Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
313
Демек,
лидер – адамдарды артынан ілестіре алатындай
нағыз лидер болуы үшін олардың бойында
ерекше бір `сер қалдыра білуі керек. Ол арқылы достарының жүрегінде болашаққа деген сенім
ұялатып, олардың іс-`рекетіне бастама бола отырып, туындаған м`селені бұрын ешкім қолданбаған
мүлдем жаңа т`сілмен шешуге қол жеткізуге болады.
Сондықтан да
тиімді лидер болу үшін тұлғаның бойында: болашақты көре білу, дұрыс мақсат
қою, м`селені шешуде ақпаратты талдау, жағдайға икемділік, дұрыс шешім қабылдау, ал тұлғааралық
қарым-қатынаста тыңдай білу, сезімталдық, бастамашылдық, ойын тез жинақтай білу, адамдарға
ықпал ете білу, яғни сөйлеу м`нері, өзіне сенімділік, сендіре білу ж`не жеке қасиеттері қажырлылық,
сапалы жұмысты ынталандыру, үйрене білу, шыншылдық сынды сапалар болуы қажет [4].
Сондай-ақ мектеп білім беру мекемесі ретінде лидердің қалыптасу үрдісіне өзінің позитивті үлесін
`рқашан да қосуы тиіс. Себебі, лидер – бұл топтың тіршілік кеңістігін ұйымдастыруға қабілетті, мақ-
сатқа бағытталған, табысты түрде өзін-өзі реттеудің үлгілерін көрсете алатын адам. Ал, мектеп қоғам-
дық өмірге араласа бастаған оқушыға өзін барынша н`тижелі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орын.
Сонымен бірге қазіргі күні лидер деп маңызды м`селелер кезінде шешім қабылдау құқын беретін
топ мүшесін атайтыны м`лім. С`йкесінше, лидерлік – бұл топ ішілік қарым-қатынас жүйесінде `сер
ету, бағыну қатынастарында көрінеді [5]. Демек, ол іс-`рекеттің, қарым-қатынастың ұйымдастыру-
шысы, дем берушісі, бастамашысы болып, еліктеуге өнеге бола білу қабілетінен байқалатын
субъектілік позицияны меңгеру, тұлғалық қалыптасудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды
фактор болып табылады.
Сол себепті де, лидерлер жай адамдардан мақсатшылдығымен ж`не жігерлілігімен, адамдар тобын
басқаруға құлшынысымен, адалдығымен ж`не парасаттылығымен, өз күшіне сенімділігімен,
білімімен, сонымен бірге біліктілігімен ерекшеленеді деген пікір айтуымызға болады.
Осы тұста біліктілік ұғымына тоқтала кетсек, стандартқа с`йкес,
біліктілік – бұл т`жірибеде білім
мен дағдыны қолдануды көрсете білуді айтамыз. Ал
біліктіліктер – бұл тек білім мен дағды ғана
емес, сондай-ақ
оқушының іс-`рекетінен көрінетін жоғары табыстылыққа жеткізетін құндылығы,
жеке қабілеті болып табылады.
Сондықтан да
лидердің біліктілігінің бейінін [5]
төмендегідей топтауымызға болады:
#
н`тижеге бағытталу;
#
өзгерістерге бейімделу;
#
адам ресурстарын басқару;
#
тиімді коммуникация.
Осыған с`йкес, жоғарыда көрсетілген лидерлік біліктіліктерінің анықтамасына қысқаша тоқталар
болсақ:
Достарыңызбен бөлісу: