Босворт К. Э. История стран зарубежного Востока в средние века.— М., 1970,
с. 367.
218
219
1055 ж. Бағдадты Тоғрыл-бек сұлтан басқарған — селжук
түріктері басып алды. Олар сунниттер болатын. Сондықтан да
селжук түріктері күпірлер деп санаған каирлік халифатты жоюды
көздеді.
Фатимилер тұсында Египеттің əскері ақын, əрі саяхатшы Насир-и
Хосроудың айтуынша, судандық негрлерден, түріктер мен славян-
дардан құрылған 60 мыңдық гулямдардан, Магрибтік берберлер мен
Хиджаздық арабтардан құрылған 135 мыңдық жасақтан тұратын.
1062 ж. маусым айында негр гулямдар мен түрік гулямдарының
арасында қақтығыс болды. Негр гулямдар жеңілді. 1073 ж. халиф
Мустансир əскердегі қолбасшылыққа Бадр əл-Джамали деген ар-
мянды тағайындады. Армян жəне сириялық əскер қулықпен түріктік
əскер басшыларын қолға түсіріп, қырды.
1064 ж. селжуктер Сирияға басып кірді. 1071 ж. Атсыз басқарған
селжуктер Иерусалимді басып алды. Сирия мен Палестинада
селжуктер империясына вассалдық тəуелділіктегі сұлтанаттар
құрылды. Олардың арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды.
Осындай жағдайды пайдаланып, фатимилер Акканы, Тирді жəне
бірнеше теңіз жағалық қалаларды басып алды (1089 ж.).
Фатимиліктердің əлсіреуі, селжуктер империясының ыдырауы
кресшілердің Таяу Шығысқа жорықтарына жол ашты.
1098 ж. қараша айында кресшілер Антиохиядан Иерусалимге
қарай бет алды. Босфор бұғазынан өтіп шыққан 700 мыңдық
əскерден Иерусалимге 25 мың адам ғана жетті.
Бұл кезде фатимилер Иерусалимді селжуктерден тартып алған
болатын. Фатимилер халифы Хаким кресшілердің Иерусалимге
қарусыз, шағын топпен табынуға келіп тұруларына рұқсат берді.
Бірақ кресшілер бұл шартқа көнбей, шабуылмен қаланы басып
алды.
Бірінші крест жорығы үш жылға созылды. Оның нəтижесінде
кресшілер Эдессаны, Антиохияны, Триполи мен Иерусалимді басып
алды. Бұл табыс еуропалық басқыншыларды жігерлендіре түсті. 1101
ж. көктемде еуропадан кресшілердің жаңа легі келіп жетті. Жарты
миллионға жуық кресшілер үш топқа бөлінді. Раймонд Тулузский
басқарған 260 мыңдық кресшілерді селжук түріктері Ғалиса өзенінің
бойында талқандады.
Кресшілердің екінші тобын селжуктер Тавр тауының етегінде
талқандап, бытыратып жіберді.
100 мыңға жуық үшінші кресшілер тобын түріктер Гераклея
маңында жеңді. 1101 жылғы крест жорығы осылай күйреді. Алып
үш армияны селжук түріктері құртып жіберді.
1147 ж. жазда əрқайсысы 70 мыңнан тұратын неміс жəне француз
əскерлері екінші крест жорығына аттанды. 1148 ж. Палестинаға ол
əскердің жартысына жуығы ғана жетті. Қалғанын жолда түріктер
жойып жіберді.
Иерусалимдік кресшілер батыстан келген кресшілердің жаңа
тобынан құтылу үшін оларға Дамаскіні жаулап алуды ұсынды.
Кресшілер ол қаланы қоршауға алған кезде Дамаскіге көмекке
Атабек жіберген түрік əскері келе жатыр екен деген хабар тарады.
Иерусалимдік кресшілер үшін Дамаскінің арабтар қолында қала
бергені тиімді еді. Сол себепті олар енді еуропалық рыцарларды
Дамаскіні қоршауды тоқтатуға көндірді. Еуропалық кресшілер кейін
шегініп, ақыры елдеріне қайтты. Сөйтіп, екінші крест жорығы зор
шығынға ұшырап, сəтсіз аяқталды.
1154 ж. Дамаск Солтүстік Ирактың қол астына көшті. Сəтсіз
аяқталған екінші жорықтан кейін де еуропалық рыцарьлар шығысқа
көз тігуін тоқтатқан жоқ. Оларды, əсіресе Египет қатты қызықтырып,
өзіне қарай тарта берді. Ондағы экономикалық құлдырау саяси
анархияға ұласып жатты. Фатимилік мемлекеттің ішкі ыдырауы
күшейді. Ол өз байлығын тиімді пайдалана алмады. Исмаилизмнің
ел ішіндегі тірегі берік болмады. Сарайлық төңкерістер, көшелердегі
қырқысулар, т.б. тəртіпсіздіктер XII ғасырдағы фатимилік Египетті
қатты қалжыратты.
Фатимилік халифаттың мұндай жағдайы кресшілер үшін пай-
далы болды: оларға оңтүстіктен қауіп төнбеді. Бірақ өкімет басына
айюбилер əулеті келген соң жағдай күрт өзгерді.
1171 ж. халиф Адид өлген соң билікті оның уəзірі Салах-ад-дин
басып алды. Ол шыққан тегі жағынан курд (равадия тайпасы-
нан) болатын. Сириялық əскер басшылығынан 1169 ж. фатимилер
халифының уəзірлігіне тағайындалған еді. Билік басына келген
əулеттің Айюблер деп аталуының себебі Салах-ад-диннің əкесінің
аты Айюб ибн Шади болатын. Бұл əулет кресшілерге қарсы күресті
басқарды. Əулет 1250 жылға дейін билік құрды.
Таққа отырысымен Салах-ад-дин Египеттің аумағын ұлғайтуға
кірісті. 1172-1173 жж. ол Барку мен Триполиді, ал 1174 ж. Иеменді
бағындырды. Сол жылы Сириядан Дамаск, Хама, т.б. жерлер ба-
сып алынды. Сирияның наместнигі етіп Салах-ад-дин өзінің інісі
Тураншахты тағайындады.
1182 ж. египет əскері Халебті басып алды. Тонаушылықпен айна-
лысып отырған Иерусалимдік рыцарьларға енді оңтүстіктен де,
шығыстан да қауіп төнді. Салах-ад-дин рыцарьларды 1177 ж. Аскалон
220
221
Саладин
маңында, 1179 ж. Иордан жағасында жеңді. 1184 ж. келісім жасал-
ды. Ол бойынша кресшілер мұсылмандарға шабуыл жасамауға,
көпестерді тонамауға уəде берді. Ал Салах-ад-дин оларға тимеуге
келісті.
Бірінші болып уəделерін рыцарьлар бұзды. Олар Иорданның
жағасындағы Керакты басып алды, Дамаскіден Аравияға бара
жатқан сауда керуенін тонады. Келісімді бұзғаны үшін Салах-ад-
дин кресшілерге соғыс жариялап, Иерусалим корольдігіне ша-
буыл бастады. Жарты күнге созылған шайқастан соң рыцарьлар
талқандалды. Иерусалим королі мен тамплиерлер гроссмейстері
тұтқынға түсті. Корольдің басы кесілді.
Бірнеше аптаның ішінде Иерусалим мен Тирден басқа король-
діктің қалалары Салах-ад-динге берілді. Сонан кейін ол Иеруса-
лимді де басып алып, құнын төлеген қала тұрғындарын тұтқыннан
босатты.
Иерусалимнің мұсылмандар қолына көшуі Еуропаны қатты
шамдандырды. Папа Урбан ІІІ-барлық княздарды крест жорығына
аттануға шақырды. Сөйтіп, үшінші крест жорығы басталды. Ол
жорыққа Германия, Англия мен Франция қатысты. Неміс рыцарьла-
ры король Фридрих суға ағып кетіп өлгеннен кейін Сириядан кейін
қайтты. Ал Англия мен Франция корольдері басқарған кресшілер
1191 ж. Сирияға жетіп, екі жыл қоршап тұрғаннан кейін Сен-Жан
д’Акра қаласын басып алды. Иерусалимді ала алмайтындықтарына
көздері жеткен соң ағылшындар мен француздар елдеріне қайтты.
Сөйтіп, үшінші крест жорығы да рыцарьлар үшін зор шығынмен
аяқталды.
1193 ж. 55 жасында Дамаскіде Салах-ад-дин қайтыс болды. Оның
мемлекеті балалары мен інісі Əділдің арасында бөліске түсті. Үлкен
ұлы Абдалға — Дамаск, Əзизге — Египет, Захирға — Халеб, Əділге
— Месопотамия тиді. 1198 ж. Əзиз қайтыс болған соң Каирдегі билік
Əділдің қолына көшті. Қайтадан мемлекет бірлігі орнады.
1204 жылғы төртінші кресшілер жорығы рыцарьлардың
Константинопольді басып алып, Латын империясын құруымен
аяқталды.
Барлық крест жорықтары Константинополь, сонан кейін Кіші
Азия арқылы жасалатын. Оған қатысушылар Селжук түріктерінің
қылышына тап болатын. Аман қалғандары Палестинаға азып-тозып,
жабырқап əрең жететін. Мұндай əскер Сирия үшін де, Египет үшін
де қауіпті болмады.
Тек крест жорықтары Рум сұлтанаты арқылы емес, кемелер-
мен теңіз арқылы жүргізіле бастағанда жəне Еуропада Египеттің
өзіне басып кіру туралы сөз басталғанда ғана Египет сұлтаны өз
əскерін ұлғайта бастады. Халықты əскерге алып, шайқастарға
шығару мүмкін болмады. Жергілікті халық тек салықты уақтылы
төлеп тұрумен қанағаттанып, сыртқы жаулардан қорғану деген ой-
дан аулақ болды. Сондықтан да əскерді сатып алынған кавказдық
черкестерден жəне Қара теңіз бен Еділ жағаларынан əкелінген
қыпшақтардан құруға тура келді. Бұл əскер мамлюктер деп аталды.
«Мамлюк» деген арабтың «біреудің меншігі» деген сөзінен
шыққан. Қыпшақ мəмлүктер Нил өзеніндегі ар-Рауда аралында
(əл-Бахр) орналасып, Бахрилер деп аталды. Олар египет əскерінің
негізгі күші болды. Черкестер Каир бекінісінде (əл-Бурдж)
орналасқандықтан бурджилер деп аталды. Мəмлүктер əскерінің
саны 9 мыңнан 12 мыңға дейін жетіп отырды. Оларды 24 бейлер
басқарды.
222
223
Иерусалимді қайтарып алу мақсатымен Еуропалықтар 1217
ж. бесінші крест жорығын бастады. Оған немістер мен венгрлер
қатысты. Олар Иерусалимге бармай, Египетке қарай бұрылды.
Дамиет қаласын басып алып, Египетті бағындырмақ болды. Бірақ
ақырында жеңіліс тауып, Дамиеттен аман-есен шыққандарына
қуана-қуана елдеріне қайтты.
Он жылдан кейін император Фридрих II алтыншы крест
жорығын бастады. Палестинаға келіп түсіп, ол Египеттің сұлтаны
Мəлік əл-Камилмен келіссөз жүргізді. 1229 жылғы келісім бойынша
Иерусалим кресшілер қолына көшті. Ол үшін Фридрих II- сұлтанға
Египеттің жауларына қарсы күресте көмектесіп отыруға уəде берді.
1231 ж. Хорезм шахы Жəлел-ад-дин қайтыс болғаннан кейін
оның түрік қыпшақтардан тұратын əскері иесіз қалды. Ол əскерді
Кони сұлтаны Ала-ад-дин Кей-Құбрат І жалдап алды. Бұл кезде
айюбилер мен түрік сұлтанының ара қатынасы шиеленісе бастаған
болатын. Ала-ад-дин Кей-Құбрат хорезмдіктерді айюбиліктер елін
басып алуға пайдаланғысы келді. 1233 ж. сұлтан хорезмдіктер
күшімен бұрынғы одақтасынан Хилатты тартып алды.
1237 ж. сұлтан Құбрат І қайтыс болғаннан кейін жаңа сұлтан
Гийас-ад-дин Кей-Хосроу ІІ хорезмдік əскердің басшысы Қырхан
Мəлікті адал қызмет етпейсіңдер деп айыптай бастады. Қырхан
қамауға алынып, көп ұзамай қайтыс болды. Хорезмдік əскер
Анадолыны тастап шығып, айюбиліктерге қызмет етуге көшті.
Хорезмдік əскер 1241 ж. 11 шілдеде Иерусалимді басып алып,
Египетке қайтарып берді.
Иерусалимнен хорезмдіктер Жерорта теңізі жағасына қарай бет
алып, Газа қаласын басып алды. Египеттің сұлтаны хорезмдіктерге
сол жерге тоқтауға бұйрық беріп, Рукн-ад-дин Бейбарыс басқарған
мəмлүктерді жіберді.
Сириялық айюбиліктер арабтармен жəне курдтермен келісіп,
египеттіктерге қарсы шайқасқа дайындала бастады. Сириялықтарға
кресшілер де қосылды. Себебі олар арабтармен соғысуға, оларды
жеңіп, тонауға болатынын, ал хорезмдік түркілер мұндайға жол
бермейтіндігін түсініп еді.
1244 ж. 17 қазан күні Газаға жақын маңдағы Харбийа ауылының
түбінде кескілескен шайқас болды. Хорезмдіктер мен мəмлүктер
барлық арабтарды, күрдтер мен кресшілерді қырып салды. 30 мың
адам өліп, 800 кресші рыцарьлар тұтқынға түсті.
1245 ж. қазан айында түркі мəмлүктер мен хорезмдіктер Дамаскіні
басып алды. Бірақ хорезмдіктердің қалаға жеңімпаздар ретінде
кіруіне египет сұлтаны тыйым салды. Бұл шараны хорезмдіктер
мұқату деп санап, египет сұлтанына бағынудан бас тартуды ұйғарды.
Бейбарыс сұлтан оларға іш тартып, қолдаушылық білдірді. Оның
əйелі де хорезмдік еді. Бейбарыс дереу Каирге шақырып алынды.
Хорезмдіктер Иерусалим мен Наблугты басып алып, Египет
сұлтанының наместниктерін қуып шықты. Бірақ 1246 ж. 26 мамырда
Хомс қаласының маңындағы шайқаста хорезмдік түріктер əскерін
сұлтан əскері талқандап, бытыратып жіберді. Сөйтіп, Хорезм əскері
өзінің тарихын тəмамдады.
1248 ж. Франция королі Людовик Əулие жетінші крест жорығын
бастады. 1249 ж. көктемде кресшілер Египеттің теңіз жағасындағы
Дамиет қаласына келіп түсе бастады. Нил өзенінің тасуы кресші-
лерді бірнеше ай бойы Дамиеттен шығармай қойды.
Сұлтан ал-Мəлік ас-Салих бұл кезде қайтыс болып кеткен еді.
Оның өлгенін жесірі Шеджерет ад-дур құпия ұстап, хабарламады.
Ол өзінің Месопотамияны билеп отырған баласы Тураншахтың
келіп жетуін күтті.
Нил тасқыны басылысымен кресшілер Каир қаласына шабуылға
шықты. Бірақ əмір Бейбарыс басқарған мəмлүктердің ерлігінің
арқасында қала аман қалды. 300 француздықтар, 80 тамплиерлер,
барлық ағылшындар қаза тапты. Людовик əулиенің өзі əрең қашып
қүтылды.
Мəмлүктер бай кресшілерді құн төлеткізіп, босатты да, төлей
алмағандарын қырып тастады. Дамиет қайтадан Египеттің қолына
көшті. Кресшілер 800 мың алтын ақша төледі. Сегізінші крест
жорығы осылай аяқталды.
Түркілік мəмлүктер өз қожайындарын ұнатпады. Сондықтан да
1171 ж. олар исмаилилік халифты сунниттік сұлтанмен ауыстыруға
жол берді. Енді олар Тураншах дұрыс басқармайды деп тапқан соң
айюбилерге де, бұл елге де қызмет қылуды тоқтатуды үйғарды. Олар
енді елді өздеріне қызмет етуге көндіруге кірісті.
1250 ж. 2 мамыр күні əмір Бейбарыс басқарған мəмлүктер
Тураншахты тақтан тайдырды. Мəмлүктер билікті ал-Мəлік ас-
Салих сұлтанның жесіріне берді. Оған мəмлүктердің əмірі, түрік
Айбекті үйлендірді. Қызғаншақ сұлтанның жесірі опасыздық
жасаған күйеуі Айбекті моншаға түсіп жатқан кезінде евнухтары-
на өлтірткізді. Тақты жас Əмірге ұсынды. Əмір тақтан бас тартты.
1257 ж. 2 мамыр күні сұлтанның жесірі өлтірілді. Билік ал-Мəлік
ас-Салихтың кəмелетке жетпеген жас баласының қолында қалды.
1259 ж. мəмлүктер Бейбарыстың досы Құттызды Египеттің сұлтаны
етіп сайлады.
224
225
Мəмлүктердің билік құрған екі əулеті белгілі: 1. Бахрилер ― түрік
халықтарының өкілдері; 1250―1390 ж.ж билік құрды; 2. Бурджилер
— негізі кавказдық черкестер, 1390―1517 ж.ж билік құрды.
Кресшілер Египетке мəмлүктер билік қүрып тұрғанда Таяу
Шығысты бағындыра алмайтындығын түсініп, монғолдармен одақ
құру жолына көшті.
1258 ж. ақпан айында монғол əскері Бағдадты басып алды. Хулагу
халифтың сарайын христиан патриархына сыйлады. Мешіттерді де
шіркеуге айналдырды. Таяу Шығыстың христиандары мəз-мəйрам
болып, қуанышқа бөленді. Олар монғолардың арқасында өздерінің
Таяу Шығыстағы мақсаттарына жетуге ұмтылды.
Сидонның еуропалық билеп-төстеушілері монғолдарды арамдық
қылықтарымен таңқалдырды. Олар монғолдардың қол асты-
на көшкен Сирияны əскер жоқ кезде тонап, талан-таражға салып,
тайып тұратын болды. Монғолдар еуропалықтардың одақтасына
жасаған мұндай опасыздығына қайран қалды. Шыдамы таусылған
Сирияның билеушісі Кетбұқа нойон Сидонды жермен-жексен етіп,
еуропалық тұрғындарының қашып құтыла алмағандарын қырып
жіберді.
Египет сұлтаны Құттыз монғолдардың өз еліне шабуыл жасауын
күтіп отырмай, өзі шабуылға шығуға бекінді. Ол əскерімен Сирияға
бет алды. Құттыздың əскері ұзақ жолдан шаршап, Акраға жеткенде
ондағы рыцарьлар өз одақтастары — монғолдарға тағы да опасыз-
дық жасады. Египеттің əскеріне қарсы шықпай, керісінше олардың
дем алып, көліктерін əлдендіріп алуларына жағдай жасады.
Бұл көмегі үшін мəмлүктермен сауда келісімін жасады:
монғолдардан қолға түсірген жылқыларын мəмлүктер рыцарьларға
арзан бағаға сатуға келісті. Бірақ кейін мəмлүктер бұл келісімді
орындаудың қажеті жоқ деп шешті.
Найман Кетбұқа басқарған монғол əскері Құттыз бен Бейбарыс
басқарған мəмлүктермен Назареттің маңындағы Айн-и Жалуд де-
ген жерде 1260 ж. 3 қыркүйек күні кездесті. Мəм-лүктер əскерінің
алдыңғы сапында шайқасқан Бейбарыстың жауынгерлері жеңісті
қамтамасыз етті.
Монғол əскері жеңілді. Кетбұқа тұтқынға түсті. Ол Құттызды
патша өлтіруші, опасыз деп айыптаған соң өлтірілді. Құттыздың
бұл əрекеті сол кездегі дəстүрге қайшы келетін шара еді. Кетбұқа
қылмыскер емес болатын. Олай болса ол өлім жазасына кесілмеуге
тиіс еді. Сөйтіп, Құттыз күнəкəр болды. Көп өтпей ол осы күнəсі
үшін жазасын алды.
Мəмлүктердің жеңісі христиан əлемінің үмітін ақтамады. Оның
үстіне 1259 ж. 11 тамызда монғолдардың ұлы ханы Мөңкенің қайтыс
болуы да еуропа рыцарьларының мəмлүктер қаупінен құтылу
үмітін біржолата үзіп жіберді. Қарақорұмда тақ үшін талас бастал-
ды. Монғол ұлысындағы азамат соғысы олардың Египетті жаулап
алу жоспарын бұзды. Түрік-монғол əскері Тигрдің солтүстік жағына
өтіп кетті. Сирия мен Месопатамияда христиандарды жаппай қыру
басталды.
Құттыздың жеңісі оның досы Бейбарысты қатты наза-ландырды.
Ол өзін тағдыр орынсыз ренжіткен адам деп санады. Оған дəлелі
де жеткілікті болатын. Шынында да ол 1244 ж. хорезмдіктерді
басқарып, Газа маңында франк-сирия əскерін талқандады, 1250 ж.
Дамиетте француз королін тізе бүктірді, сол жылы Тураншахты
өлтіріп, Египеттегі курдтердің аюбилік əулетін тақтан тайдырды.
Соңғы соғыста да жеңісті қамтамасыз етті.
Осындай ерліктеріне қарамастан қыпшақтар сұлтан деп оны
емес, Құттызды сайлады. Ал Құттыз жеңістен кейін барлық
қолбасшыларға өте бай сыйлықтар беріп, Бейбарысты ескерусіз
қалдырды. Осындай əділетсіздіктер Бейбарыстың 1260 ж. 24
қазанда Құттызды өлтіруіне, сөйтіп, мəмлүктер сұлтаны атануына
əкеліп соқты. Ол таққа əл-Мəмлүк аз-Захир Рукн ад-дунийа ад-дин
Бейбарыс деген атпен отырды.
Мөңке хан өлгеннен кейін Алтын Орданың ханы Берке Хулагу-
дың қол астында жүрген əскерінің басшыларына «егер елге қайта
оралуға мүмкіндік болмаса, Египетке кетіп, мəм-лүктер жағына
шығыңдар» деген нұсқау берді. Ол жерлестердің өзара тіл табысып
кететіндігіне сеніп еді, ол сенімі ақталды. Түркіліктер Египетке өз
еліне бара жатқандай лек-легімен ағылып келе бастады.
1261 ж. монғолдар мен мəмлүк сұлтанының қолдаушылығына
сүйене отырып, Византия императоры Михаил VIII Палеолог (1261-
1282) кресшілерді Константинопольден қуып шығып, Византия им-
периясын қайта қалпына келтірді.
Бейбарыс билігі орнағаннан бастап XV ғасырдың ортасына дейін
Египет пен Алтын Орданың арасында достық қатынастар үзілмей,
нығая түсті. Бейбарыс Берке ханның қызы Тəжі-Бақытқа үйленді.
Одан Сейітхан Мұхаммед деген тұңғыш ұлы болды. Кейде ол Нəсір-
əд-Дин Берке деп те аталады. Бейбарыс осы ұлын Қалауынның қызы
Ғазияға үйлендірді.
Бейбарыс сұлтан 1265 ж. мазасыз кресшілерге қарсы шабу-
ыл бастады. 1265 ж. кересшілер Цезарь мен Арзуфтан, 1266 ж.―
226
227
Сафадтан, 1268 ж. Яффа мен Антиохиядан, 1271 ж.― Хисн əл-Акрад
бекінісінен қуылды. 1267 ж. Бейбарыс монғолдармен одақтас кіші
Армения (Киликия) патшалығын талқандады. Армян патшасы
Египетке вассалдығын мойындап, жыл сайын салық төлеп отыруға
уəде берді.
«1277 ж. Бейбарыс қапыда өзінің уəзірі, əрі құдасы Қалауынның
қолынан қазаға ұшырады. Қалауын 1280 ж. күйеу баласы Сейітхан
Мұхаммед сұлтанды да у беріп өлтірді. Оған ыза болған қызы Ғазия-
қатын əкесін сегіз жыл бойы қарғап-сілеп, дауыс салып жүріп өлді.
Сейтханды анасы 1281 ж. Дамаскідегі əкесінің күмбезіне əкеліп
жерледі».
1
Сейтханды өлтіріп, оның орнына таққа отырған Қалауын сұлтан
(1279―1290) Бейбарыстың кресшілерді қуып шығу ісін аяғына
жеткізді, Сирия мен Палестинадағы христиандық мемлекеттер
толық жойылды.
1402 ж. Солтүстік Сирияға əмір Темір əскері басып кірді. Бұл
кезде Египет əскері əлсірей бастаған еді. Черкестік əулеттің билігі
кезіндегі маңызды уақиға Египеттің 1426 ж. Кипр аралын басып
алып, оны еуропалық қарақшылардан тазартуы болды.
1486―1491 ж.ж. бірінші египет-осман соғысы болды. Ол соғыста
ешкім жеңіске жеткен жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |