С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет79/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Картадағы цифрлар:
1. Газневидтер; 2. Синд; 3. Чаухандар; 4. Томарлар; 5. Соланктар; 
6. Парамарлар; 7. Гахадавалдар; 8. Чанделлдер; 9. Калачурлер; 10. Палдар 
мен Сендер; 11. Шығыс Гангалар; 12. Шығыс Чалукилер; 
13. Батыс Чалукилер; 14. Чолдар.
Виджаянагар армиясы императордың өзінің жалдамалы əске-
рінен, амаранаяктар мен вассалдардың отрядтарынан құрылды. 
Ол əскердің үш түрі болды: жаяу, атты жəне жауынгер пілдер. Ең 
бастысы — жаяу əскер болды. Атты əскер аз, əрі қымбат саналды. 
Себебі Индияда жылқы өсірілмейтін. Сондықтан Виджаянагар жыл 
сайын он үш мыңдай жылқыны басқа елдерден сатып алып отырды. 
Үнділіктер атпен жүріп соғысуға басқа Азия елдеріндегі жауынгер-
лерге қарағанда осал болатын. Сондықтан Виджаянагар императо-
ры көбіне мұсылмандардың атты əскерін жалдайтын.
ХV ғасырдың екінші жартысында феодалдар дербестігі күшейіп, 
орталық үкімет əлсірей бастады. Амаранаяктар өздерінің өкімет пен 
мемлекет алдындағы міндеттерін жөнді атқармады, ал өкімет бас-
шысы билікті босаңсытып, көңіл көтеруге көп көңіл бөле бастады. 
Осындай себептер 1555 ж. империяның құлауына əкеп  соқты.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.: Восточная 
литература РАН, 1995.— 418—429, 451—486 бб.
2.  История Индии в средние века.— М., 1968. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет