Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
244
спорттық-педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады. Бағдарламалық-өлшемдік негіздер
тұрғын халықтың дене дамуымен бірге білім деңгейіне койылатын үш сатылы өзара байланысты
талаптар жүйесінде көрсетіледі. Дене т`рбиесінің біріңғай мемлекеттік бағдарламасы балалар бақша-
лары мен яслилерінде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы ж`не жоғары оқу орындарында
өткізілетін дене т`рбиесінің ең төменгі жүктеме көлемін анықтап, белгілейді. Бұл бағдарламаларда
оқу орнының түрін, шұғылданушылардың жасын, жыныстық айырмашылықтарын есептей отырып,
дене дамуы мен білім көрсеткіштеріне қойылатын талаптар ж`не дене т`рбиесінің негізгі құралдары
көрсетіледі.
Дене т`рбиесі мен спорт саласына қатысты негіздердің бір мысалы ретінде Қазақстан Респуб-
ликасы Үкіметінің 1996 жыл 24 маусымдағы №774 қаулысын атауға болады. Осы қаулының 1-бабын-
да Еліміздегі халықтардың дене т`рбиесіне қатысты даярлығын Президенттік сынақ талаптары
арқылы анықтау Ережелері бекітіліп, 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енгізілсін делінген.
Сонымен қатар бұл қаулыда Білім ж`не ғылым, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс
министрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дене т`рбиесі жөніндегі оқу бағдарламаларын
Президенттік сынамаларының талаптарына с`йкестендірілуін, оның жалпы білім беретін мектептер-
дің, к`сіби-техникалық училищелердің, орта арнаулы ж`не жоғары оқу орындарының оқу жүйесіне
енгізілуі ж`не оның өлшемдік талаптарының орындалуы қамтамасыз етілсін делінген. [4].
Спорттық бірыңғай д`режеге жеткізу жіктелуі (классификациясы) дене т`рбиесі жүйесінің
бағдарламалық, мөлшерлік негізінің ең жоғары, қорытынды сатысы болып табылады. Ол елдің
барлық спорт ұйымдары үшін спорттық д`режелер мен атақтарды беру ережелері мен қағидаларын,
сонымен қатар спорттың `р түрінен спортшының дайындығына қойылатын бірыңғай мөлшерлік
талаптарды белгілеген.
Достарыңызбен бөлісу: