С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет72/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Иранды Монғолдардың жаулап алуы. Монғол əскерлері Иранға 
1220 жылы басып кірді. Жебе мен Сүбедей басқарған монғолдықтар 
қолы Хорасан, Мазендаран мен Гилян арқылы өтіп, Рейді алды. 
1231 жылы монғолдар Тебризді, 1237 жылы Исфаханды басып 
алды. Иран 1253—1256 жылдары Шыңғысхан немересі Хулагу 
хан басшылығымен толық бағындырылды.  1256 жылы монғолдар 
исмаилиттер мемлекетін талқандап, Аламутты; ал  1258 жылы 
Аббасилер халифатын талқандап, Бағдадты басып алды. Иранның 
көп бөлігін, Армения мен Əзербайжанды, Ирак пен Түркістанды, 
Грузияны қамтыған ұланғайыр Хулагид мемлекеті құрылды. 
Монғолдардың ұлы ханы Құбылайдан Хулагу “илъхан” деген атақ 
алды. Сол себепті бұл мемлекеттер “Ильхандар” мемлекеті деп 
те аталды. Оның астанасы Тебриз қаласы болды. ХVІ ғасырдың 
басында астана Сұлтание қаласына көшірілді.
Монғол жаулап алушылығынан кейін Иранның көп жері 
жайылымдарға айналып, егіншіліктен гөрі мал шаруашылығы 
басым бола бастады. Монғолдар Иранда өздерінің “Ұлы ясы” 
заңдарын таратты. Ол бойынша Иранда қайтадан құлдар еңбегі  
едəуір орын алды. Мұның бəрі қолөнерінің құлдырауына себеп 
болды. Монғол шапқыншылығына аз ұшыраған батыс жəне оңтүстік 
Иран  қалаларында  ерікті  қолөнершілер  еңбегі  өз  мəн-маңызын 
жоғалтқан жоқ. Дегенмен ол қалаларда да қол өнерінің дағдарысы 
орын алды. Ерікті қолөнершілерді қанаудан түсетін табыс Ильхандар 
қазынасының едəуір бөлігін құрады.
Шығыс Иранның монғол шапқыншылығынан көп зардап шегуі 
батыс пен оңтүстіктегі қалалардың рөлін күшейтті. Исфахан, Иезд, 


186
187
Шираз қалаларының маңызы артты. Хулагулік Иранның сыртқы 
саудасында, əсіресе парсы шығанағындағы Хормуз портының 
маңызы артты. Бұл порт арқылы Индияға Иран жылқы апарып 
сатты. Ал Индиядан индиго, лак, мата əкелетін.
Хулагулер билігі кезінде Тавриз қаласы дамып гүлдене түсті. 
Ильхандардың алғашқы астанасы болған бұл қаланың колөнершілері 
жасаған бұйымдар, тоқыған маталар кеңінен белгілі  болды. Қала 
сауда керуені жолындағы маңызды қойма пунктінің рөлін атқарды. 
Кейінірек мұндай маңызды рөлге Хулагулердің екінші астанасы 
— Сұлтание ие болды. Оның негізін Арғын хан (1284—1291 жж.) 
қалаған болатын. Қала негізінен  1305 жылы салынды.
Иранда монғол билігінің орнауы елдің жер қатынасына өзгерістер 
енгізді. Жерге феодалдық жеке меншіктікке қатты соққы берілді. 
Хулагидтер тарихшысы Васаф ұлы Сеидтер сияқты қадірлі де 
бақуатты əулеттердің жер иеліктері мемлекет меншігіне көшті деп 
көрсетеді. Арғын ханның уəкілдері жүздеген жылдар бойы əкеден 
балаға мұра ретінде қалып келе жатқан жеке меншіктегі жерлерді 
сот арқылы тартып алды. Орта жəне ұсақ жер иелері өз меншіктерін 
арзанға сатып жіберіп, күйзеліске ұшырады.
Гейхат хан (1291—1295 жж.) тұсында монғол əскер басылары жер 
иеліктерін алып, баий бастады. Олар жергілікті байлармен араласып, 
тату  өмір  сүруге  тырысты.  1295—1304    жылдары  билік  құрған 
Арғын ханның баласы Газан хан сунниттік Ислам дінін қабылдады. 
Онымен бірге ислам дінін бүкіл монғол əскері де қабылдады. Олар 
Иранда көптеген жаңа зəулім мешіттер салғызды.
Газанхан жетінші елхан болды. Ол өзінің ғұлама оқымысты уəзірі 
Рашид-ад-динмен бірлесе отырып, елеулі реформалар жүргізді. Олар: 
1) Исламды мемлекеттік дін деп жариялады; 2) 1304 жылы тұрақты 
алым-салық мөлшері белгіленді. Əр облыс, қала, деревня үшін 
ақшалай жəне заттай салық мөлшері анықталып, бекітілді. Шаруалар 
əскерлерді, шабармандарды өз есебінен асыраудан босатылды. Олар 
енді мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болды. Пошта 
станциялары ұйымдастырылды. Солар шабармандарды, уəкілдерді 
қарсы алып, тамағын, көлігін қамтамасыз етіп отыратын болды. 
3)  Монғол  жауынгерлеріне  жеке  меншік  жерлер  бөлініп  берілетін 
болды. Ол үлес ихта деп аталды. Сонымен бірге ірі əскери бөлімдерге 
де  жер  үлесі  берілді.  Ол  үлес  жүздік,  ондық  əскери  бөлімдерге 
үлестірілді. Ихта иесі салық иммунитетін пайдаланды. Ол қазынаға 
иеліктен жиналған өнімнің аз мөлшерін ғана сый ретінде беріп 
отыратын. Ол əскери қызметін атқарып, шаруалардың жерді уақтылы 
өңдеп отыруына басшылық ететін.
1303 жылғы жарлық монғол əскерлеріне таратылып берген 
жерлерге шаруаларды заңды түрде бекітті. Бұл жарлық бойынша 
“Шыңғыс хан ясасына” сай шаруалардың бір иеліктен екінші иелікке 
кетуіне тыйым салынды. Қашқын шаруаларды  іздеп табудың
қайтарудың 30 жылдық мерізімі белгіленді. Ихта иесінің шаруаны 
құлға айналдыруына тыйым салынды. Газан хан шеберханалардағы 
құлдар еңбегін жойды. Ерікті қолөнершілер енбегі өнімді болды. 
Газан хан бірыңғай күміс тиын енгізді. Суару жүйесін жетілдіруге 
көп қаржы бөлінді. Сөйтіп, Газан хан реформалары бір орталыққа 
бағынған мемлекетті, оның өкіметін нығайтуға бағытталды.
XIV ғасырдың 30 жылдарынан өзара қырқысулар басталды. 
Ол елхандар мемлекетінің ыдырауына, оның аумағында бірнеше 
тəуелсіз  мемлекеттің  құрылуына  əкеп  соқты.  Ол  мемлекеттер: 
оңтүстік Ирандағы, Фарс жəне басқа облыстардағы Мозаффарилер 
(1333—1393 жж.) мемлекеті, астанасы Бағдад болған Жалаирлар 
мемлекеті (1340—1411 жж.), Тебриздегі Чобанилер мемлекеті (1344 
—1356 жж.), т.б. болды. Хорасанның шығысында елхандар билігі 
1353 жылға дейін сақталды.
Хорасанның батысында 1337 жылы монғолдар билігіне қарсы 
көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол Себзевар маңындағы Баштин ауылында 
басталды. Шаруалар монғол уəкілін өлтірді. Көтерілісшілер 
Себзеварды алып, оны өз мемлекетінің астанасы деп жариялады. 
Себзеварлар əскери-көшпелі Монғол-түріктік үш жасақты тал-
қандап, Нишапур қаласы мен батыс Хорасанды азат етті. 1344 жылы 
Сербедар мемлекеті  ұзындығы 550 км, ені  200 км жерге тарады.
Каспий теңізінің онтүстігіндегі Гурган аймағында көшіп-қонып 
жүрген соңғы монғол елханы Тоғай Темір хан сербедарлар көсемін 
келіссөз жүргізу үшін өз ордасына шақырды. Ол көтерілісшілер 
басшыларын алдап қолға түсірмекші болды. Сербедарлар көсемі Яхья 
Керраби хан ордасына 300 (бір деректер бойынша 1000) жауынгер 
жасақшысымен келді. Елханның арам ойын сезіп қойған сербедарлар 
ханнан бұрын қимылдауға бел байлады. Шарап құйылған кеселер 
таратыла бастағанда Яхья басын қаси бастады. Осы белгі бойынша 
сербедарлар қылыштарын суырып алып, монғолдарға шабуыл 
жасады. Елхан жауынгерлері жеңіліп, тымтырақай қашты. Сөйтіп,  
1353 жылы елхан ордасы жойылды.
Сербедарлар мемлекеті 1337 жылдан 1381 жылға дейін өмір сүрді. 
Мұндай көтерілістер ХІV ғасырдың ортасында Иранның басқа 
облыстарында да болып тұрды. Осындай көтерілістердің бірінің 
нəтижесінде Мазендеранда Сеидтер мемлекеті құрылды. Ол  1392 


188
189
жылға дейін өмір сүрді. Көтерілістің жəне кейін құрылған өкіметтің 
басшысы сеиттік Кавам-ад-дин Мараши болды. Амул қаласы Сеид 
мемлекетінің астанасы болды.
1373 жылы сербедарлар көтерілісі Керман қаласында да болды. 
Көптеген ихта иелері мен дін басылары өлтірілді. Олардың мал 
мүліктері кəмпескеленді. Көтеріліс тоғыз айдан кейін жеңілді. 
Ирандағы феодалдық бытыраңқылық, өзара қырқысулар оны 
Темірдің жаулап алуын жеңілдетті. Жаулап алушылық 1380 жылдан  
1393  жылға  дейін  созылды.  1381  жылы  Темір  əскері  Себзеварды 
алып, Сербедарлар мемлекетін жойды. 
1383 жылғы Сербедарлар көтерілісін Темір асқан қатыгездікпен 
басты. Екі мың адам тірідей көмілді деген дерек бар. 1387 жылы 
Темір Исфахандағы көтерілісті де басып тастады. Жетпіс мың 
көтерілісшілердің кесілген басынан мұнара тұрғызылды дейді 
тарихи деректер. Ал 1392 жылы Мазандерандағы халық қозғалысы 
талқандалды. Көтеріліске қатысқан кедей халықты жазалай отырып, 
Темір феодалдар тарапынан қолдаушылыққа ие болып отырды.
Темір қайтыс болған соң 1405—1447 жылдары Хорасанды оның 
баласы Шахруқ басқарды. Батыс Иранды Шахруқ балалары мен 
немерелері басқарды. 1441—1442 жылдары Хузистанда үлкен халық 
көтерілісі болды. Оны сеиттік Мұхаммед басқарды. Ол халық 
арасында Мұшаш аталып кеткен болатын. Оның қол астына он 
мыңға жуық адам жиналып, олар өздерін фидайлар, яғни өз істері 
үшін өмірін қиюшылар деп атады. Мұхаммед Мұшаш 1465 жылы 
өлді. Оның ізбасарлары 1508 жылға дейін Хузистанда билік құрды.
ХV ғасырдың ортасында көшпелі түрік оғыздардың Қарақойлы 
мемлекеті Темір ұрпақтарынан батыс Иранды басып алды. 1468 
жылы бұл жерді Ақ қойлылар басып алды. Батыс Иранның астанасы 
Тебриз болды. Ақ қойлылар билігі 1502 жылға дейін созылды.
ХV ғасырдың екінші ширегінде Оңтүстік Əзербайжандағы 
Ардебил қаласында діни Сефевилік феодалдардың ықпалы күшейе 
бастады. Олардың арғы атасы Ардебилдегі сопы орденінің басшысы 
Сефи-ад-дин болатын (1252—1334 жж.).
Олардың арғы “қасиетті тегі” сефевидтердің шах атағы үшін 
күресін жеңілдетті. Сефевилерді жергілікті халықтан басқа Кіші 
Азия мен Сирия аралығындағы шииттік мұсылман түрік көшпелілері 
де қолдады. Бұл көшпелілер “қызылбастар” деп аталатын. Олай 
аталу  себебі  бастарына  өздері  қасиетті  деп  санайтын    12  имам 
санына қарай 12 қызыл жолағы бар шалма орайтын.
1499 жылы осман түріктерінің орталықтандыру саясатына 
наразы болып, Ақ қойлылар билігін мойындағысы келмеген қызыл-
бастылар өз басшысы деп жас Исмаил Сефевиді жариялады. Олар 
Солтүстік Əзербайжанға басып кіріп, Ширванды талқандады. Сонан 
кейін олар оңтүстікке бет алып, Ақ қойлылардың басты күшін 
талқандады. 1502 жылы Исмаил Тебризді басып алып, Иранның 
шахиншахы деп жарияланды. Сөйтіп, Иранда 1502 жылдан 1736 
жылға дейін Қызылбастылардың Сефевилік мемлекеті өмір сүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет