С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 10. III—VIII ғасырлардағы Африка елдері



Pdf көрінісі
бет37/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

§ 10. III—VIII ғасырлардағы Африка елдері
1. Орта ғасырлардың басындағы Африкалық қоғамдар.
2. Ерте ортағасырлардағы Солтүстік-Шығыс Африка. Аксум.
3. V—IX ғасырлардағы Нубия
4. Аксум мен Нубия мəдениеті
Африка елдері туралы араб жаулап алушылықтарынан бұрынғы 
жазба деректер бізге жеткен жоқ. Сол себепті де біз олар туралы 
жергілікті араб авторларының, сондай-ақ қытай саяхатшыларының 
шығармалары арқылы пайымдай аламыз.
Сондай шығармалардың бірі — «Го Ди Чжи» деген 642 ж. 
жазылған қытай оқымыстыларының шығармасы. Ол «барлық 
жердің сипаттамасы» дегенді білдіреді. Бұл шығарма Мəскеуден 
1978 ж. шыққан «Китайские источники ранее XI века» деген жинақта 
келтірілген.
Келесі бір Африка халықтарының ерте орта ғасырлардағы өмірі 
туралы құнды дерек — ал-Иакубидің (897 ж. өлген) «Тарих» деген 
шығармасы. Армениядан шыққан араб географы, тарихшысы араб 
халифтеріне қызмет еткен. Өз шығармасында ол көптеген халықтар 
туралы, оның ішінде африка халықтары туралы құнды мəліметтер 
келтірген. Оның еңбегі Мəскеу мен Ленинградтан 1960 ж. шыққан 
«Арабские источники VII—X вв.» деген кітапта жарияланған.


94
95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет