С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата01.02.2017
өлшемі7,13 Mb.
#3195
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49

Summary: article on the adoption of the idea, that humanitarian approach in terms of musical education and training of 
the most ensure full development of the child as a preschooler holistic phenomenon. 
Keywords: humanitarian approach , musical training , preschooler , integrity development. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(47), 2015 г. 
213 
УДК  
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ 
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ  
.ДІС-Т.СІЛДЕРІ 
 
Р.ДДуйсенбаева – аға оқытушы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе; 
 
Аннотация 
Мақалада  мектепке  дейінгі  зияты  бұзылған  балалардың  сөйлеу  тілін  дамытуды  қамтамасыз  етуде  объективті 
түрдегі  ақпараттармен  толықтырылған  коммуникативтік  қабілеттілік  пен  сөйлеу  5рекетін  бейнелейтін  коррекция-
лық-педагогикалық нұсқаулардың құрылуы қарастырылған. Шектелген сөздік қор мен тілдің грамматикалық құры-
лымын жеткіліксіз түрде игеру оқылған м5тінді ауызша түсінуге шектеу жасайды. Тілдің грамматикалық құрылымы 
мен сөз мағынасын толық игере алмаудан, бала айналадағы адамдарға өзінің барлық тілдік мүмкіндіктерін, өз қала-
уын, сұранысын, талабын, ұсынысын айтуда көптеген қиындықтарға ұшырайтыны,ол сөзді толығымен айта алмаса 
сөздің бөліктерін ғана айтатыны баяндалады. Сөздік қоры мен сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жеткіліксіз 
дамуы,  ауызша  байланыстырып  сөйлеу  тілінің  қалыптасуына  кері  5серін  тигізеді.  Сонымен  қатар  мақала  авторы 
аталған  м5селе  бойынша  байланыстырып  сөйлеу  тілі  дегеніміз  -  логикалық  бірізділік  ж5не  грамматикалық  дұрыс 
құрыл-ған белгілі бір мазмұнның нақты кең түрде баяндалуы өте маңызды екенін атап өтеді. 
Түйін сөздер: Мүмкіндігі шектеулі бала, тұлға, ауызша ж5не жазбаша сөйлеу тілі, коммуникативті, сөздік қоры, 
дактильді сөйлеу, фонетика, грамматика, саңыраулар, анализаторлар, тіл мүкістігі, зияты, ақпарат,логика, бірізділік, 
жалпы сөйлеу тілі, құндылық, фонематикалық есту қабілеті, байланыстырып сөйлеу тілі. 
 
Қазіргі өркениетті қоғамдағы алға қойылып отырған басты міндеттердің бірі арнайы білім беру жүйе-
сіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру н5тижесінде жан-жақты жетіл-
ген тұлғаны қалыптастыру м5селесі болып отыр. 
Білім  беру  саласындағы  қазіргі  тенденциялар  болашақ  ұрпақтан  5леуметтік  адамгершілік  тұрғыдағы 
жан-жақты  дамуды  қажет  етеді.  Қоғам  қажет  ететін  мұндай  талаптарды  орындауда  балаларды  сөйлеу 
м5дениетіне,  м5дени  санаға  дағдыландыруымыз  керек.  Кез-келген  білімді  игеру  білім  берудегі  нақты 
жүйені  меңгеру  ғана  емес,  тұлғаның  ішкі  дүниесінің  дамуын  қамтамасыз  ететінін  түсінетін  кез  келді. 
Өмір сүру барысындағы кез-келген 5рекеттер тілсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Бүгінгі білімді, м5де-
ниетті  адамды  жай  «білімді»  адам  емес,  өмір  сүруге  бейімделген,  құзыретті  адам  ретінде  тануымызға 
болады. 
Б.П.Никитиннің айтуынша, ерте жастағы баланың сөйлеу тілінің дамуының негізгі қайнар көзі үлкен 
адамдар  болып  табылады.  Егер  бала  туғаннан  бастап  үлкендердің  сөзін  естіп  үнемі  оған  сөйлеп,  үлкен 
адамның сөйлеген сөзіне жауап беруге деген қабілетін оятып, үнемі сөздерді қайталатып отырса, бала бір 
жастың ішінде сөздерді айта бастайды, ал бір жасқа толық толғанда қарапайым фразаларды айта бастайды. 
Адамның  ең  күрделі  жоғарғы  психикалық  қызметі  сөйлеу  тілі  болып  табылады,  балалардың  жалпы 
білім беру мектебінде сапалы білім алуға дайындығы көбінесе балалық шақтағы сөйлеу тілінің құрылу 
деңгейіне  байланысты  болып  келеді.  Сонымен  қатар,  қимыл  қозғалысы  белсенді,  ерте  жүріп  бастаған 
балалардың, өз – «еріншек» қатарластарына қарағанда сөйлеу тілі ерте шығады. 
Тілдің  жалпы  жетіспеушілігі  –  түрлі  тіл  бұзылулары,  онда  балалардың  қалыпты  естуімен  зиятында 
дыбыстық ж5не мағыналық жағына жататын тіл жетіспеушілігі жүйесінің барлық компонеттерінің қалып-
тасуының бұзылуы байқалады. Бұл 5рекет балалардың тіл патологиясының күрделі формаларында кезде-
седі: алалия, афазияда, ринолалия, дизартрияда.  
Көп  жағдайда  сөйлеу  тілінің  кемістігі  балалардың  қозғалыс  дамуында  кездеседі.  Баланың  қозғалыс 
дамуы жас шамасына сай келмесе оның сөйлеу тілінің кемістігі де болмақ емес, нақтырақ айтсақ үнемі 
қозғалыста  болу  сөйлеу  тілі  дамуына  зор  ықпалын  тигізбек.  Баланың  қозғалысын  дамыту  логопедтің 
дұрыс жұмыстар жүргізілу кезінде оң н5тиже береді. Бұндай жұмыстар қатарына психомоторлық (ұсақ 
қол  моторикасы,  жалпы  моторика)  ж5не  сенсорлық  (көру,  есту,  сөйлеу)  функциясын  дамытатын  түрлі 
логоритмикалық жаттығулар, 5дістемелер, тапсырмалар, ойындар, сюжетті рөлдік ойындар т.б кіреді. 
Білім беру үрдісіндегі балабақша түлегіне білім мен оның жетістігін игерту қарым-қатынас құралы – 
сөйлеу  тілінің  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Сөйлеу  оқыту  мен  т5рбиелеу  үрдісінің  негізгі  бөлігі  бола 
отырып, білім алушылардың дағды мен іскерлікті игеру түрткісі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақ-
станда ғылым мен білімнің дамуында н5тижелі бағыттар ретінде тұлғаны ж5не оның танымдық 5рекетін 
зерттеу негізге алынып отыр. Сөйлеу тілін дамыту жүйесіндегі негізгі элемент қойылған мақсат-міндет-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №3(47), 2015 г. 
214 
терді  шешуге  қажетті  педагогикалық-психологиялық  жағымды  жағдайларды  туғызу  болып  табылады. 
Сөйлеу  қарым-қатынастар  бірлігіндегі  қалыптасатын  қоғамдық  м5селе  ретінде  қарастырылғанымен,  5лі 
де болса зертттеулерді қажет етеді. Қазіргі қоғамдық дамудың барысы педагогикалық үрдістегі қарама-
қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Педагогика мен психологиядағы, арнаулы педагогикадағы 
теорияларда балалардың жалпы байланыстырып сөйлеу белсенділігі мен сөйлеу 5рекетін арнайы жұмыс-
тар арқылы ұйымдастырудың қажеттігі анық байқалады. 
Тіл арқылы адамзат өз тілегін, өз ойын, өз мақсатын анық жеткізе алады ж5не бұл 5рекеттер сөйлеу 
арқылы жүзеге асады. Сөйлеу 5руақытта екіге бөлінеді: ішкі ж5не сыртқы сөйлеу. Ішкі сөйлеу - адамның 
ойлау  арқылы  сөйлеуі,  ол  тек  өзіне  ғана  м5лім,  өзге  адамға  бейм5лім,  айтылмайды  ж5не  жазылмайды. 
Сыртқы сөйлеу болса, бұл – басқа адамға арналған назар аударылған сөйлеу тілі. Бұлайша сөйлеу дыбыс-
тардан ж5не графикалық белгілерден тұрады. Ішкі сөйлеу тілі диалогтық ж5не монологтық, ауызша ж5не 
жазбаша  болуы  мүмкін.  Ауызша  ж5не  жазбаша  сөйлеу  тілі  бұл  -адамдардың  бір-бірімен  тіл  арқылы 
қарым-қатынас жасайтын өзара байланыс формасы. Ауызша сөйлеу есту арқылы, жазбаша сөйлеу көру 
арқылы қабылданады. Бұлардың 5рбіреуінің өзіне т5н ерекшеліктері бар. Арнаулы педагогикада ауызша 
сөйлеу  мен  жазбаша  сөйлеуді  ғана  ажыратып  қоймай,  саңыраулардың  спецификалық  дактильді  сөйлеу 
тілінің  ерекшеліктерінтармақтау  аса  маңызды.  Мұнда  дені  сау  балаларға  қарағанда  аталмыш  кемістікті 
балалардың 5рбір ауызша сөйлеу тілінің өзінің қабылдануы мен таратылуының нақты т5сілдері бар. Олар-
мен жұмыс барысында сөздік, сөйлемдік ұғымдар жазбаша ж5не дактиль тілі арқылы қабылданады ж5не 
с5йкестенген қол қимылдарының көмегімен игеріледі. Дактиль тілі арқылы қарым-қатынас жасау бала-
ларға түсінікті. Дегенмен, саңырау балалардың кемшіліктерін толығымен жоюда балалар тек сөйлеудің 
жазбаша  ж5не  дактиль  түрін  игеріп  қана  қоймай,  қатынас  құралының  тиімді  т5сілі  –  ауызша  сөйлеуді 
игерулері керек. Ауызекі сөйлеу тілін игеру – саңырау баланың жан-жақты дамуына жасалатын ең керекті 
жағдай.  Бұл  мектептегі  барлық  оқу-т5рбие  процесінің  негізгі  міндеті.  Ауызекі  сөйлеу  тілі  саңырау 
баланың  танымдық  мүмкіндігін  кеңейтіп,  көрнекі-образды  ойлаудан  ауызекі-логикалық  ойлауға  бірте-
бірте көшуді қамтамасыз етеді ж5не саңырау баланың жеке тұлға болып қалыптасуына терең 5сер етіп, 
олардың еститін адамдардың ортасына қосылуына жағдай жасайды.  
Тілдің  фонетикалық,  сөздік  ж5не  грамматикалық  құрылымының  принциптері  мен  заңдылықтарын 
жан-жақты  зерттеуші  Р.М.Боскис  еңбектерінде  есту  қабілеті  нашар  балалардың  екі  негізгі  категориясы 
көрсетілген.  Олар  -  саңыраулар  ж5не  нашар  еститіндер.  Саңыраулар  категориясына  жататын  балалар 
тобына туғаннан немесе ерте жастан бастап жүре пайда болған өз беттерінше ауызекі сөйлеу тілін игере 
алмайтын саңырау балалар жатады. Нашар еститін балалар категориясына жататындардың есту қабілеті 
белгілі себептерге сай нашарлаған, бірақ олардың осының негізінде өз бетінше тілдік даму қалыптасуы 
мүмкін.  Осылайша  жіктелген  саңырау  балалардың  тілі  мен  нашар  еститін  балалардың  тілі  кейбір 
сақталған  есту  анализаторларының  функцияларын  қолдану  жағдайларында  дамиды.  Бұл  нашар  еститін 
баланың  естіген  сөзін  бұзылған  түрде  болса  да  толықтырып  айтуына  5келеді.  Сөздерді  бұзылған  түрде 
айту нашар еститін балаларға т5н, бұл мүмкіндік саңырау балаларда болмайды. Оларда сөйлеу тілі есту 
қабілетінің көмегінсіз жадында сақталған, ойында қалыптасқан негіз арқылы дамиды. 
Шектелген сөздік қор мен тілдің грамматикалық құрылымын жеткіліксіз түрде игеру оқылған м5тінді 
ауызша  түсінуге  шектеу  жасайды.  Тілдің  грамматикалық  құрылымы  мен  сөз  мағынасын  толық  игере 
алмаудан,  бала  айналадағы  адамдарға  өзінің  барлық  тілдік  мүмкіндіктерін,  өз  қалауын,  сұранысын, 
талабын,  ұсынысын  айтуда  көптеген  қиындықтарға  ұшырайды.  Егер  ол  сөзді  толығымен  айта  алмаса 
сөздің бөліктерін ғана айтады, яғни ол айналадағы адамдарға түсінікті болады.  
Есту  қабілеті  нашар  оқушы  оқуда  да  қиындықтарға  кезігеді.  Сөздіңдыбыстық  құрамын  толығымен 
игермеу  м5тін  ішіндегі  сөздердің  мағынасын  түсінуге  кедергі  жасайды.Мысалы,  оқушы  «аспаж»  деп 
жазса,  ол  сөздің  «аспаз»  екенін  мағынасына  қарай  түсінбейді  де  танымайды,  себебі  ол  оның  дұрыс 
айтылуын  естіген  жоқ.  Нашар  еститін  оқушылардың  тілдік  дамуының  деңгейі  тек  есту  қабілетінің 
жеткіліксіздігінің деңгейіне ғана емес, басқа да патологиялық аурулардың себептеріне байланысты, яғни 
м5селе  есту  қабілетіндегі  кемшілік  қай  жаста  пайда  болғандығына  байланысты.  Саңырау  балалардың 
м5тінмен жұмыс, сұрақтарға жауап берудегі сөз мағынасын ажыратып түсіне білуі баланың жекедаралық 
ерекшеліктеріне де байланысты, яғни аңғарымпаз, белсенді, ынталы балалар ерін қимылының көмегімен 
сөздерді тез ажыратып, ертерек қалыпқа түсіп кетеді. 
Тілдік қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз етудегі маңыздыжағдай баланың сөйлеу кезінде сөйлемнің 
5р түрін қолдана білуі, яғни үлгі бойынша белгілі ситуацияларға сай нақты сөз тіркестерін пайдалана білуі 
болып табылады. Сондықтан жан-жақты ұйымдастырылған оқу-т5рбие процесінде балалар тілін дамыту-
ды  жеделдету  сөйлеуге  ынталандыру  үшін  5р  түрлі  дидактикалық  материалдар  мен  оқу  құралдарын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(47), 2015 г. 
215 
пайдаланып,  бала  тілінің  5р  түрлі  даму  кезеңдеріне  сай  тиімділігін  арттыру  үшін  ұйымдастырылған 
жұмыстар жүргізілуі керек. 
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету жұмыстарының мазмұны психологиялық-педагогикалық тұрғы-
дағы  анықталған  5діс-т5сілдердің  көмегімен,  арнаулы  логопедиялық  жұмыстардың  мазмұнымен,  қажет 
жағдайларда медициналық көмектің бірлігі арқылы шешіледі.  
Сөйлеу  тілін  дамытуда  қолдың  ұсақ  моторикасын  жетілдіру  қажетекені  баршамызға  м5лім.  Ұсақ 
моториканы  саусақ  жаттығулары  арқылы  дамыту  тиімді.  Саусақ  гимнастикасы  музыкамен  орындалады 
ж5не қол ептілігін, ұсақ моториканы, қол қимыл-қозғалысының тепетеңдігін дамытуға бағытталады. Олар 
баланың ішкі жан дүниесіне 5сер етіп қана қоймай, сонымен қатар есте сақтаудың жақсаруына 5сер етеді 
ж5не баланың сөйлеу тілін, фантазиясын дамытады. 
Саусақ  жаттығулары  кешенімен  танысудың  бірінші  кезеңінде  жаттығулар  қарапайым  қимылдармен 
орындалады  (мысалы:  «айдағы  Дымбілмес»  кешені  сияқты  орнындажүріп  орындау;  «Ертегілер  5леміне 
қонаққа  бару»  сабағы  сияқты  аяқ-қолдың  қарапайым  қимылы).  Тапсырмада  осындай  5дістемелік  т5сіл-
дерді қолдана отырып, біз ұсақ моторлық тепетеңдік қабілетін ж5не дене қозғалыс қабілетінің дамуына 
белсенді  түрде  5сер  етуге  болады.  Саусақ  жаттығуларын  негізгі  ж5не  қосымша  сабақтарда  қолдану  өте 
маңызды. 
Жоғарыда  аталған  логопедтік  жұмыстар  жүйелі  түрде  ж5не  дер  кезінде  жүргізілуі  маңызды  орын 
алады. 
Сөйлеу тіліндегі түрлі д5режедегі кемшіліктердің баланың тұлғалық дамуына кедергі келтіретіндігін 
есепке  алып,  қажетті  білім  мен  іскерлікті,  дағдыны  игертудің  тиімді  жолдарын  қарастыруымыз  тиіс. 
Сөйлеу қызметінің күрделі бұзылымы кезіндегі жалпы сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін есепке алып, 
сөйлеу  тілін  дамытудағы  педагогикалық  жағдайларды  логопедиялық  жұмыстармен  байланыстырып 
орындауға болатыны анықталған. Сөйлеу тілі толық қалыптасқан тұлғаның жалпы дамуы негізге алына-
ды. Жеке тұлғаның қалыптасу заңдылықтарына сүйенуде А.Ф.Лазурскийдің «тұлғаның қоршаған ортаға 
бейімделу концепциясы» басшылыққа алынады. Жеке тұлға мен оның сөйлеу тілінің 5леуметтік мазмұны 
Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейннің концепцияларында қарастырылады. [1;10] 
Қазіргі  педагогикалық  т5жірибе  логопед  мамандардан  мектепке  дейінгі  зияты  бұзылған  балалардың 
сөйлеу тілін дамытуды қамтамасыз етуде объективті түрдегі ақпараттармен толықтырылған коммуника-
тивтік  қабілеттілік  пен  сөйлеу  5рекетін  бейнелейтін  коррекциялық-педагогикалық  нұсқаулардың  құры-
луын талап етіп отыр. 
Осыған орай, арнаулы балалар мекемесінің алдында тұрған ең маңызды м5селе жалпы тіл кемістігі бар 
балалардың  ерекшелігін  терең  зерделей  отырып,  арнайы  білім  беруін  тиімді  ұйымдастыру  негізінде 
қоршаған  өмірмен  қарым-қатынас  жасауға  бейім  тұлғаны  қалыптастыру.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыруда 
жалпы  сөйлеу  тілі  бұзылған  ақыл  ойы  кем  балалардың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамытудың  орны 
ерекше.  Жалпы  сөйлеу  тілі  бұзылған  балалармен  түзету-т5рбиелеу  жұмысын  жүргізу  барысында  уақы-
тында сөйлеу тілінің қалыптасуын тексеріп анықтаудың маңызы өте зор ж5не бұл м5селе қазіргі кездегі 
өзекті м5селелердің бірі болып табылады. 
Ауыр  тіл  мүкістігі  бар  балалардың  сөйлеуді  бақылау  кезінде  олардың  сөйлеуін  ұйымдастырудағы 
қиындықтары  өзге  адамдармен  қарым-қатынасына  теріс  5сер  ететіні  анықталған.  Бұл  категориядағы 
балалардың тілдік ж5не коммуникативті дағдыларының өзара байланысы, яғни сөздік қордың жұпыны-
лығы  мен  сараланбауы,  етістік  сөздігінің  аздығы,  байланыстырып  сөйлеудің  ерекшеліктері  т.б.  толық-
қанды  тілдік  қарым-қатынасқа  кедергі  жасайды.  Содан  сөйлесу  қажеттілігі  төмендейді,  коммуникация 
формалары қалыптаспайды (диалог ж5не монолог), мінез-құлық ерекшеліктері пайда болады: тілдік бай-
ланысқа қызықпау, негативизм, сөйлесу ситуациясында бағдар жасай алмау байқалады. 
Сөйлеу тілінде кемшілігі бар зияты бұзылғанбалалардың сөйлеу дағдысын зерттеу жұмыстары олар-
дың тілдік қатынасында қалыпты дамудағы 2-4 жасқа т5н ситуациялық-іскерлік форма басым болатынын 
көрсетеді. [2; 236] 
Осылайша,  сөйлеу  тілінде  кемшілігі  бар  балалардың  тілдік  ж5не  когнитивті  бұзылуы  олардың 
қоршаған ортамен толыққанды коммуникативті байланыстарының орнығуына кедергі жасайды. Осыған 
орай бұл балаларды социум талаптарына с5йкес қолайлы, тиімді бейімдеу мақсатында тілдік, танымдық 
ж5не  коммуникативті  5рекеттері  компоненттерін  дамыту  мен  түзетуге  бағытталған  арнайы  жұмыстар 
жүргізілуі қажет.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беру  саласында  ізгілендіру  мен  демократияландыру  идеясын  іске 
асыру бағытындағы жұмыстар арнайы білім беру мекемелеріндегі оқу-т5рбие үрдісінің мазмұнын ұйым-
дастыруда жаңа сапалы деңгейге шығып отыр. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №3(47), 2015 г. 
216 
А.Н. Гвоздевтыңм5ліметіне сүйенсек, бала өмірінің 3-жылында сөйлеу тілінің негізі қалыптасады, ол 
барлық  грамматикалық  категориялардың  негізін  меңгерген,барлық  сөз  таптарын  меңгерген,  ешбір 
қиындықсыз грамматикалық ережелерді сақтапұзақ сөйлемдер құрайды. 
М.Ф. Гнездилов, В.Г. Петрова жұмыстарында көмекші мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеу 
тілі баяу қарқынмен дамып, сапалы ерекшеліктерімен сипатталатыны туралы жазылған.  
Авторлар  көрсеткендей,  балалардың  ситуациялық-5рекеттік  формасының  ситуациялық  емес-таным-
дыққа, ситуациялық еместен- жекеге ауысуы сөйлеудің лексикалық құрамы мен грамматикалық қатарын 
толтырып отырады. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың жоғары коммуникациялық қарым-қатынас 
5рекетіне өтуі лексикалық ж5не сөйлеудің грамматикалық қатарының дамуына 5келеді.Осылайша бала-
ның байланыстырып сөйлеу тілі қалыптасады. 
Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады.  
Байланыстырып сөйлеу тілі- өзіне т5нбелгілерімен, сонымен қатар жүйелілікпен, бірізділікпен баяндау 
ерекшеліктерімен  сипатталады  ж5не  сөйлеудің  толық,  кең  түрде  берілуі  болып  табылады.Сонымен 
байланыстырып сөйлеу тілі дегеніміз- логикалық бірізді ж5не грамматикалық дұрыс құрылған белгілі бір 
мазмұнның нақты кең түрде баяндалуы. 
Демек тіл дамыту оқыту үрдісінде тілдік құралдарды қарым-қатынас ретінде орынды жұмсай білуге 
жаттықтыру  болып  есептеледі.  Ал  А.Жаппаров:[«Біз  тіл  дамыту  жұмыстары  деп  баланың  тілді  қарым 
қатынас құралы ретінде өз т5жірибесінде пайдалана білуге қажетті іскерлік пен дағдысын меңгеріп, белгі-
лі бір тілдік заңдылықтар мен өнер үлгілерін қолдана білу икемділігі мен дағдысын қалыптастыра білу 
деп  түсінеміз.  Ал,  қазақ  тілі  п5нін  оқытудағы  тіл  дамыту  бұл  мұғалімдердің  оқушыларды  лексикалық, 
грамматикалық ж5не орфоэпиялық пен орфографиялық нормалары мен заңдылықтарын үйретумен қатар, 
қарыс қатынас жасау мен сөйлеу мазмұнына орай тілдік құралдарды орынды пайдаланып, ойын ауызша 
ж5не жазбаша түрде жеткізе білу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру үшін жүргізілетін 5рекет 
деп есептейміз», - деп көрсетті. 
Ал, зиятында бұзылыстары бар балалардың фонематикалық есту қабілеті бұған қоса төмен болса, онда 
ол бір – біріне 5сер етіп, сөйлеу тілі дамуын тежейді. 
Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, 
белгілі  бір  ретпен,  кезектілікпен,  мазмұны  жинақы  құрастырылған  сөйлемдердің  жүйесі.  Бірақ,  өз  ана 
тілін  білген  адам,  тек  сөйлеп  қана  қоймайды,  ол  өз  ойын  байланыстырып,  сөйлеу  тілі  арқылы  жеткізе 
біледі.  
Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау-
ға, заттық ж5не 5р түрлі ойын 5рекеттерінде, ойлау 5рекетінің көрнекі – заттық түріне, естуіне, көруіне, 
иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. 
Осымен  бірге  ересек  адамның  сөйлеу  тілі  баланың  фонематикалық  есту  қабілетінің,  белсенді  сөздік 
қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады. 
Қазіргі нарықтық экономика шарттарында мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттілігін дамыту мақ-
сатымен түзете-дамыту сабақтарын жүргізу барысында пікірсайыс технологиясын қолдану қажет. Жаңа-
ша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі мүмкіндігі шектеулі оқушының жетекшілік позициясын 
нығайтып, класта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп алуда жауапты іс-5рекет жасауға 
мүмкіндік береді.  
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. 
Қатысушы  болсам,  мен  түсінемін»  делінген.  Осы  сөздерден  инновациялық  оқытудың  м5ні  өз  көрінісін 
табады.  
Бүгінгі  таңда  арнайы  түзету  мектептерінде  оқу-т5рбие  үрдісінде  түрлі  инновациялық  педагогикалық 
технологиялардың қолданылып жүргені м5лім. Бұл технологиялардың б5рін бір п5н сабақтарында қамту 
мүмкін  емес.  Сондықтан,  арнайы  мектептегі  5рбір  п5нді  ұтымды  меңгертуде  оқыту  технологиясын 
таңдап, іріктеу ж5не оны іс-5рекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы мүмкіндігі шектеулі оқушының 5рекеті-
технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына дефектолог тарапынан ерекше көңіл бөлінуі 
тиіс.  
Сабақтың ерекшелігін ж5не оның тиімділігін арттырудың негізгі т5сілдерінің бірі- мүмкіндігі шектеулі 
оқушыларғадеңгейлік тапсырмалар беру. Олардың ойлау қабілетін дамыту ж5не өз бетімен жұмыс жүргі-
зуге  дағдыландыруда  жаңа  технологияларды  қолдану  қажеттілігі.   Жаңа  педагогикалық  технологияны 
тиімді меңгеру – дефектологтың к5сіптік,адамгершілік, рухани азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі 
5серін тигізіп, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру 
немесе элементтерін пайдалану 5рбір дефектологтың міндеті. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(47), 2015 г. 
217 
Сөздік  қор  мен  грамматикалық  қатардың  дамуы  қайталау  арқылы  меңгеріледі.  Баланың  граммати-
калық  қатардағы  тілді  меңгеру  процесі  күрделі  ж5не  көпқырлы  екенін  сипаттай  келе  А.И.  Гвоздевең 
алдымен баланың нақты ж5не оңай категорияны тез меңгеретіндігін жазады. 
Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түріне – қарым-қатынастүріне аудару керек. Себебі, ол 
баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден – бір т5сілі. [3;29] 
Балалар заттың атын атап айта білуімен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Т.А.Фотекованың айтуын-
ша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық көрсететін 
тығыз байланыс болады. Jрбір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау 5рекетінің ерекшелігіне, темпераментіне, 
жан – жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді. Сөйлеу 5рекетін 
5р  түрлі  танымдық  5ркеттерімен,  5сіресе  ойлауымен  байланысты  қарастыру  жөн.  Сондықтан  да  сөйлеу 
тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады. 
Белгілі  бір  хабарды,  м5ліметті  ауызша  байланыстырып  сөйлеу  тілі  арқылы  жеткізу  үшін,  семанти-
калық ережелерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен анық-
тайды. Н5тижесінде сөздер алынып, хабарлама немесе м5лімет қысқа да, нұсқа айтылады. 
Жалпы  сөйлеу  тілі  жетілмеген  балалар  м5тінді  толық  тыңдап,  қысқаша  түрде  мазмұнын  айтып  бере 
алады. 
Бұл  шараларды  жүзеге  асыру  мақсатында  арнаулы  (түзетім)  мекемелерінің  жұмысы  туралы  қабыл-
данған  типтік  бағдарламаларда  дамуында  кемістігі  бар  т5рбиеленушілерге  арналған  арнаулы  (түзетім) 
білім беру орталықтарын құру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін құру, арнаулы білім беру меке-
мелерін құру, алғашқы к5сіптік білім беру мекемелерін құру, арнаулы (түзетім) білім беру мекемелерінде 
т5рбиеленушілердің өміріне жауап беру, оларға ақысыз білім беру,баланың 5леуметтік ортаға бейімделуі 
мен с5йкестенуін, олардың білім алуы мен т5рбиесін, денсаулықтарын реттеуді қамтамасыз ету м5селе-
лері туралы айтылады. 
Үлгі ретінде көрсетілген типтік бағдарламаның міндеттеріне жүгіне отырып, 5р педагог өзінің тікелей 
атқаратын  функциясы  мен  т5жірибесін  молайтуда  дамуында  кемістігі  бар  баланы  оқыту  мен  т5рбиелеу 
ісімен айналысу үшін жан-жақты үздіксіз өз білімі мен шеберлігін дамыту үстінде болады. Педагог маман 
білім  беру  мен  т5рбиелеу  ісімен  айналысуда  ежелгі  Қытай  ғұламасы,  философ  Конфуцийдің:  «Адамды 
шынайы  күйінде  жақсы  көру  керек,  шектен  тыс  қорғаштай  бермей,  оның  қабілеті  мен  5лсіздігіне  қара-
мастан, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау керек», - деген пікірін еске ала отырып, білімберудің фило-
софиялық  аспектілерін  игеріп,  5леуметтік  орта  мен  құрылымның  адамның  өмір  сүру  5рекетіндегі  ең 
негізгі  маңызды  ортасы  екендігін  түсінуі  қажет.  Осыдан  келіп  дамуында  кемістігі  бар  баланы  жақсы 
н5рсеге  үйретудегі  сезім  мүшелері  мен  сезім  органдарының  атқаратын  ролі  жоғары  екендігін  ескерсек, 
француз философы, ағартушы Жан-Жак Руссоның педагогикалық көзқрастарындағы т5рбиенің негізгі үш 
факторы, яғни табиғат, адам, қоршаған ортадағы заттар деген пікірін басшылыққа алған жөн. Jр педагог 
маман адам денсаулығының құндылығын мойындап, медицина ғылымынан хабардар болып, оқушының 
сезім  мүшелерінің  қатты  мен  жұмсақты,  ащы  мен  тұщыны,  тағы  сол  сияқты  заттарды  ажыратып,  сезе 
білуінен бастап дүниедегі жақсы мен жаманды ажыратып сөйлеу тілін жүзеге асыра білуіне дейін мүм-
кіндік  туғызуы  керек.  Арнаулы  педагогика  балалар  денсаулығының  сақталуы  мен  емдеу  шараларын 
жүргізуге  бағытталаған  іс-шаралармен,  білім  беру  процесіндегі  ауру  балаларға  арнаулы  педагогикалық 
ықпал  жасаумен  айналысады.  Арнаулы  педагог  мамандар  мүмкіндіктері  шектелген  балалармен  жұмыс 
жасаудағы  негізгі  мақсат-міндеттерді  шешу  үшін  диалектикалық-материалистік  методологияға  сүйене 
отырып,  логопедияның,  сурдопедагогиканың,  олигофренияның,  тифлопедагогиканың  принциптері  мен 
5дістерін қолданады.  
Сөз  соңында  уақыт  өткен  сайын  оның  талабына  сай  өмір  сүрупринциптерінің  күрделенуіне  қарай 
5леуметтік  т5жірибенің  міндеттері  мен  т5сілдері  де  өзгеріп  келетінін  ұмытпаған  жөн.  Осыған  с5йкес 
мүмкіндіктері шектелген адамдар арасында да өз деңгейінде жан-жағынан толыққанды біліммен, дүние-
таныммен, т5рбиемен қаруланған адамдардың саны да артып келеді. Мүмкіндігі шектелген адамды жас-
тайынан  қабілетті  ісіне  қарай  баулып,  сол  бағытпен  тынымсыз  еңбек  етудің  н5тижесі,  оны  т5рбиелеу 
ісінің қорытындысы, ол адамның өзінің қоғамға қажет екенін сезіне білуіне, қоғамнан өз орнын табуына, 
қандай да бір д5режеде адами құндылығының бар екенін сезінуге ықпал жасайды. 
Аталған н5тиженің бастауы, түп тамыры арнаулы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын педагог 
мамандардың  тынымсыз  еңбегінің  н5тижесі  ж5не  тұлға  ретінде  қалыптасушы  баланың  осы  педагогтар 
қалыптастыруға тиісті ынтасы екенін ешқашан естен шығармаған жөн. 
Ерте балалық шақ баланың сөйлеу қабілетінің дамуының шешушікезеңі болып табылады. Бала былды-
рынан толық сөйлем айтуға дейін үлкен жолдан өтеді. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №3(47), 2015 г. 
218 
Jйгілі педагог Ян Амос Коменский XVII ғасырдың өзінде сөзді қолданудың пайдасы туралы былай 
деген: «Заттардың атауын толық ж5не ойластыра  айту,  не  ойлағанын  ашық, нақты  айтып  беру грамма-
тиканы, риториканы, поэтиканы игерудің бастамасы». Я.А.коменский сөйлеу мен ойлаудың байланысын, 
олардың дамуындағы негізгі шарттарды былайша сипаттайды: «Адам жануарлардан екі түрлі ерекшелік 
арқылы ажыратылады: ақыл ж5не сөз; адамға ақыл өзі үшін керек, ал сөз-жақыны үшін керек. Сондықтан, 
екеуінде  қамқорлыққа  алуымыз  керек,  адамның  ақылы  да,  тілі  де  дамыған  ж5не  жетілген  болуы  тиіс». 
[4;18] 
Жалпы сөйлеу тілі бұзылған ақыл-ойы кем балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту кезінде лексика-
лық, грамматикалық жағын дамытуға арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүргізілуі тиіс. Себебі, 
сөздік  қоры  мен  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  жағының  жеткіліксіз  дамуы,  ауызша  байланыстырып 
сөйлеу тілінің қалыптасуына кері 5серін тигізеді. 
 
1. Хабаршы. «Арнайы педагогика» сериясы. Алматы:Абай атынд ҚазҰПУ.2010. №1(20б) 
2. Тебенова Қ.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология: Оқулық. Алматы:«Д[уір», 2011ж264 
3. Шабанова Б.А., А.С.Кударинова. Мекемелерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру. Оқу-[дістемелік құрал, 
Павлодар,2010ж 
4. Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. Оқу құралы. Павлодар, - 2011. 122б 
5.  Коррекционное  обучение  как  основа  личностного  развития  аномальных  дошкольников/  Под  ред.  Л.П.Нос-
ковой; - М.: Педагогика, 1989. – 176 с  
6. Екжанова Е.А., Стребелова Е.А. Коррекционно-развивобучение и воспитание. М.,2003  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет