Байланысты: ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)
УДК 821.512.122.09+821.512.161.09
КӨНЕ Д,УІР МҰРАЛАРЫ Ж,НЕ ҚАЗІРГІ ЖАСТАР П.К. Берікболова – аға оқытушы, докторант
Сүлейман Демирел Университеті, semey1992@mail.ru
Автор бұл мақалада қөне д`уір мұралары жайлы қазіргі жас білімгерлердің көзқарасын анықтау, көне
мұраларды оқып, білуге құштарлығын, қызғушылығын сауалнама арқылы тексеріп баға беруге тырысты. Жастарға берілген біліммен қатар т`рбиенің де орны ерекше екендігі белгілі. Адамзаттық т`рбие мен бірге
ұлттық т`рбиенің де қатар жүруі педагогиканың басты мақсаты болып табылады. Жастардың бойына ұлттық
т`рбиені сіңіру үрдіснде түркілік т`рбиені аттап кету қазіргі таңда мүмкін емес десе де болады. Жастардың
көне мұраларды, тарихымыздың алғашқы бастауларын не ғұрлым терең ж`не кеңірек білсе отанына, жеріне,
еліне деген сүйіспеншілігі соғұрлым арта бермек. Түп-тамырын білмеген ел болашағын да тұғырықты қылып
қалыптастыра алмайды. Осы мақаламызда жас білімгерлердің көне мұраларымызға деген көзқарасын анықтау,
көне мұраларды оқып білуге құштарлығын, қызығушылығын сауалнама арқылы тексеріп баға беруге тырыс-
тық. Осы сауалнамаға «Ежелгі д`уір `дебиеті» п`ні өтілетін «Қазақ тілі мен `дебиеті», «Қазақ филологиясы»
мамандықтарының студенттері қатысты. Сауалнама 9 сұрақтан тұрады. Қатысқан білімгерлердің саны – 117.
Бұл мақаламызда осы сауалнама н`тижесін сараптап сараладық ж`не жасардың көне мұраларымызға деген
көзқарастарын анықтап қорытынды жасадық. Бұл сауалнамадан жасаған қортындымыз, жастардың көпшілігі
өздерін ескі заманмен бірлікте қарастырмайды. Көне кезеңді өздеріне жат санайды, көне түркі тайпаларын ата-
бабамыз, олардың тарихы, м`дениеті, д`стүрі мен `дебиеті де менікі деп санамайды. Яғни, бүгінгінің ең үлкен
проблемасы – көне кезең мен бүгінгі заман арасындағы байланыс үзілген. Бұған, `рине, Кеңестік кезеңнің зор
ықпал жасағанын білеміз. Сондықтан, бірінші кезекте, көне тарихымыз бен бүгінгі ұрпақ арасындағы
жалғастықты насихаттайтын, ашып көрсететін, жастар санасына сіңдіретін жұмыстар атқаруымыз керек.