Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г.
318
қалыптастырады – оның ісін қызықсыз ж`не біртекті күйге келтіреді, өзіндік `рекет пен ынталылық
көрсетпейді. Ерте жастағы балалар немқұрайлылыққа төзбейді ж`не қалай да болса ересектердін
назарын аударуға тырысады. Осылай ересектердің ұзақ уақыт бойғы немқұрайлылығының салдары
баланың теріс `рекеттер жасауына `келіп соғады, ол `ртүрлі қарсылықтар білдіріп, сол сияқты айна-
ласындағыларға ашық түрде ынтасыздық көрсетеді. Балалардың жағымсыз істеріне, білмегендікте-
ріне «үлкендер қатал» талаптар қояды да, жағымды жақтары аталмайды, сол күйінде қабылданады.
Мұндай жағдайда балалар өздерінің кемшіліктері үшін үнемі теріс баға алады, басқа балалармен
салыстыру объектісіне айналады. Теріс баға баланың ынтасын, белсенділігін төмендетіп, кемшілік-
тері үшін қорқумен шектеледі. Балалар мақтағанды да, ескертпелерді де оңай ажыратады. Ересек-
тердің `ділетті бағалауы баланың саналы т`ртіптілігін, өзіне-өзі сенімін дамытады. Ересектердің
«субъект-субъект» көзқарасы балаға өзіндік, шығармашыл `рекеттің бастаушысы, өзіндік ерекшелігі
бар, қайталанбас бірегей жеке тұлға ретінде, тіпті `зірге тұрақты емес, қалып-тасып болмаған болса
да болмаса да өзіндік мақсаты мен талаптары бар адам ретінде қарауды көздейді. Баланың `рекетін,
қылықтарын оң бағалау оны дамытудың, белсенділігін арттырудың басты факторы екендігін білеміз.
Ерте жастағы балаларға ескерту жасауды, теріс бағалауды пайдаланғанда, бала емес, оның теріс
қылығының бағаланатынын естен шығармау қажет: «Сен жаман емессің, бірақ сен жаман қылық көр-
сеттің, ол дұрыс емес, себебі...» деп айту керек. Баланың іс-`рекеті мен оның н`тижесін бағалағанда
алдымен жағымды жақтарын, содан кейін жағымсыз жақтарын айтып, оның мүмкіндігіне сенімді-
лікпен қарау қажет.
Т`рбиелеу ж`не үйрету `дістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол
өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағына-
ды, ересек адамдармен бірінші болып `ңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қаты-
настары пайда болады: бала құрбылары мен олардың `рекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады,
бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады.
Сонымен, ерте жастағы балалардың субъектік қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруды баланы
өзара `рекеттестіктің тең құқылы қатысушысы ретінде қабылдап, оның мүддесі мен сұраныстарын
ескере отырып, `рекеті мен қылықтарын объективті түрде бағалау арқылы, оның белсенділігін артты-
ру ж`не дамыту үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру арқылы ерте жастан бастау керек. Бұл жол
үлкендерден шеберлікті, шыдамдылықты, өсіп келе жатқан адамға ж`не оның ұдайы жетілуіне деген
қамқорлық пен сыйластықты талап етеді.
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.n.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен
отырысында Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2008жылғы 7 ақпан.
2 Р. К. Аралбаева Мектепке дейінгі педагогика: «Мектепке дейінгі оқыту жeне тeрбиелеу» мамандығы
бойынша дайындалатын студенттерге арналған оқулық – Алматы: 2012 ж.
3 Философский энциклопедический словарь. М.: ИНФРА-М, 2002.
4 Божович Л.И. Избранные психологические труды. Проблема формирования личности. М.: Педагогика,
1995.
5 Костюк Г.С. Избранные психологические труды. Москва, 1988.
6 Гримак Л.П. Резервы человеческой психики
: Введение в психологию активности – М:.Полиздат,1989.
7 Педагогическая энциклопедия в 4-х т/ под ред. Каирова. М.: Советская энциклопедия, 1966
.
Резюме
Достарыңызбен бөлісу: