Жаулап алынған халықтардың осман-түріктерге қарсы көтерілістері. Ол халықтар өздерінің тəуелсіздік жолындағы күресін
тоқтатпады. Болгар жəне серб партизандары «гайдуктер» деп атал-
ды. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік чиновниктері
мен жауынгерлеріне шабуыл жасады. Гайдуктер жиі-жиі қажетсіз
қаталдыққа барып, тонаумен жəне зорлық-зомбылықпен айналы-
сты. Славян феодалдарының едəуір бөлігі ислам дінін қабылдап,
сұлтан жағына қызмет істеуге шығып кетіп отырды.
Осман империясына кірген жерлер ірі əскери-əкімшілік
бірліктерге-уалаяттықтарға, ал олар — санджактарға бөлінді.
Уалаяттарды, санджактарды басқарушылар тек азаматтық билікке
ие болып қана қоймай, жергілікті əскерлерге де басшылық етті.
Сот билігі əкімшілік өкіметтерге тəуелсіз судьялардың-қадилердің
қолында болды. Көптеген шіркеулер мешіттерге айналдырыл-
ды. Болгария мен Сербиядағы православиялық шіркеулердің
дербестіктері жойылды. Балқан түбегіндегі барлық православиелік
халық Константинопольдегі грек патриархының қарауына кірді.
ХІV—ХVІ ғасырларда Түркияның жəне оның жаулап алған
жерлерінің экономикалық жағдайлары біршама жақсарды.
Түркия үкіметі мен түрік армиясы қолөнері мен сауданың
өркендеуіне мүдделі болды. Қолөнершілердің цехтық бірлестіктері
эснафтар деп аталды. Түріктер əдетте сауда жұмыстарымен аз ай-
налысты. Көпестер негізінен гректерден, славяндардан, армяндар
мен еврейлерден құралды. Өнеркəсіп товарларын шет елден əкеліп
тұруды көтермелеп отырған Турция үкіметі шет ел көпестеріне
сауда артықшылықтарын беріп, баға салығын төмендетті. Мұның
өзі жергілікті көпестердің қызметтеріне мейлінше кедергі жасап,
жергілікті қолөнер кəсібінің өркендеуіне зиян келтіріп отырды.
Ə д е б и е т т е р:
1. Безертинов Р. Н. Татары, тюрки-потрясатели Вселенной (История Великих Империй).— Новосибирск, ЦЭРИС, 2001.— 135— 161, 544—571 бб. 2. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М: Восточная литература РАН 1995.— 268—283, 493—505 бб.