С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет406/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   587
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
270 
шыл азамат қалыптастырады», «м`дени ой санасын өсіреді», «ұлттық құндылықтарды сақтауды үйре-
теді»,  «рухани  даму  пайда  болады»,  «қайдан  шыққандығын  танытады»,  «қалай  мемлекет  болып 
қалыптасқандығын танытады» деген жауаптар жазған.  
Жастардың  бұл  пікірлері  өте  орынды.  Көркем  шығарманы  оқи  отырып,  оның  т`рбиелік  м`нін 
дұрыс  түсігендіктері  байқалады.  Тіпті,  жан-жақты  түсінеді  екен.  Білімгерлердің  бұл  жауабынан 
шығатын қортынды: көне д`уір мұралары, ежелгі ж`дігерлер жастардың бойынша жақсы қасиеттерді 
қалыптастыруға  көмектеседі,  олардың  өзін-өзі  т`рбиелеуіне  септігін  тигізеді.  Ең  бастысы,  жастар 
ежелгі мұралардың т`рбиелік м`нін дұрыс түсінеді, дұрыс қабылдайды екен.  
Сауалнаманың келесі сұрағы «тарихи жады» деген ұғымды қалай түсінесіз?» деген сауал болды. 
Айта  кетелік,  ежелгі  мұраларды,  көне  ескерткіштерді,  ежелгі  түркі  тарихын,  м`дениетін  меңгеру 
барысында  «тарихи  жады»  деген  ұғымды  қарастырмай  кету  мүмкін  емес.  Себебі,  тарихи  жадының 
сананы  қалыптастыратынын,  оның  халық  өміріне  жоғары  м`нге  ие  екендігін  ғалымдар  жиі  айтып 
жүр.  Солардың  бірін  мысал  ете  кетейік:  «Тарихи  жады  дегенiмiз  де  –  алып  дiңгек.  Асыл  дiңгек. 
Тарихи  жадысы  (яки,  асыл  дiңгегi)  мықты  халық  ешкiмнiң  алдында  тiзерлемейдi,  ешкiмге  құл 
болмайды,  ешқашанда  т`уелдi  күйге,  кiрiптар  халге  түспейдi.  Ана  тiлiн  ұмытатын  кiмдер?  Тарихи 
жадысы  `лсiздер.  Дiнiн  айырбастайтын  кiмдер?  Тарихи  жадысы  қалыптаспағандар.  Тарихи  жадысы 
`лсiз халық өлi сүлдеге айналады. Сондықтан да ұлтты сақтаймын десеңiз, ең алдымен оның тарихи 
жадысын  сақтаңыз!  Сонымен  бiрге  халықтың  тарихи  жадысын  ескiруге,  көнеруге  жiбермей,  ұдайы 
жаңғыртып отыру керек. Ол үшiн халық тарихындағы аса маңызды, iргелi, халықтың рухын оятатын 
ұлттық  идеяларды,  ұлттық  сiлкiнiстердi,  ұлттық  iлгерiлеулердi  жан-жақты  `рi  түбегейлi  зерттеп, 
халықтың  өзiне  қайтып  ұсынып  отыру  қажет.  Бұл  –  Е.Бекмахановтың  ұстанымы.  Тарихшы-ғалым 
ретiндегi ұстанымы» [3].  
Осы  орайда  сауалнаманың  н`тижесіне  көз  жіберсек,  жалпы  сауалнамаға  қатысушының  42,7  % 
«тарихи жады» деген ұғымды мүлде түсінбейтіндіктерін көрсеткен. Ал, қалған 57,3 % өз білгенінше 
жауап  берген.  М`селен,  олардың  түсінігінше  тарихи  жады  дегеніміз  –  «тарихи  білім»,  «тарихи 
ескерткіш»,  «тарихи  естелік»,  «тарихты  ұғыну»,  «тарихи  таным»,  «тарихта  болған  оқиғаларды  есте 
сақтау  қабілеті»,  «тарихи  мұрағат»,  «адамның  ата-бабасының  не  істеп,  не  қойғанын  біліп,  соны 
жадында  сақтауы»,  «тарихи  байлық»,  «өткен  өмір»,  «тарих»,  «`дет-ғұрып»,  «м`дениетімізді  тану, 
тарихты  есте  сақтау»,  «санадағы  тарихи  ақпарат»,  «өз  тарихынан  хабардар  болу»,  «ата-бабамыздан 
берілген  бойымызда,  қанымызда  сақталған  сезім»,  «салт-д`стүр»,  «адамның  санасында  ұмтылмай, 
қанында, жанында, жүрегінде сақталып қалатын ерекше бір мағлұмат», «көрмесек те қанымыз тартып 
тұратын  қасиет»,  «тарихи  құндылықтар  жиынтығы»,  «халықтың  санасында  бұрыннан  бар  ұғымдар, 
яғни,  халық  оны  біледі,  естіген,  көрген,  тұрмысында  қолданған»,  «бұрынғы  ата  бабамыздан  қаны-
мызда қалған естелік», «атаның қаны, ананың сүтімен берілген қасиеттер», «тарихи түсінік», «тарихи 
деректер»,  «тарихта  болған  барлық  н`рселер  қосындысы»,  «үлкен  қор»,  «тарихи  бағалау»,  «туған 
тарихын жадында сақтау», «бүгінге дейін сақталып келген мұралар, ескерткіштер».  
Көріп  отырғанымыздай,  сауалнамаға  қатысушы  жастардың  көпшілігі  «тарихи  жады»  ұғымын 
дұрыс түсінеді екен. dрине, кейбірі өте тар мағынасында, ал кейбірі кең мағынасында. Олай болатын 
жөні  де  бар.  Себебі,  «тарихи  жады»  ұғымы  не  мектепте,  не  жоғары  оқу  орнында  тиісті  деңгейде 
насихатталмайды, түсіндірілмейді, талданбайды. Өйткені, тарихи жады дегеніміз – тарихтан, тарихи 
м`ліметтер мен деректерден, тарихи білімнен, `дет-ғұрып, салт-д`стүрден `лдеқайда тереңде жатқан, 
`лдеқайда маңызды ұғым. Тарихи жады – сананы қалыптастырады.  
«dр заман халықтың тарихи жадын қалыптастыруға өз үлесін қосады. Сонымен қатар кейде кері 
`серінде  тигізеді.  «Тарихи  жады»  –  өте  н`зік  ұғым.  Дамыған  шет  елдерде  онымен  айналысатын 
арнайы  мекемелер  мен  институттарға  дейін  бар.  Біз  сияқты  нарықтық  экономиканы  басынан  кешіп 
жатқан  елдер  жағдайында  тарихи  жадтың  қалыптасуына  көптеген  факторлар  өз  `серін  тигізеді. 
Алдымен,  ол  нарықтың  зардаптарынан  туындаған  ақпараттық  м`ліметтердің  көпшілігі.  Нарықтың 
басты  мақсаты  –  күн  көріс.  Мұндайда  мақсаттарына  жетем  деушілер  еш  н`рседен  сескенбейді,  еш 
н`рсені  аямайды.  Жазғандарын  `демі  мұқабаға  қаптап,  бірден  көзге  түсетіндей  қылып  безендіріп, 
неғұрлым  тез  сатылып,  таралуына  жағдай  жасайды.  Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  ғана  оның  ішінде 
жазылғанының сапасына, халықтың санасы мен жадына қалай `сер ететінін ойлай бастаймыз. Міне, 
осындайлықтан  халықтың  тарихи  жадына  деген  көзқарас  пен  жауапкершілік  `рдайым  жоғары 
деңгейде  болуға  тиіс.  Тарихи  жад  тарихи  сананы  қалыптастырумен  тікелей  байланысты.  Мұндайда 
к`сіби  тарихшының  рөлі  ерекше  маңызға  ие.  dсіресе  тарих  п`нінен  оқулықтар  жазу  саласы  тарихи 
жадты қалыптастырудағы қауіпті сала. Кейде бір ғана сөз, немесе ұғым, сөйлем, сурет арқылы тарихи 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет