С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет516/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
351 
тереңдеумен  қатар,  олардың  дүниетанымдық  көзқарасы  онан  `рі  дамып,  ойлау  қабілеттері  жетіледі. 
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  басты  ерекшелігі  олар  еріктілік  принципте  құрылатындығында,  яғни, 
оларға  көркем  шығармаға  қызығушылықпен  қарайтын  оқушылар  қатысады.  Оқушылар  ынта  мен 
өздерінің қабілеттеріне қарай өздігінен `ртүрі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалау-
лары бойынша жалпы немесе жеке атқаратын жұмыстарға белсене қатысады.  
Бұдан  шығатын  қорытынды,  мұғалімнің  ең  алдымен  сыныптан  тыс  сабақ  түрлерін  еркін  таңдап 
алуының  керектігін  білдіреді.  Мұғалімдердің  басты  міндеті  -  сыныптан  тыс  жұмысқа  оқушыларды 
түгел тартып, олардың белсенділігін көтеру. 
Сыныптан тыс жұмыстардың екінші ерекшелігі - оның міндетті бағдарламалар талабымен байла-
нысты болмайтындығында. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны мен оны ұйымдастыру формасы негізінен 
алғанда  оқушылардың  ынталары  мен  талап-тілектеріне  ж`не  жергілікті  жағдайларға  байланысты 
туындайды. П`ндік ж`не басқа үйірмелердің бағдарламалары оқушылардың қызығушылығын, қажет-
тілігін өтеуге құрылады. Бағдарламалар  `дістемелік нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекші-
лері  нақты  жағдайларды  ж`не  оқушылардың  ықылас  қалауын  ескере  отырып,  жұмыс  жоспарын 
жасайды.  Сыныптан  тыс  жұмыстың  мазмұны    мектепоқушыларының  ынтасы  мен  қалауы,  тілек-
талаптарына сай келетіндей тұрғыда қарастырылады. 
Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір ерекшелігі - жас шамасы `ртүрлі оқушыларды қамтитынды-
ғында.  Жас  шамасы  `ртүрлі  оқушылардың  қатысуы  сыныптан  тыс  жұмысты  ұйымдастыруға  ж`не 
өткізуге  кедергі  бола  алмайды,  қайта  оны  жандандыруға  көмектеседі.  Тіпті  бұл  `ртүрлі  сынып 
оқушыларын  біріктіріп,  топтастырып,  ұйымшыл  болуға  т`рбиелейді.  Мұнда  `ртүрлі  сыныптардың 
оқушыларын  біріктіретін  үйірмелерде  ересектеу  балалардың  өзінен  кішілерге  қамқорлық  жасау-
ларына,  жолдастық  өзара  көмекті  өрістетуге  жақсы  жағдай  туғызылады,  оқушылар  арасындағы 
қарым-қатынас этикасы  қалыптасады. 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  төртінші  ерекшелігі  -  онда  өздігінен  талпыныс  жасау,  ізденушілік 
көркем  шығармамен  айналысудың  басым  болуына  көмектеседі.  Үйірмелерде,  спорт,  көркемөнер-
паздар  ұжымдарында  балаларды  өздіктерінен  жұмыс  істеулеріне  кең  мүмкіндіктер  беріледі.  Оны, 
мұғалімдердің  бағыттап  отырғанмен,  жұмыстың  барысын,    негізінен  мектеп  оушыларының  өздері 
ұйымдастырады.  Сыныптан  тыс  ж`не  мектептен  тыс  сабақтарға  басшылық  жасау  дербестікті  дамы-
туға, үйлесімді іс жүргізуге төселтеді.  
Бүгінгі таңдағы сыныптан тыс т`рбие жұмыстарының ерекшелігінің м`ні ондағы қоғамдық пайда-
лы  іс-`рекеттің  сыбағалы  салмағының  артқандығында.  Қазіргі  уақытта  сыныптан  тыс  жұмыстар 
қоғамға пайдасы мол, к`сіптік бағдар берудегі өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр. 
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  тағы  бір  ерекшелігі  -  формалар  мен  `дістердің  сан  алуандығында. 
Көркем  шығармаларды  сыныптан  тыс  жұмыстарда  пайдаланудың  жолдарын  талдамас  бұрын  ең 
алдымен сыныптан тыс жұмыстың мақсат-міндеттерін анықтауға тура келеді. Сыныптан тыс жұмыс-
тарға сабақтан тыс уақытта оқушыларымен мектепте жүргізілетін,  т`рбие ж`не білім беру сипатында 
ұйымдастырылған,  `рі  мақсатты  бағыты  бар  сабақтар  жатады.  Бұл  жұмыстар    патриоттық  т`рбие 
берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамытуға, бос уақытты тиімді  
ұйымдастыруға септігін тигізеді. 
Сонымен  қоса  қазіргі  жағдайдағы  сыныптан  тыс  жұмыстың  жетінші  ерекшелігі  -  оның  бұқара-
лығы.  Ол  табиғатты,  техниканы,  өнерді,  `дебиетті  сүйетін  жеке  оқушыларды  ғана  емес,  барлық 
оқушыларды  қамтиды.  Оның  бұқаралық  формалары  топтық  ж`не  жеке-дара  сабақтармен  толық-
тырылып отырады.  
Белгілі  ғалым-`діскерлердің  еңбектеріне  талдау  жасай  отырып:  «Сыныптан  тыс  жұмыстар  деп, 
мектепте бірақ сабақ кестесінен тыс жүргізілетін оқу-т`рбие жұмыстарының барлық түрін айтамыз», 
-  деген  анықтама  беруге  болады.  Бұдан  шығатын  қорытынды  мектепте  жүргізілетін  сыныптан  тыс 
жұмыстар  оқу-т`рбие  процесінің  жалғасы  болып,  ол  білімдік,  т`рбиелік,  дамытушылық  сипатта 
жүргізілген  жұмыстар төмендегідей мақсаттарды көздейді: 
- оқушылардың сабақ барысында алған теориялық білімдерін толықтырып, тереңдетіп, дамытып, 
оқуға,  көркем  шығарма  үлгілеріне  сүйіспеншілік  сезімдерін  туғызып,  ынтасын  арттыруға  жағдай 
жасау; 
- сыныптан  тыс  жұмыстардың  мазмұны  мектеп  бағдарламасының  мазмұнын  толықтыратындай 
болуы; 
- сыныптан  тыс  жұмыстар  сабақтан  бос  кезде  оқушылардың  дұрыс  демалысын  ұйымдастыра 
отырып, практикалық жағынан дағды-`рекеттерін қалыптастыру. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет