С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет75/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

§ 19. XI—ХV ғасырлардағы Индия
1.  ХІ—ХІV ғасырлардағы Индия. Дели  сұлтанатының құрылуы.
2.  Дели сұлтанатындағы жерге феодалдық меншіктің түрлері.
3.  ХІІІ—ХV ғасырлардағы Дели сұлтанатының ішкі саясаты.
4.  Алау-ут-дин Хилжаның патшалық құруы.
5.  Мұхаммед Тоғалақ империясы.
6. ХІV—ХV ғасырлардағы Дели. Бахмани жəне Виджаянагар 
    мемлекеттері.
XI ғасырдың аяғына қарай Индия экономикасы өз дамуын-
да елеулі жетістіктерге жетті. Ауыл шаруашылығында əртүрлі 
дақылдар өсірілді. Ганг өзенінің шығысында негізінен күріш егілді. 
Бенгалия мен Вихардан батысқа қарай күріш орнына бидай өсіру кең 
өріс алды. Раджастхандағы негізгі дақылдар қара бидай мен тары 
болды. Дəнді дақылдармен коса бір жерде бұршақ тұқымдастар да 
егілетін. Шағын учаскелер май алатын зығыр, сезам /кунжут/ сияқты 
өсімдіктерге бөлінетін. Бенгалияда кендір пен мақта да өсірілді. 
Ылғалды  жерлерде  қант  құрақтары,  бояу  алынатын  өсімдіктер 
өсірілді. Ганг алқабының ылғалды жерлерінен жылына екі мəрте 
өнім жиналып отырды. Ал батыстағы ылғалы жетіліксіз, суғару 
жүйесі жоқ жерлерден өнім бір-ақ рет жиналды. 
Раджастхан, Пенджаб, Синд жəне Белуджистан аудандарын-
да мал шаруашылығы басым болды. Өзен, көлдері жоқ жерлерде 
қауым  мүшелері  қолдан  құдықтар  қазып,  байламалар  жасады.  Су 
оңай шығатын жерлерде əр үйдің немесе екі-үш үйдің жеке меншік 
құдықтары  болды.  Су  тереңнен  қиын  шығатын  жерде  құдықтар 
аз қазылды: ондай жердегі құдықты бүкіл қауым бірлесе қазып, 
бірлесе пайдаланған. Ал байламалар оны тұрғызған қауымның не-
месе феодалдың меншігі болды.
ХІІ ғасырға қарай Солтүстік Индияда бұрыннан келе жатқан 
қалалар өсіп, кеңейіп қана қойған жоқ, сонымен қатар көптеген 
жаңа қалалар да пайда болды. Бұл қалалар бұрынғысынша негізінен 
Иңдияның феодалдық княздерінің астанасы болды. Олардың 
ішіңдегі ірілері өзен-көлдердің жағасындағы, үлкен жолдың 
бойындағы, теңіз жағалауларындағы қалалар болды. Ол қалалар қол 
өнерінің жəне сауданың орталықтары болды, жергілікті феодалға, 
сондай-ақ қалаға жақын жердегі феодалдарға қызмет көрсетті.
Солтүстік Индия бірнеше княздықтарға бөліңді. Олардың 
ішіндегі ірілері Джамна-Ганга өзендерінің Қанаудждан Бенареске 
дейінгі жерінің иесі Раджпуттық  Ғахарварлар əулеті, Аджер мен 
Делиді иемденген Чаухандар əулеті, Банделкханды иемденген 
Манделдер əулеті, Бихардағы Палдар, Бенгалиядағы Сендер əулеті 
болды. ХІІ ғасырдың екінші жартысында олардың арасында Ганг 
өзенінің алқабы үшін ұзақ күрес жүрді. ХІІ ғасырдың 80 жылдарында 
Притхва князі Чаухан Чанделдер əулетіне сокқы беріп, Қанаудждың 
билеушісі Гахарварға қауіп төндірді. Бірақ бұл қырқысуды шет ел 
басқыншылығы тоқтатты.
Солтүстік Индияның саяси бытыраңқылығы мен Раджпут 
княздарының жиі-жиі өзара кырқысуларын Газни мемлекетінің 
басшысы Махмуд пайдаланып қалды. Бұл мемлекет Иранның 
шығысында, Индияның батыс шеқарасында құрылған болатын. 1001 
жылы Махмуд Индияға жорық жасады. Оның əскері Джамна-Ганг 
өзендерінің алқабын, бай Анхилвар княздігін /қазіргі Гуджаратта/ 
талқандап, тонады. Индияға жасалған əр жорық Газни мемлекетіне 
əжептəуір табыс түсіріп тұрды: храмдар мен княздардың сарайларын-
да ғасырлар бойы жиналған қазыналар, мыңдаған құлдар əкелінетін. 
Газни мемлекетінің астанасы Газни қаласы Индиядан əкелінген 
құлдардың қолымен салынған зəулім сарайлардан тұратын. Ол са-
райларды асыл тастармен, қымбат металмен безендіріп, салтанатқа 
бөлеген де сол құлдыққа салынған Үнді қол өнерші тұтқындары бо-
латын. Газни патшалығының Индияға жорықтарының нəтижесіңде 
Канаудж мемлекеті жойылды.
1175 жылы Шихаб-ат-дин Мұхамед сұлтанның əскері Пенджабқа 
басып  кірді.  Қалған  Үнді  княздары  алауыздықты  тастап,  бірігуге 


194
195
мəжбүр  болды.  1191  жылы  біріккен  Үнді  əскерлерін  басқарған 
князъ Притхви Раджа /Аджмир мен Делидің князі/ Шихаб-ат-дин 
Гуридің əскерлерін жеңді. Бірақ, келесі 1192 жылы жеңіліп қалды. 
Притхви Раджа соғыста қаза тапты. Шихаб-ат-дин Аджмирды 
басып алды. Бірақ Притхви Раджаның баласы князъ болып қала 
берді. Ол тек Шихаб-ад-динге тəуелді екендігін мойындап, вассалы 
ретінде салық төлеп тұратын болды. Өзі Газниге қайтып, Шихаб-
ад-дин Гури түркі тұқымынан шыққан əскери қолбасшы Кутуб Ад-
дин Айбекті Индияға наместник етіп қалдырды. Айбек Солтүстік 
Индияны жаулап алуды онан əрі жалғастырды. 1193 жылы ол Делиді 
алды, оны өзінің астанасына айналдырды. 90- жылдардың аяғында 
Айбек Бихар мен Бенгалияны да басып алды. Бұл жақтағы Палдар 
мен Сендер княздықтары жойылды. Бүкіл Солтүстік Индияда түрік, 
ауған, тəжік феодалдарының билігі орнады.
1206  жылы  Шихаб-ад-дин  /Мухамед  Гури/  өлген  соң  оның 
Солтүстік Индиядағы наместниктері Газнидің жаңа патшасын мой-
ындаудан бас тартты. Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб-
Ад-дин Айбектің қол астына бірігіп, соның билігін ғана мойындады. 
Газни мемлекетінен бөлінген мұсылман феодалдары Дели сұлта-
натын құрды. Айбектің қол астына біріккен наместниктер бара-бара 
бір-бірімен соғысып, сұлтанат əлсіреді. Осы жағдайды Үнді княз-
дары пайдаланып қалуға тырысты. Олар тəуелсіздіктерін қалпына 
келтіре бастады. Осындай жағдайда мұсылман наместниктердің 
көпшілігі қайтадан Айбектің төңірегіне топтасып, біріккісі келме-
ген облыстарды күшпен қосып алды. Сөйтіп, Дели Сұлтандығы 
нығая түсті. Бірақ 1221 ж. Пенджабқа Хорезм шахы Джелал-ад-динді 
қуып келген монғолдар басып кірді. Шыңғыс ханның əскері батыс 
Пенджабты талан-таражға ұшыратып, кейін қайтты.
1241 жылы моңғолдар тағы да Шығыс Пенджабқа басып кірді. 
Осы жерден Делиге шабуыл ұйымдастыра бастады. Монғол 
шапқыншылығына қарсы жергілікті феодалдар бір орталыққа 
бағындырылған мемлекетті нығайтуға бет бұрды. Дели сұлтандығы 
1206—1526 жж. өмір сүрді. Оны ХV ғасырдың ортасына дейін түрік 
халқының өкілдері, ХV ғасырдың ортасынан — ауғандық Лоди 
əулеті басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет