Мəдениет. Ислам дінінің абыздары Африка елдеріндегі
мəдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Солардың бірі аш-Шарани
(1565 ж. өлген) болды. Оның басты еңбегі «Шашыранды маржан-
дар кітабы» болып табылады. Бұл еңбегінде аш-Шарани жаман
мінез-құлықтарды келемеждеп, жақсы мінез-құлықты уағыздады,
байлардың дүниеқоңыздығын сынап, кедейлерді қорғады.
Тарихнама саласында ибн-Халдун (1332—1406) зор еңбек сіңірді.
Өзінің «Кіріспе» деген еңбегінде тарихи процестердің теориясы-
на талдау, мұсылмандық тарихына шолу жасады. Мароккандық
Маккари (1590—1632) «Андалусияның Коңыржай желі» деген
еңбегінде арабтардың Пиреней жарты аралындағы үстемдігінің
тарихын баяндайды. Тарихшы Мұхаммед ибн Ияс (1524 ж. өлген)
«Ғасырлар оқиғаларына байланысты түстер ерекшелігі» («Бадан
аз-зухур фи вакаи аз-духур») деген еңбегінде осман түріктерінің
Египетті басып алып, алғашқы 6—7 жылдық билік жүргізуін ба-
яндайды. Египетті түріктердің жаулап алу тарихын («Фатх Мыср»)
ибн Зунбул ар-Раммал да (1553 ж. өлген) жазды.
ХVІ ғасырда араб елдерінде кітап басу ісі қолға алына баста-
ды. Ең алғашқы баспахананы 1519 ж. Алеппо қаласында еврейлер
ашты. 1605 ж. еврейлер баспаханасы Дамаскіде де ашылды. 1610 ж.
Казхайяда (Ливан) Римнен əкелінген баспа станогінде сирия тілінде
дұғалар басылып шықты.
Бұл кездегі сəулет өнерінің ескерткіштерінің қатарына Дамаскі-
дегі Теккис, Дервишие, Синание мешіттерін жатқызуға болады.
Олар фаянспен өте əсем безендірлген. Сондай-ақ Фахр-ад-диннің
тұсында зəулім құрылыстар Бейрутте де салынды.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока Т. ІІІ. Восток на рубеже средневековья и нового времени ХVІ—ХVІІІ вв.— М.: Восточная литература РАН, 1999.— 67—98 бб. 2. Видясова М. Ф. Социальные структуры доколониального Магриба: Генезис и типология.— М.: 1987. 3. Иванов Н. А. Османское завоевание арабских стран (1516— 1574).— М.: Наука, 1984.