Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
168
п`н `ртүрлі к`сіп аяларында ағылшын тілі арқылы іске асады. К`сіби бағдарланған шетел тілі немесе
б`ріне белгілі English for Specific Purposes (ESP) арнайы мақсаттағы ағылшын тілі Қазақстанда соңғы
жылдары қарқын алып, ғылыми тұрғыдан карастырылып келсе, шет елде аталған курс қолданбалы
лингвистика саласында `діснамалық үдерісі ретінде өз бастауын 1960 жылдардан алады. Оның басты
себебі ағылшын тілінің ғылым, технология мен бизнес аяларында кең қолданылып, халықаралық
қарым-қатынастар мен білім беру бағдарламаларының көбеюіне үлкен септігін тигізуіне байланысты.
Ғылыми еңбектерде арнайы мақсаттағы ағылшын тіліне (ESP) үш анықтама берілген. Ең бірінші
анықтаманы 1987 жылы Хатчинсон ж`не Уотерс ұсынған. Олар ESP-ді
өнім ретінде емес,
тeсіл
тұрғысында алып, оның негізгі іргетасы төмендегідей қарапайым сұрақ деп қарастырады: Не
мақсатпен білім алушы шетел тілін оқығысы келеді? Бұл сұраққа жауап бергенде қажет етілген тіл,
яғни ESP-ді оқудың себебі ж`не оқу контексті анықталады. Оқу мақсаты `ртүрлі болуы мүмкін, яғни
академиялық алмасу бағдарламасы немесе іскерлік келіссөздер жүргізу ж`не т.б. себептер деп атап
көрсетеді ғалымдар [1].
Екінші анықтаманы 1988 жылы Стривенс беріп, ұғымның 4 абсолюттік ж`не 2 ауыспалы сипат-
тамаларын енгізді.
Абсолюттік сипаттамалары ағылшын тілін оқытумен байланысты:
• үйренушінің арнайы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған;
• белгілі бір п`ндермен, мамандықтармен ж`не `рекеттермен мазмұны жағынан байланысты;
• синтаксис, лексика, дискурс, семантикасы жағынан тиісті бір тілге орталықтандырылған;
• жалпы ағылшын тіліне (General English) контраст болып келеді дейді [2].
Ауыспалы сипаттамалары:
• оқытылатын дағдылары шектелуі мүмкін, мысалы айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым;
• алдын-ала анықталған `діснамаға с`йкес үйретілмеуі мүмкін [2].
Робинсон ұсынған ESP-дің үшінші анықтамасы да студенттердің қажеттіліктеріне бағытталған
“goal directed”, яғни ағылшын тілі арқылы студенттер нақты нені оқу керектігіне баса назар аудары-
лады [3]. Ол ESP-дің басқа бір сипаты ретінде аз шектеулі уақыт аралығында мақсатқа жету үшін
жұмыс баптарына қажет тек ересек адамдардың біртекті кластарда оқуы немесе белгілі бір мамандық
аясында оқитын студенттерге қажет деген сияқты ерекшеліктерін қарастырды.
dрине барлық берілген анықтамалардың ішінен бізге ең жақыны Стривенс ұсынған анықтама деп
есептейміз. Себебі `рбір студенттің қажеттілігін қамтамасыз етіп, жалпы ағылшын тіліне қарағанда
басқа `діснаманы талап ететін, `ртүрлі деңгейдегі ересектер, студенттер немесе тіпті мектеп оқушы-
ларын да болсын оқытуға болатын курс түрі.
Дудлей-Иванс пен Ст. Джон сияқты ғалымдардың пікірінше, ағылшын тілін оқыту үздіксіз болуы
керек. Жалпы ағылшын тілі (General English) курстары арнайы мақсаттағы ағылшын тілі (ESP)
курстарымен ұштасу қажеттігі [4] келесі кестеде көрініс табады:
Достарыңызбен бөлісу: