236
237
1469 жылы Кацина патшасы Рана Хасан Каномен соғыста жеңіске
жетіп, Джукун /Коророф/ патшалығымен бейбіт бітім жасады.
Халқы сонгай мен хаус метистерінен тұратын Кебби патшалығы
Нигер өзенінің сол жағасында Замфара мен Денди аралығында
орналасты. Кебби Сонгай патшалығына қарсы күресте қалыптасты.
1515 жылы Канте деген көсем Сонгай аскиі /əскер басы/ Мұхаммед-
тің отрядтарын талқандады. Кеббидің күшті армиясы құрылды. Ол
ХVІ ғасырда Борну сұлтанының армиясын жеңіп, ХІХ ғасырдағы
/1805 ж./ фульбе басып алушылығына дейін өз тəуелсіздігін
сақтады.
Хаусандық қала-мемлекеттердің қауіпті қарсыластары Сонгай
патшалығы мен Борну сұлтанаты болды. Бұл екі мемлекет
жекелеген Хаусан патшасымақтарының арасындағы сауда жəне
саяси бақталастықтарды шебер пайдаланып отырды. Əсіресе Кебби
мен басқа Хаусандық мемлекеттер арасындағы бақталастық ұзақ та
бітіспес болды. Бұл күресте Кебби Хауыстың басты жауы ― Сонгай
патшалығы жағында болды. Тек ХVІ ғасырда Сонгай патшалығы
құлдырай бастағанда, Хаусандық мемлекеттер өз тəуелсіздіктерін
толық қалпына келтірді. Бұл жеңіске хаусан тайпаларының біркелкі
халық болып біріге бастауы да үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: