янычарлар корпусын құрды. Бұл жаңа əскер османдар жаулап
алушылығының басты күші болды.
1354 жылы Османдық түріктер Балқан түбегін жаулауға кірісті.
Алдымен Еуропадағы Галлиополь қаласын басып алды. Бұл кез-
де Балқандық елдер арасында бірлестік жоқ еді. Орханнан кейін
Осман эмиратын басқарған оның баласы І Мұрат /1359—1389 жж./
сұлтан деп аталды. Ол Балқанда Адрианополь /1362 ж./ қаласын,
Фракияны, Филиппопольды, Марица өзенінің алқабын басып алып,
тез қарқынмен батысқа қарай жылжи берді. Эмираттың астанасын
І-Мұрат Адрианопольге көшіріп, ол қаланы Эдирне деп атады. 1389
жылы османдар Сербияға шабуыл жасады. Шешуші ұрыс Косово де-
ген алаңда 15 маусымда болды. Серб королі Лазарьдың сербтер мен
босниялықтардан, албандықтардан, валахтар мен венгерліктерден
тұратын 20 мындық əскеріне түрік сұлтаны І-Мұрат басқарған 30
мыңға жуық əскер қарсы тұрды. Сербтер жеңілді. Князь Лазарь
тұтқынға түсті, соңынан өлтірілді. Милош Обилич деген серб
жауынгері жасырын түрде сұлтанның шатырына кіріп, І-Мұратты
қапыда өлтірді.
15 маусым — сербтердің қырылған күні — қаралы күн ретінде
аталып өтеді. М. Обилич сербтердің ұлттық батыры болып сана-
лады. Оған ескерткіш қойылған. Түріктер осы жеңістен 70 жыл
кейін Сербияны толық басып алды. Орталық Еуропа елдеріне
түрік османдарының шабуыл жасау қаупі төнді. Рим папасының
көмегімен оларға қарсы бірнеше крест жорығы ұйымдастырылды.
Бірақ жорықтың барлығы да кресші-рыцарьлардың толық талқан-
далуымен аяқталды.
1396 жылы османдық Түркияға қарсы кресшілер жорығына венгр,
чех, поляк, француз, т.б. рыцарьлары қатысты. Ол жорықты венгр
королі Сигзмунд басқарды. Дунайдағы Никопольде олар түріктерден
жеңілді. Он мыңға жуық кресшілер тұтқынға түсті, қалғаны
қырылды, қашты. Баязит үш жүзге жуық бай рыцарьларды салық
төлеткізіп босатты да, қалғанын құлға айналдырды. І-Мұратттың
баласы — Баязит /1389—1402 жж./ Болгарияны, Македонияны ба-
сып алды. Енді Фессалоникиді алып, Константинопольдің берілуін
талап ете бастады. Баязит — «Иылдырым» — «Найзағай» — деп
аталды.
Еуропада жаулап алынған жерлерге қоныстанған түріктер
отырықшылық өмірге көшті. Ал Кіші Азияда қалған түріктер
отырықшылыққа кейін көшті. І-Баязит 1402 жылы 20 шілдедегі
Анкара маңындағы шайқаста Ақсақ Темірден жеңіліп қалды. Өзі
тұтқынға түсіп, сонда өлді. Түрік əскерлері Балқан жаққа қашып
құтылды. Оған гректер мен т.б. еуропалықтар көмектесті. Темір
бұрынғы эмираттарды қайтадан қалпына келтірді. Олардың арасын-
да араздық туғызып отыруға тырысты. Баязиттің артында қалған
4 баласының арасында бақталастық туды. Бұл бақталастықта
1413 жылы Мұхаммед жеңіп шықты. Ол түрік елін қайта қалпына
келтіруге кірісті.