 1532 жылғы мəлімет
бойынша эмирлердің 40 проценті моғолдар жаулап алушылығы
кезінде келгендер еді, ал келесі 40 проценті жергілікті, үнділік
мұсылмандар болды. Ал үндіс феодалдар эмирлердің 20 процентін
құрады. Сөйтіп, шах билігі жергілікті индус жəне мұсылман
феодалдардың қолдаушылығына сүйенді.
Үндіс ақсүйектерімен жақындасу
саясаты өмір талабынан туып
еді. Раджпутандағы соғыс кезінде моғолдар Бабырдың жауы Удай
Синхтың қатты қарсылығына тап болды. Бұл елді жаулап алуды
жеңілдету үшін Акбар Раджпутан князьдарының бірнеше қыздарын
өз гареміне алды, сөйтіп туыстасты. Акбар жаңа қайын жұртына
көп жақсылықтар жасап, өз жағына тартып алды. Раджпутан
əскерлері Акбар қарулы күшінің 1/3-ін құрады. Индуизм дініне ерік
беру, үндістерді шенді қызметтерге тағайындау Акбардың үндістер
арасындағы беделін көтерді.
Моғолдар державасының құрамына кірген жерлерде феодалдық
қырқысулар тоқтап, ішкі кеден салықтары жеңілдеді. Сөйтіп,
егіншілік пен сауда-саттық үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
Сауда əсіресе 1572—1573 жж. Таяу жəне қиыр шығыстың көптеген
елдерімен теңіз саудасын қызу жүргізетін бай Гуджаратты портта-
рымен қоса жаулап алған соң айтарлықтай жандана түсті. Құрғақта
үстемдік құра тұрып, моғолдар теңізде дəрменсіздік көрсетті, сөйтіп
олар Үнді мүхитының суларында португалдықтардың қожайындық
етуімен келісуге мəжбүр болды. Португалдықтарды Гуджараттың,
бүкіл Малабар жағалауының ірі порты Суратқа кіре берістегі
ұялары Диу мен Даманнан қуып шығу əрекеті моғолдар үшін сəтсіз
аяқталды.
Индияның едəуір бөлігінің Моғолдар державасының құрамын-
да саяси бірігуі, мемлекеттік басқару
ісінің орталықтандырылуы,
салық рентаны жинауды реттеу жөніндегі шаралар елдің эконо-
микасының дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.
Ортағасырлық Индияда қолөнерінің егіншіліктен бөлінуі Еуропа
мен Азияның көптеген феодалдық елдеріндегіге қарағанда өте баяу
қарқынмен жүрді.
ХVІ ғасырда Индияда халқының саны көп қалалар қатары онан
əрі өсе түсті. Бұрынғы байлардың бекініс мекені (замок) типтес
қалалармен қатар жаңа қалалар — сауда-қолөнер орталықтары
қалыптасып, көбейе түсті. Бұл қалалар бұйымдарын рынок тала-
бын қанағаттандыру үшін шығарып отырды.
Рынок сұранысының
өсуі Моғолдар державасындағы қала мен деревня арасындағы еңбек
бөлінісінің жоғары дəрежеге жеткендігінің белгісі болды.
Индияның əртүрлі облыстарының арасындағы экономикалық
байланыстардың дамығандығын Бенгалияны Индия континентінің
солтүстік-батыс бөлігімен қосушы негізгі артерия-Ганг өзенімен та-
уарлар тасымалының өсуі дəлелдейді. Өзенмен Бенгалдан жоғары,
солтүстікке қарай күріш, бидай, қант, мата, бояу тасылса, төмен
Бихарға қарай Раджпутанда өндірілген тұз, əлемге əйгілі биязы
жүннен тоқылған кашмир орамалдары, ауған жəне Орта азиялық
жылқылар, лахор мен Делидің зергер шеберлері жасаған қару-
жарақтар əкелінетін.
Индиямен көршілес Гуджарат Махараштрға, Мальваға, Раджпу-
танға қолөнер бұйымдарын апарып, олардан өзіне бидай, күріш, т.б.
азық-түлік өнімдерін əкеліп тұрды.
Абуфазыл өзінің «Аин-и-Акбари» деген еңбегінде 1577 жылы 1
манн (400 грамм) бидай Аграда — 50 дамм, Аллахабадта — 62 дамм,
328
329
Аудта — 44 дамм, Делиде — 56 дамм, Мальвада — 75 дамм тұратын
дейді. Соған қарағанда ХVІ—ХVІІ ғасырларда
Индияда біртұтас
рынок қалыптасты деп айту қиын.
ХVI ғасырдың ортасындағы Моғол державасының жағдайы
егіншілік пен қолөнеріндегі ұсақ тауарлы өндірістің өсуімен,
қалалардың сауда-қолөнері орталықтары ретінде нығаюымен,
облыстық рыноктардың қалыптасуымен, елдің түрлі аудандары
арасындағы экономикалық байланыстың нығаюымен сипатталады.
Үнді деревнясына ақша-тауар қатынастарының енуіне бай-
ланысты ауылдық қауым тез ыдырай бастады. Шаруалар мен
қолөнершілерді сауда өсімқор капиталдың шырмап алу процесі
күшейді. Индиядағы ХVІ ғасырдағы маңызды экономикалық
құбылыстар осындай еді.
Əрине, Индиядағы əртүрлі халықтардың дамып, жетілуінде ала-
құлалықтарға, олардың əлеуметтік-экономикалық құрылысындағы
елеулі ерекшеліктерге, тарихи дəстүрлеріне байланысты жоғарыда
аталған процестер елдің барлық аудандарында бірдей орын алған
жоқ. Идеология саласында орын алған процестер Индиядағы фео-
далдық құрылыстың өзінде болып жатқан өзгерістерді бейнеледі.
Индиядағы ХVІ ғасырдағы өзгерістер ұлы ақын Тұлси Дастың
атақты «Рамаяна» деген поэмасында көрініс тапты. Поэманың
сюжеті оқырманды ежелгі замандарға апармақ
болғанымен ақын
өзі өмір сүрген ХVІ ғасырдағы үнді қоғамын суреттейді. Поэмада
ең алдымен ақша билігінің өсуі, брахмандардың шық бермес
шығайбайлығы, қытымырлығы мен дүниеқоңыздығы суреттелді.
Ақшасы көп адам шыққан тегі мен мəдениеттілігіне қарамастан-
ақ құрметке ие болып, маңғазданды, ал ақшасы аз тектілер сый-
құрметтен айрылды. Поэмада касталар арасындағы шек жойылып,
құрып бара жатыр, халықтың адамгершілік қасиеті азғындап кетті
деген сарын бар.
Индиядағы ХVІ ғасырдағы ең басты антифеодалдық қоз-
ғалыстар сикхизм, махдистер, рошаниттер болды. Сикхизм —
шəкірт деген сөзден шыққан. Ол қозғалыс ХV ғасырдың аяғы — ХVІ
ғасырдың басында қалыптасты. Индуизмнің сектанттық бағыты. Ол
ортағасырлық Индия қаласының бақуатты сауда-қолөнершілері мен
өсімқорларының феодалдарға қарсы наразылығын білдірді.
Алғашқы сикхтер Индияның солтүстік-батысындағы сауда-
өсімкорлықпен айналысатын кшатри кастасынан шықты. Сектаның
негізін қалаушы, сикхтердің бірінші ұстазы (гуру) Нанак (1469-
1538) сол кшатри кастасынан шыққан. Ол көпестің баласы болған,
Лахордағы Дəулетхан деген байдың нан қоймасының меңгерушісі
болып істеген. Бақуатты қала тұрғындары
байлықтарын жасырып,
алма-жұлма киім киіп жүруге мəжбүр болғандықтан осы қозғалысқа
қатысты.
Сектанттар феодалдық тəртіптер мен касталық-сословие-
лік бөлінушілікті айыптай отырып, брахмандар мен мұсылман-
дар дін басыларының арамдық-парақорлығын, бұзылғандығын
əшкереледі. Индуизмнің сəн-салтанаттық дəстүрлеріне секта-
нттар қарапайымдылық пен үнемшілдікті қарсы қойды. Олар
дінбасыларының беделін мойындамады, қажылыққа баруды да
жоққа шығарды. Олар сонымен қатар ортағасырлық аскетизмді
де, дүние қызығынан, үйленуден бас тартушылықты да сынады.
Сектанттар бұл дүниеде өз байлығын көбейтіп, оны бекер ысырап
етпей, үнемшіл болуға, өмірде адамға қажетті қызықтардан құр
қалмауға шақырды. Олар «арзан» шіркеу, дін үшін күресті.
Ортодокстық индуизм адамның о дүниеде тозақтан құтылуының
жолы — қасиетті заңдарды жақсы біліп, оларды мұқият орындап
отыруында десе, сикхтер барлық адамдарды
құдай алдында тең
деп, тозақтан құтылу да бəріне бірдей деп жариялады. Алғашқы
сикхтер шыдамдылыққа, үкіметке, қоғамдық тəртіпке қарсы күш
көрсетпеуге шақырды. Ол феодалдар үшін онша қауіпті болмады.
Ал падишах Акбар олардың гуруына Пенджабтан жер сыйлыққа
берді. Ол жерде сектанттар Амритсар деген өз қаласын тұрғызып,
оны «Алтын храммен» безендірді.
Сектанттардың феодалдық тəртіпті сынауы олардың бейбіт
пиғылына қарамастан, сикх гуруының моғолдармен достығын
үзгісі келмесе де, кедей-кепшіктің, еңбекші халықтың арасындағы
ықпалдары өсе түсті. Шаруалар мен қолөнершілерді секта қатарына
еріксіз тартып, сикхтардың қызметі мен идеологиясына көп
өзгерістер енгізуіне итермеледі.
XVI ғасырдың бірінші жартысында Солтүстік Индияның
қарапайым мұсылман халықтарының арасында антифеодалдық,
сектанттық махдистер қозғалысы кеңінен тарады. Махди — құт-
қарушы, жерде əділеттілік патшалығын орнатушы. Махдистердің
негізгі орталықтары Агра маңындағы Биан ауданы болды. Мах-
дистер басшысы шейх Абдулла Ниази өз насихатын қарапайым
халыққа, қолөнершілерге, су, отын тасушыларға арнады. Сектанттар
саны 3 мың адамға жетті. Олар жергілікті үкімет билігін күшпен ба-
сып алып, феодалдарға өз нұсқауларын берді (барлық мал-мүлікті
ортақ ету жөнінде).