С. И. Шелкунов Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, ұсақтана береді. Жүрекке жақын артериялар/қолқа мен оның тарамдары/ негізінен қанды өткізу өызметін атқарады. Олар, бәрінен бұрын, жүректің соғ



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі8,57 Mb.
#128924
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Қан тамырлары


Тамырлар жүйесі-сұйықтарды өткізгіш жолдар, туралы ілім ангиология деп аталады. Тамырлар жүйесі жүрек-тамырлық жүйе деп аталады. Сонымен, жүректің тамырлар жүйесіндегі орталық мүше ретінде ерекше маңызы атап көрсетілед. Тамырлар жүйесі қанды тасымалдау өызметін атқарады. Ал қанның құрамында қоректік заттар мен жандырғыш заттар мүшелер мен ұлпаларға жетеді (оттегі, глюкоза, белоктар, гормондар, витаминдер және т.б.) Олар әртүрлі физиологиялық процестердің іске асуына қатысады. Мүшелер мен ұлпалардан қан тамырлары арқылы зат алмасудың соңғы заттар жетіледі.
Жоспар:
1.Қан-тамыр жүйесі.
2.Қан тамырлары: артерия,веналар,капиллярлар.
3.Үлкен қанайналым шеңбері.
4.Кіші қанайналым жүйесі.
5.Аймақтық қанайналым.
6.Микроциркуляция.
7.Жүрек.
8.Жүрек құрылысы,топографиясы,шекаралары.
9.Баланың жүрек құрылысындағы ерекшеліктері.
Артериялар. Организмде тамырлардың болатындығы тіптен Аристотель де/ б.д.д. 384-322 жылдар/ болған еді. Айта кету керек, ең үлкен артериялық тамырға қолқа деп ат берген де Аристотель болатын. Жүректен басталып, барлық қан аппаратын тамырлар артериялар деп аталады. Мысалы, Абубали ибн Сина былай деп жазған: «Артериялар жүректі үрлеп, одан түтін буын кетіру үшін және жаратқанның құдыретімен ауаны/пневманы/дененің бөліктеріне тарату үшін жаратқан».
Артериялардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық, тамырдың қуысы жағыннан эндотелимен астарланған. Оның астында субэндотелі мен ішкі элатикалық жарғақ жатады; ортаңғы қабық, жазық салалы бұлшықет талшықтарының екі қабатынан/сыртқы-ұзын бой, ішкі-айналмалы, циркулярлы/ тұрады. Олардың арасында эластикалық талшықтар болады; сыртқы қабық, дәнекер ұлпалық талшықтардан тұрады. Артерия қабырғасының эластикалық қаңқа құрап, артерия қабырғасына пружина тәрізді жұмыс істейтін серпімділік қасиет береді. /С.И.Шелкунов
Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, ұсақтана береді. Жүрекке жақын артериялар/қолқа мен оның тарамдары/ негізінен қанды өткізу өызметін атқарады. Олар, бәрінен бұрын, жүректің соғуымен итеріліп шығатын қанның көлеміне қарсы тұру қызметін атқарады. Сондықтан олардың қабырғаларында механикалық сипаттағы құрылымдар басым дамыған. Яғни, эластикалық талшықтар мен жарғақтар. Мұндай артериялары артериялардың эластикалық түрі деп атайды. Жүректің соғуының инерциясы әлсіреген орташа және уақ артерияларды қанның әрі қарай жүру үшін қан тамырының қабырғасының өздерінің жиырылуы қажет. Сондықтан оларда жиырылғыштық қасиет басым болады. Бұл жиырылғыштық қасиеті тамырлардың өабырғасында жақсы дамыған жазық салалы бұлшықет ұлпасы қамтамасыз етеді. Орташа артериялардың көпшілігі/ұйқылық, сан, бұғана асты артериялары/ артериялардың аралас бұлшықеттік-элатикалық/түріне жатады.Жекелеген артериялар қанмен тұтас мүшелерді немесе олардың бөліктерін қамтамасыз етеді. Мүшелерге қатысты, олардан тысқары, мүшелердің ішінде тармақтанатын-интраогандық артерияларды ажыратады.
Мүшеге тарқалғанда немесе мүшенің артерия уақ тамырларга тармақтанады. Артериялардың тармақтануыныңмигистральлды және шашырыңқы түрлерін ажыратады. Магистарльды түрде, негізі ствол/баған/- магистарьдық артерия болады да, одан біртіндеп бүйір тармақтары кеткен сайын кішірейе береді. Артерияның тармақталуының шашырыңқы түрі негізі стволдың бірден екі немес одан да көп соңғы тармақтарға бөлінуімен сипатталады.
Бір стволдың тармақтары немес әртүрлі стволдардың тармақтары өзара жалғаса алады. Тармақтардың осындай капиллярларға бөлінгенше жалғасуы анастомоз/-саға, құйылыс/ деп аталды. Анастомоз жасайтын артериялар анастомозданатын деп аталады/олар көпшілік/.
Дененің негізгі бөлшектерін қамтамасыз ететін және тамырлардың жеке жүйесі болып табылатын ірі артериялық магситральдардың/қолқа, ұйқылық/бұғана астылық және т.б. артериялар жатады. Бұл ірі артериялық магистральдың тармақтарының арасындағы анастомоздар жүйе ішілік анастомоз деп аталды. Бұл анастомоздардың кейбіреулерімен сіздер практикалық сабақтарда танысқансыздар\мысалы, Риолонав доғасы/.
Капиллярлар алмасу қызметін атқаратын өті жіңішке қыл тамырлар болып табылады. Капиллярлардыңбар екендігі туралы ғалымдар тек 1661 жылы, италия ғалымы Марчелло Мальпиги ашқаннан кейін ғана білді. Капиллярлардың қабырғасы арқылы алмасудың негізгі процесттері жүреді. Осыған байланысты ол жазық эндотелиальдық клеткалардың бір қабатынан тұрады. Капиллярларда жиырылғыш элементтер бар ма, жоқ па деген сұрақ осы күнге шейін біріңғай шешім тапқан жоқ. Өзара кеңінен анастомоз жасап, капилляларлар венаға жалғасатын тор, капиллярлар торын құрады.
Веналар қанды артерияларға қарағанда қарама-қарсы бағытта-мүшелерден жүрекке қарай тасиды. Веналардың қабырғаларының құрылысы артериялардікі сияқты, бірақ едеуір жұқа. Оларда эластикалық және бұлшықеттік ұлпалар аз, сол себепті бос веналардың қабырғалары қабысады, ал көлденең кесіндісі артериялардың қуысы ашылып үңірейіп тұрады. Әсіріесе веналық саланың алғашқы бөліктері-венулалар өте жұқа. Олар тікелей капиллярлар торынан қалыптасады да веналардың түбірі/басы/ болып табылады. Венулалар, бір-бірімен бірігіп, ірі веналар стволын түзетін, веналарға айналады. Бұл веналық стволдар жүрекке келіп құяды. Веналар өзара кеңінен анастомоз жасайды да веналық өрімдер түзеді.
Үлкен қанайналым шеңбері(денелік) барлық мүшелер мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегіні жеткізу.
Ол жүректін сол карын- шасынан (қолқадан) басталады. Артериялық қанды ағзаға алып барады, түсі ашық ал-қызыл болады.
Қолқа мүшелер мен ұлпаларға баратын ірі артерияларға одан әрі орташа, кіші артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Капилляр венулаларға, одан әрі веналарға жиналады. Веналар екі үлкен сабауға бірігеді - жоғарғы және төменгі қуысты веналарға, олар барып оң жақ жүрекшеге құяды. Қан айналымның осы жүрген жолы үлкен канайналым шенбері деп
аталады.
Үлкен қанайналым шеңберіне қосымша жүректі қанмен қамтамасыз ететін ушінші кан айналым шенбері бар.Ол қолқадан жүректің тәждік артерияларымен басталып, жүрек веналарымен аяқталады. Веналар оң жақ жүрекшеге құятын тәждік қойнауға қүйылады, ал ұсақ веналар жүрекшеге тікелей ашылады. Аймактык канайналым. Жалпы қанайналым жүйесі үлкен және кіші қанайналым шеңберімен дененің әр мүшелерімен аймақтарында қызметтеріне байланысты және керек етілуіне байланысгы жүмыс істейді. Осыған байланысты жергілікті немесе аймактық қанайналымды ажыратады. Ол магистральді және мүшенің езіне тән қүрылысы бар мүше тамырларымен жүзеге асады.
Кіші қанайналым шеңберінде (өкпелік) қан өкпеде оттегімен байытылады. Ол оң жақ қарыншадан басталады. Оң қарыншадан өкпе сабауы шығып, өкпеге жақындағанда оң жақ және сол жақ өкпе артерияларына бөлінеді. Олар өкпеде ірі, орташа, кіші көлемдегі артерияларға, артериолаларға, капиллярларға бөлінеді.
Капилляр торындағы қаннан өкпе көпіршіктеріне көмір қышқылын алып келіп, оттегіні алады (өкпелік тынысалу). Оттегіне қаныққан қан ал қызыл түске боялады да, артериялық қанға айналады. Қан төрт өкпелік венаға бірігетін, капиллярдан венулаға және венаға түееді де(әр бір жағынан екеуден), сол жақ жүрекшеге құйылады. Сол жақ жүрекшеде кіші Қанайналым шенбері аякталады. ал жүрекшеге түскен қан сол жақ атриовентрикулярлық тесік арқылы сол жақ қарыншаға өтеді де үлкен қанайналым шеңберіне жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет