С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет77/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Бахмани мемлекеті  /ХІV—ХVІ  ғасырлар/.  1347  жылы  декан-
да Бахмани мемлекеті құрылды. Оны иктадарлар мен сұлтанат 
наместниктері құрды. Олар Бахмани деген жергілікті ірі иктадар-
ды шах деп жариялады. Бұл мемлекетте, Дели сұлтандығындай
феодалдық жер иеленудің негізгі екі түрі болды. Бірі əскери бе-
нефиций, екіншісі — мемлекеттік қызметке байланысты емес 
бұрынғы индус феодалдарының мұрагерлік жекеменшігі. Бахмани 
шахтарының ең күштілерінің өзі де жеке дара билеуші бола алма-
ды. Билік негізінен ірі иктадарлар мен облыс бастықтары — тараф-
дарлар қолында болды. Əсіресе тарафдарлар күшті болды. Олардың 
өз əскерлері болды. 
Бахмани мемлекетіндегі саяси жағдайдың бір ерекшелігі — 
ескі феодалдар мен Деканға кейін көшіп келген жаңа феодалдар 
арасындағы күрес. Бұл шииттік бағыт ұстанушы келімсектер, əсі-
ресе басты министр Махмуд Гаванның тұсында күшейді. Бахманиге 
Ираннан көпес ретінде келген Гаван ХV ғасырдың 50 жылдарының 
аяғында сұлтанның жақын ақылшысының біріне айналып, біртін-
деп барлық билікті өз қолына алып алды. Ол өзін тек мемлекеттік 
басшы ретінде ғана емес, əскери қолбасшы ретінде де таныта білді. 
Бахамани мемлекеті 1336 жылы құрылған Виджаянагар мемлеке-
тімен соғыс жүргізіп отырды. Күресалмасқа бай Райчур үшін ал-
макезек жеңіспен жүріп отырды. Бахманидтердің соғыс жеңістері 
Махмұд Гаванның есімімен байланысты болды. Ол солтүстіктегі 
көршісі Мальваға соққы беріп, Мальваның Ориссамен жəне 
Теленганамен одағын ыдыратты.
Махмуд Гаван Виджаянагар мемлекетіне де соққы беріп, Малабар 
жағалауындағы маңызды порт Гоаны тартып алды. Наместниктер 
ықпалын əлсірету мақсатымен Махмуд Гаван облыстардағы əскер 
басыларын тағайындау құқын өз қолына алды. Ихтаны да мемлекетті 
нығайту жолына пайдалана білді. Енді əр ихта көлеміне сай əскер 


200
201
ұсталуы  тиіс  болды.  Егер  тиісті  мөлшерден  аз  ұсталса,  ихтадан 
түсетін табыстың көп бөлігін қазынаға өткізіп отыруы тиіс еді.
Осыған байланысты жыл сайын əскери байқау — санақтар 
өткізіліп отырды. Бұл шаралар феодалдар наразылығын туғызды. 
Мухамед Гаванның дұшпандары оның атынан мөр басылған, қол 
қойылған жалған хат ұйымдастырып, сатқын, опасыз деп айыпта-
ды. Жалған хатқа сенген сұлтан ашуға булығып, Махмуд Гаванды 
өлтіруге бұйрық берді. Ол бұйрық табан астында орындалды. Бұл 
1481  жылы  болған  еді.  Барлық  уақытын  көңіл  көтерумен,  ойын-
сауық, той-думанмен өткізуге əдеттенген сұлтан мемлекет басқа-
руға қабілетсіз еді. Махмуд Гаван өлтірілген соң сұлтан феодалдар-
мен ірі ақсүйектердің билік тізгіні үшін жанталаса жүргізген өзара 
қырқысының ортасында қалды. Наместниктер өздерін тəуелсіз 
сұлтандар деп жариялай бастады.
1489—1490 жылдары Биджапурда, Бидар мен Ахмаднагарда
1512 жылы Голкондада дербес сұлтандықтар құрылды, ХV ғасырда 
астана болған Бидар қаласында отырған Бахмани династиясының 
сұлтандары олардың қол астында болып саналған иеліктерді 
басқаруда айтарлықтай рөл атқарған жоқ, олардың билігі сарай-
мен,  гареммен  шектелді.  1525  жылы  ең  соңғы  бахмандық  сұлтан 
Бидардан қашты. 1526 жылы Бахманидің ең соңғы шахының уəзірі 
Қасым Барид өзін Бидар княздігінің шахы деп жариялады. Сөйтіп, 
билік жаңа əулеттің қолына көшті. Бахмандар мемлекетінің тарихы 
осылай аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет