Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж.
353
Патриоттық т`рбие ұлттық мақтаныш сезімінен туындайды. «Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз -
белгілі бір басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады,
ұлттық мақтаныш сезімі `рбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң» - деп Б.Момышұлы анықтама берген
[4].
Қазақ балалар `дебиетін зерттеуші ғалым Ш.Ахметов «Қазақ халқының бала т`рбиелеу д`стүрі»
атты еңбегінде: халқымыздың т`рбие ісінде қамтыған м`селелеріне жан-жақты тоқталған.
- Біріншіден, т`рбие басы адам алдымен `дептілікке үйретуді көздеген, `депті бол дегенді басты
міндет етіп қойған.
- Екіншіден, мейірімді болуды үйреткен.
- Үшіншіден, тіл алғыш елгезек болуға т`рбиелеген.
- Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуды көздеген.
- Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа
құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген.
- Алтыншыдан, үлкенді, ата-анаңды сыйлай білуді үйреткен.
- Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа, - дейді халық т`рбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз
емес, қаріп-қасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) көзге
түртіп көрсетпе деген сөз.
- Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді
үйретеді, - деп қорытынды шығарады [5]. Бұған қарап, т`рбиенің қай саласы болса да ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келе жатқан д`стүрдің бірі-патриоттық т`рбие беруге баулитындығын көреміз.
Көркем шығармалар арқылы ақын-жазушылар туған жер табиғатын, оның ерекшелігін, байлығын,
оған деген сүйіспеншілігін суреттейді. Халқымыз туған жерді қатты қадірлеп, оның сан қилы
құпияларын ерекше сипаттаған. Ол шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың бойында патриоттық
сезім оятып, туған жерге деген сүйіспеншілік рухын егуге болады. Бастауыш сынып оқушыларын
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін т`рбиелеуде жүйелі түрде жүргізілген үгіт-насихат, өнеге,
оқушылардың мінез-құлқы мен іс-`рекетін ұйымдастыру арқылы қалыптасады.
Халқымыздың ұлттық қасиетінің `демі қағидалары мен ережелерін бала т`рбиесінде терең м`н
бере шебер қолдана білсек, ұлтжанды, иманжүзді ұрпақ т`рбиелей аламыз. Ол үшін халқымыздың
тарихы мен жүріп өткен жолдарын балаларға түсіндіре отырып, саналы т`рбие мен білім беруді
алдымызға айқын мақсат етіп қоюмен бірге оны жүзеге асыруымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: