С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет515/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   587
Түйін  сөздер:  азаматтық  т`рбие,  құндылық,  халық  т`рбиесі,  ұрпақ  жалғастығы,  ұлттық  мақтаныш  сезімі, 
сыныптан тыс т`рбиелік сабақтар. 
 
Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  бағдарламалары  арқылы  жүзеге  асырылатын  білім  берудің 
мақсаты  мен  міндеттері  қазіргі  таңда  бұрыннан  етек  алған  д`стүрлі  оқытудан  түбегейлі  өзгеше-
ліктерге  ие  болып  отыр.  Бірінші  кезекке,  бұрынғыша  оқушыны  п`ндік  білім,  білік,  дағдыларының 
белгілі  бір  жиынтығымен  қаруландыру  емес,  оқу  `рекетін  қалыптастыру  негізінде  оқушының  жеке 
бас  тұлғасын  т`рбиелеу  мақсаты  қойылып,  ең  алдымен  білім,  білік,  дағдыларды  меңгерудің  негізі 
ретінде оқушы дамуы мен т`рбиесінің қамтамасыз ету міндеттерін шешу көзделген. 
Қазақстанның т`уелсіз мемлекет болып, егемендікке қол жеткізуі, қазақ тілінің мемлекеттік м`рте-
беге ие болуы `рбір ұлттың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық құндылықтары мен д`стүрлі м`дение-
тін  өз  ұрпағына  толық  танытуға  мүмкіндік  туғызды.  Еліміздің  алдында  тұрған  басты  мүдде  өрке-
ниетті,  қуатты  елу  елдің  қатарына  қосылуға  қол  жеткізу  `лемдік  білім  кеңістігінен  орын  алумен  де 
өлшенеді.  Бүгінгі  таңдағы  көкейкесті  бұл  м`селе  оқытудың  инновациялық  технологияларын  пайда-
лану  арқылы  білім  сапасын  арттыру,  оқу  үрдісін  жетілдіру,  білім  мазмұнын  жаңарту,  жан-жақты 
дамыған рухани жан дүниесі бай жеке тұлғаны қалыптастыру, т`рбиелеу ісімен тығыз байланысты. 
Т`рбие  қайшылықты  ж`не  ұзақ,  үздіксіз  процесс  болғандықтан  патриоттық  т`рбиені  тек  оқу 
кезінде  ғана  емес  сонымен  қатар  сыныптан  тыс  жұмыстар  барысында  да  қалыптастыруға  болады. 
Соның  ішінде  оқушылардың  патриоттық  сезімдерін  тек  сабақ  барысында  толық  қалыптастыру 
мүмкін емес. Олай дейтініміз, `рбір сабақтың өзіне т`н мақсаты, міндеттері болады.  
Халық  қаһарманы  Б.Момышұлының  ұлы,  жазушы  Бақытжан  Момышұлы  “нағыз  патриоттар 
өзінен бұрын Отанының қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ ата жұртының м`ңгі т`уел-
сіз өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр” адамдар екенін д`ріптейді.  
Жазушы, Қазақстандықтардың барлығын бірдей патриоттар деп айта алмаймыз, өйткені материал-
дық  тоқшылық,  технологиялық  игіліктерге  бола  жеке  басын  күйттеп,  шетелге  қашқандар,  келешек 
ұрпаққа  мұра  болып  қалатын  жерді,  табиғи  ресурстарды  сатып  жеке  басының  байлығын  асырған-
дарды, “қазақ” деген ұлы халықтың даналығынан туған салт-д`стүрін т`рк етушілерді, тарихын, тілін 
білмейтін,  білуге  ұмтылмайтындарды  патриоттар  қатарына  қоспайды.  Ол  Қазақстанның  бүгінгі 
территориясының сақталып қалуына халқының ел болып ұйып отыруына, ежелгі д`уірден бері қарай 
үлес қосып келе жатқандарды нағыз патриоттар дей келе, “патриоттары көбеймеген халық елдігінен 
айырылады ж`не елдігін сақтап қала алмайды”, – деп түйіндейді. 
Бақытжан  Момышұлы  патриоттық  сезім  “адамдарға  генетика  арқылы  беріліп,  ойына  мықтап 
орнығады. Алайда оған күтім мен қамқорлық, ұдайы шыңдап отыратын т`лімгерлік те қажет”, –дейді.  
Ол ерлік, рух, ұлттық намыс арасындағы тығыз байланысты: “меніңше, ұлттық намыс болмаса, ұлт 
батырлары да болмайды. Сонымен қатар ол, ең алдымен, елінің патриоты атанбаса, батыры да емес. 
Демек, ұлтына деген құрмет патриотизмнің ажырамас бөлігі. Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік 
жоқ  жерде  патриотизм  тумайды.  Егер  тура  мағынасында  айтсам,  патриотизм  –  адамды  өзінің  арғы 
тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп”,- деп белгілейді. 
Мектеп  оқушыларының  білімін  дамыту,  т`рбиелеу,  патриоттық  сезімін  қалыптастыру,  шығарма-
шылық  белсенділігін  күшейту,  рухы  биік  азамат  етіп  т`рбиелеу  істері  білім  берумен  қоса  жүреді. 
Дегенмен, бұл жұмыстар сыныптан тыс жұмыстарда өз жалғасын тауып, жүзеге асырылады. 
Сыныптан тыс жұмыстарда көркем шығармаларды пайдалану – оқушылардың патриоттық т`рбие-
сін  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  оқушының  білімі  артып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет