С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Кесте 1. Дудлей-Иванс пен Ст. Джон ұсынған ағылшын тілін оқыту курстарының тұтастығы



Pdf көрінісі
бет264/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Кесте 1. Дудлей-Иванс пен Ст. Джон ұсынған ағылшын тілін оқыту курстарының тұтастығы 
 
Жалпы 
 
Арнайы 
1 ұстаным 
2 ұстаным 
3 ұстаным 
4 ұстаным 
5 ұстаным 
Ағылшын тілін 
бастаушылар 
(Beginners) 
Intermediat
e-advanced 
деңгейлері 
EGAP курстары 
(ортақ бейінді тіл, 
арнайы мамандық 
пен к`сіппен 
байланысы жоқ 
дағдылар 
қалыптастыру) 
Барлық к`сіби 
салалар үшін кең 
ауқымды курстар 
(баяндамалар жазу, 
іскерлік ағылшын 
тілінде келіссөздер 
жүргізу ж`не т.б.) 
Арнайы оқу 
курсына 
байланысты 
 
Қазақстан  Республикасының  шеттілдік  білім  беруді  дамыту  концепциясында  тілдік  емес  жоғары 
оқу орындарында студенттерге шетел тілін оқытуда халықаралық стандарт параметрлеріне с`йкес 2 
кезеңді қамтиды: 1 кезеңде студенттер 4-ші (В2) еуропалық деңгейді меңгеруі қажет. Шетел тілінің 4-
ші  (В2)  деңгейін  меңгеруге  студенттердің  жеке,  қоғамдық  немесе  к`сіби  күрделі  ақпаратты  түсіну 
біліктілігі;  сөйлескенде  тілді  грамматикалық  дұрыс  ж`не  тиімді  қолдану  ж`не  өз  ойы  мен 
ұсыныстарын  жеткізе  білу  дағдыларын  жатқызады.  Екінші  кезеңге  белгілі  бір  мамандық  аясында 
арнайы мақсаттағы шетел тілінде к`сіби-бағытталған қарым-қатынасқа үйрету жатады [5, 16 б.]. 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
169 
Өмірлік т`жірибеде талап етілетін ағылшын тілін меңгеруге деген ынтаның жоғары болғанымен, 
аграрлық  мамандық  студенттеріне  арнайы  мақсаттағы  к`сіби  бағытталған  ағылшын  тілін  оқытуда 
бірқатар қиындықтар кездеседі. Олар: 
- Шеттілдік білім беруге бөлінетін уақыттың тығыздығы; 
- Көптеген студенттердің ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгермеуі; 
- Университетке  түскен  мектеп  түлектерінің  шетел  тілінен  білім  деңгейлерінің  жоғары  оқу 
орнының бағдарламасы талаптарына сай келмеуі; 
- Өз болашақ к`сіптеріне деген ынталарының аздығы.  
Аграрлық білім мен ғылымның мемлекет пен қоғам өмірінде ерекше қарқынмен орын алып келе 
жатқанына қарамастан, `ртүрлі ауылшаруашылық саласындағы б`секеге қабілетті ағылшын тілін өте 
жақсы деңгейде меңгерген мамандарды даярлау өзекті м`селе болып отыр. Сондықтан ағылшын тілін 
оқыту барысында студенттерді ынталандырып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында шетел тілін 
оқыту  барысында  `ртүрлі  интерактивтік,  болашақ  к`сіби-практикалық  `рекеттермен  байланысты 
к`сіби-контексттік  жағдаяттарды  үлгілеу  ж`не  тағы  басқа  м`селеге  негізделген  технологияларды 
қолдануды талап етеді.  
Д.Н. Кулибаеваның «Халықаралық типтегі мектеп жағдайларында шетел тілін меңгерудегі халық-
аралық стандарт деңгейлерін қалыптастырудың жаңашыл үлгісі» атты еңбегінде халықаралық типтегі 
мектептерде шеттілдік білім беруде оқу материалдарының п`ндік мазмұнын таңдауда негізгі 2 түрлі 
қағидаларды ұсынады: 
Шеттілдік білім берудегі оқу материалдарын ұйымдастырудағы базалық қағидалар
- коммуникативтік-қызметтік негіздері; 
- интеркультурнокоммуникативтікке бағытталғандығы; 
- жеке тұлғаға бағдарланғандығы; 
- п`наралық интеграцияланған ж`не білім беру мазмұнының тұтастығы. 
Өзіндік қағидалар
- п`ндік мазмұнының түпнұсқалылығы; 
- қатынас п`нінің прагматикалық келісілгендігі; 
- қатынас п`нінің мазмұны жағынан ақпараттық артықтығы; 
- интерактивтік ж`не рөлдік қатынас орнату үшін м`селелігі; 
- ситуативтілігі; 
- оқу үдерісін ұйымдастырудағы концентризм; 
- п`ндік мазмұнының к`сіби бағытталғандығы; 
- шетел тілін оқытудағы мазмұнның ғылыми-п`ндік бағыттылығы [6, 62 б.]. 
Аталған  ғалымның  ұсынған  қағидаларын  ескере  отырып,  аграрлық  саладағы  студенттерді  к`сіби 
бағытталған  немесе  арнайы  мақсаттағы  ағылшын  тілін  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруда  келесі 
қағидаларды ұсынсақ болады: 
- оқытуға берілетін м`ліметтердің түпнұсқалылығы; 
- м`ліметтердің қазіргі уақытқа сай өзекті болуы; 
- оқытылатын  м`ліметтердің,  м`тіндердің  шынайылылығы  (оқу  орнын  бітіргеннен  кейін  өмірде, 
к`сіби мақсатта қолдана алуы); 
-  `рбір тапсырманың коммуникацияға бағдарлануы; 
- студенттердің өз-өздерін басқару қабілеті; 
- мақсатқа бағытталған бағдар. 
Арнайы мақсаттағы ағылшын тілін оқыту кезінде оқытушы студентпен бірлесе отырып, студент-
тердің  өздерінің  қызығушылықтарын  тудыртатын  м`ліметтерді  таңдауы  қажет.  Себебі  Хатчинсон 
ж`не  Уотерс  айтқандай  ESP  арнайы  мақсаттағы  ағылшын  тілі  тұлғаға  бағдарланған  т`сілде  болуы 
қажет. Сонымен қатар, ағылшын п`нінің оқытушысы `рбір саланың жетік маманы болмағандықтан, 
студент  өз  мамандығы  туралы  жақсы  біледі  ж`не  көбірек  хабардар.  Айта  кету  қажет,  бүгінгі  таңда 
негізгі рөлде студент басты назарда тұрады, яғни оқыту үдерісінде тұлғаға бағытталған т`сіл қолда-
нылуы керек. 
Осы  көзқарастар  бағытында  арнайы  мақсаттағы  ағылшын  тілін  оқыту  барысында  мазмұнның 
п`ндік  аспектісін  ұйымдастыру  негізі  ретінде  С.С.  Құнанбаева  ұсынған  когнитивтік-лингвом`дени 
кешенді қарастыру өзекті болып табылады [7, 191 б.].    
 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
170 
Когнитивтік-лингвом`дени кешен келесі компоненттік құрамдардан тұрады: 
1)  белгілі  бір  деңгейдегі  оқу  мазмұнын  көрсететін  коммуникативтік  ая.  Мысалы,  `леуметтік-
тұрмыстық, `леуметтік-м`дени, оқу-к`сіби, қоғамдық-саяси, жалпы-к`сіби ж`не арнайы-к`сіби аялар. 
Біздің  жағдайда  арнайы  мақсаттағы  ағылшын  тілін  қарастырғандықтан,  арнайы  к`сіби  аяны 
қолданамыз.   
2)  `рбір аяны қарым-қатынаста қолдану үшін тақырып пен субтақырыптар жиынтығы. 
3)  `р тақырып пен субтақырыпқа қатысты типтік қатынас жағдаяттары. Жағдаяттар- арнайы к`сіп 
төңірегінде  құрастырылған,  белгілі  бір  м`селені  шешу  үшін  студенттерді  бір-бірімен  сөйлесуге 
итермелейтін оқыту формасы [7].   
Тағы бір айта кететін м`селе, уақыт тапшылығына сай оқу үдерісінде студенттердің өздік жұмыс-
тарына  көбірек  көңіл  бөлінуі  қажет.  С.С.  Құнанбаева  атап  көрсеткендей,  құзіреттілік  білім  беру 
технологиясының бір ерекшелігі жалпы білім беру `рекетінен өзіндік білім беру `рекетіне түбегейлі 
ауысуында.  Яғни,  тұлғаның  өзі  өзін-өзі  дамытып,  к`сіби  құзіретін  жоғарылату  үшін  үнемі  ізденісте 
болуын талап етеді. Университеттердегі жаңа к`сіби білім беру бағдарламаларында студенттер 60% 
оқу  уақытын  өзіндік  білім  алу  `рекетіне  жұмсайды  екен.  Сол  себепті  студенттердің  өздік  жұмыс-
тарын қарқындатуға итермелейді [8, 139 б.]. 
Қорытындылай  келе,  ұсынылып  отырған  қағидалар  мен  ұсыныстар  тек  аграрлық  саладағы 
сутденттерге  ғана  емес,  басқа  да  тілдік  емес  жоғары  оқу  орындарындағы  болашақ  мамандарды 
дайындағанда  м`дениетаралық  қатысымдық  құзіреттіліктерін  қалыптастыру  үшін  қолдануға  болады 
деп  есептейміз.  dрине,  мақалада  қарастырылып  отырған  м`селе  `рі  қарай  ізденістерді  талап  етеді, 
себебі шеттілдік білім берудегі технологиялар мен `діснама да уақыт талабына сай үнемі өзгертулер 
мен жаңа идеяларды ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. 
 
1  Hutchinson, T. and Waters, A., English for Specific Purposes. Cambridge: Cambridge University Press, 1987. 
2  Strevens,  P.  ESP  after  Twenty  Years:  A  Re-Appraisal.  In:  Tickoo,  M.  (Ed),  ESP:  State  of  the  Art.  Singapore: 
SEAMEO Regional Language Center, 1988. 
3  Robinson, P., ESP Today: a Practitioner’s Guide. Hemel Hempstead: Prentice Hall International, 1991. 
4  Dudley-Evans,  T.,  and  St  John,  M.  Developments  in  ESP:  A  multi-disciplinary  approach.  Cambridge:  CUP, 
1998. 
5  Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан.- Алматы, 2006. С. 16 
6  Кулибаева  Д.Н.  Инновационная  модель  формирования  международно-стандартных  уровней  владения 
иностранным языком в условиях школ международного типа. - Алматы: Атамұра, 2002. С. 62-64. 
7  Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы. - Алматы, 2010. 191 б. 
8  Кунанбаева  С.С.  Компетентностное  моделирование  профессионального  иноязычного  образования.  - 
Алматы, 2014. С. 139. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет