С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет477/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Дарынды 
балалармен 
жүргізілетін 
жұмыс 
бағыттары 
Азия 
Еуропа 
Дарынды 
балаларды 
анықтау 
•IQ тестін өткізу; 
•бірыңғай мемлекеттік 
емтиханды жүйелі жүр-
гізу; 
•элиталы мектептерге 
конкурстық іріктеу; 
• мектеп мұғалімдерінің бағалауы; 
•психологтың  бағасы; 
•ата-аналар м`ліметі; 
•балалардың өзін-өзі идентификациялауы; 
•жарыс, олимпиада, м`дени шара, шығармашыл 
топ т.б. сыныптан тыс `рекеттегі жетістік; 
• топтық, жеке тест; 
• оқушалыр `рекетін өлшеу мен дарындылықты 
анықтаудың сараланған психологиялық ж`не 
жалпы Еуропалық тестісі; 
•стандартты емес ойлауды анықтау тестісі 
Дарынды 
балаларды 
қолдау ж`не 
дамыту 
•дарынды балаларға 
арналған «супермек-
теп», арнайы мамандан-
дырылған мектептер 
мен университеттік 
орталықтар; 
•балаларға қосымша 
білім беру жүйесі; 
•қабілеттеріне қарай 
д`стүрлі мектептегі 
топтастыру; 
• дарынды балаларды 
жекелей оқыту; 
• кіріктірілген оқыту; 
•оқушылар 
конференциясы ж`не 
бірлескен халықаралық 
зерттеулер; 
•жеңілдік, стипендия 
арқылы оқушыны 
жігерлендіру; 
•ЖОО бағдарламалары, 
ЖОО орталықтары, 
мектептің профильдік 
бағдарламасына ЖОО 
курсының енуі; 
•қосымша 
репетиторлық 
мектептер 
•сынып аттап оқу; 
•білім беруге «ерте ену»; 
•өңірлік, ұлттық ж`не халықаралық конкурстар 
мен олимпиадалар; 
•дарынды балаларға арналған жазғы мектептер 
мен тынығу орталықтары; 
•арнайы сыныптар мен арнайы 
мамандандырылған мектептер; 
•мектептен тыс білім беру; 
•оқушылар мен ата-аналар үшін психологиялық 
қолдау; 
•оқытудың жекеленуі (жеке оқу жоспары, жеке 
мектеп карьера) 
•жоғары сынып оқушыларымен аралас оқыту; 
• дарындылық орталықтары, университеттегі 
дарындылар курсы, студенттермен бірге оқу; 
• кешенді мектеп бағдарламасы; 
•міндетті білім беруден босату; 
•мектепті ерте бітіру; 
•жеке ж`не үй жағдайындағы оқыту; 
•қарапайым мектептегі т`жірибелік 
бағдарламалар; 
•демалыс күндері курсы; 
•интеллектуалдық ойындар 
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
323 
Мұғалімнің  дарынды  балалармен  жүргізетін  жұмысы  –  бұл  күрделі  `рі  ешқашан  тоқтамайтын 
үдеріс.  Ол  мұғалімнен  ж`не  т`рбиешілерден  жеке  тұлғалық  өсуді,  дарынды  балалар  психологиясы 
мен  оларды  оқыту  тұрғысындағы  жаңа  біліммен  үнемі  толығып  отыруды,  сонымен  бірге  психо-
логпен, өзге мұғалімдермен, `кімшілікпен ж`не міндетті түрде дарынды балалардың ата-аналарымен 
тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста болуды талап етеді.  
Балалардың дарындылығын  дамыту бағытында ересектерге кеңес: 
1.  Балаға  негізгі  адами  қажеттіліктерге  қанағаттана  алуына  көмектесіңіз  (қауіпсіздік,  махаббат 
сезімі, өзіне ж`не өзгелерге құрмет). Себебі негізгі қажеттілігіне ие болуға ұмтылған адамның күш-
қуаты  кеміп,  қабілеттілігін  көрсете  алмайды.  Баланың  тұлғалық  қалыптасуына  ж`не  қызығушылы-
ғына құрмет – оның дамуының негізі.  
2.  Баланың  шығармашылығын  көрсету  мүмкіндігін  төмен  бағалаудан  аулақ  болыңыз  (оның 
туындысын `лі де жақсартуға болады деп айтпаңыз).   
3. Баланың ерекше идеяларына шыдамдылық танытыңыз, оның көп білуге ұмтылуын, сұрақтарын 
құрметтеңіз. Барлық сұрақтарына, тіпті ол «шектен шыққан» болса да, жауап беруге тырысыңыз.   
4.  Балаға  жалғыз  өзі  қалуға,  егер  қалап  жатса,  өз  жұмысын  өзі  атқаруға  мүмкіндік  беріңіз. 
«Басшылық» шығармашылықты қиындатып, дарындылығының дамуына кедергі келтіруі мүмкін.  
5. Балаға өзін шығармашыл тұлға ретінде бағалауға көмектесіңіз.  
6. Балаға м`селенің шешімін табуда құрдастарының жауабынан  көңілі қалудан, күдік келтіруден 
аулақ болуына көмектесіңіз.  
7.  Баланың  `рбір  бастамасына  қолдау  көрсететін  сөздер  табыңыз,  оның  алғашқы  т`жірибесін 
сынаудан аулақ болыңыз: ол қаншалықты с`тсіз болса да, оған жылылықпен қарау керек, себебі бала 
өзі үшін ғана емес, өзі жақсы көретін жандар үшін де алға ұмтылады.  
8. М`селені шешуге шығармашыл бағдар беруде  жеке басыңыздан мысал келтіріңіз.  
9. Түрлі сала бойынша  проблемалық сұрақтарды кеңірек қолданыңыз. 
10.  Оның  бақылаушылығын,  назар  қоюын  дамыту  үшін  түрлі  образдағы  жаңа  заттармен  қамта-
масыз етіп отырыңыз.   
11. Белсенді түрде сұрақ қоюға мұмкіндік беріңіз.  
12.  Ынтымақтастық,  қарым-қатынас  жасау  дағдылары  арқылы  құрдастары  тарапынан  жағымсыз 
көзқарас пен қоғамның дұрыс қабылдай алмауынан аулақ болуға көмектесіңіз. Белсенді шығармашыл 
`рекетін  көрсете  алмай,  қолдау  таба  алмаған  бала  өз  күш-жігерін,  идеясын  басқадай  теріс  бағытта 
қолдануы да мүмкін  [7]. 
Дарынды балаларды оқыту мен т`рбиелеу м`селесін зерттеуде бір сыныпта қарапайым оқушы мен 
дарынды  оқушы  бірге  білім  алып,  іріктеу  жүргізілмейтін  сырттай  емес,  іштей  саралап  оқытуды 
жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлау қажеттілігіне баса назар аудару 
керек.  Бұл  м`селе  өнімді  түрде  шешімін  табуы  үшін  дарынды  балаларды  анықтау,  оқыту,  дамыту 
бағытында жұмыс жүргізетін мұғалімнің к`сіби-тұлғалық даярлығы қажет.   
Сонымен, дарынды балаларды дамыту м`селесі осы уақытқа дейін де зерттелген ж`не күні бүгін 
де өзектілігін жоймаған. Дарынды баланы дер кезінде анықтау, оны дамыту жолында мол тер төгу, 
аянбай еңбектену – өз н`тижесін берерлік іс. Тек бұл бағытта неғұрлым тиімді болатын `діс-т`сілдер 
мен  формаларды  дұрыс  таңдап,  оларды  оқушының  жас  ж`не  жеке  ерекшелігін  ескере  шығарма-
шылықпен қолдана білу қажет.  
 
1 Ожегов С.И. Словарь русского языка / Под общ.ред.проф.Л.И.Скворцова. 24-изд., испр.. – М.,Оникс, Мир и 
Образование, 2007. – 1200 с. 
2 Теплов Б.М. Труды по психофизиологии индивидуальных различий. – М.: Наука, 2004 
3 Богоявленская, Д.Б. Психология творческих способностей./Д.Б. Богоявленская. - М., 2002. 
4 Проблема одаренности детей/ сайт в интернете http://ru.m.wikipedia.org. 
 
5 Штерн В. Дифференциальная психология и ее методологические основания. – М., 1998. – 336 с. 
6  Богоявленская  Д.Б.,  Брушлинский  А.В.,  Бабаева  и  др.  «Рабочая  концепция  одаренности»  под  редакцией 
В.Д. Шадрикова, - М.,2002.
 
7 Богоявленская, М.Е. Природа «проблем» одаренных: методическое пособие / Электронный ресурс. Режим 
доступа: [http://www.den-za-dnem.ru.]/
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
324 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет