С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата07.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3624
  1   2   3   4   5   6   7

 

 



 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина 

университеті 

 

 

 

 

 

 

ҚазҦМУ 80-жылдық мерейтойына арналады

 

 

 

 



 

 

 



 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ 

ҦЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 

МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҤЛГІСІ 

 

 



 

 

 

3-ші бөлім 

БІЛІМ БЕРУ ҤЛГІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011ж.

 

 



 

 



 

УДК 378+61 

ББК 74.58 

М 74 


 

А.А.Ақанов,  В.И.Ахметов,  М.А.Абирова,  А.Д.Қызаева,  Б.С.Турдалиева,  Г.М.Есенжанова, 

О.М.Мырзабеков, А.С.Қаракүшікова, С.Р.Керимбаева, А.М.Қаржаубаева 

 Редакционная коллегия: Е.А.Славко, К.К.Мустафина, Э.К. Карлова  

 

Аудармашылар: Алибаева Р.Н., Исаева Ж.Т., Калысбаева А.И.  



 

М 74  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҦМУ-ң медициналық білім беру ҥлгісі. Шығ.1. 

– Алматы: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2011. –  3.Б - 53 б. 

   

 

ISBN 978-601-246-225-8 



 

Мемлекетпен 

Болондық 

декларацияға 

қол 

қойылғаннан 



кейін, 

Қазақстан 

Республикасында  білім  беру  жүйесінің  сапалық  ӛзгерістері,  халықаралық  білім  кеңістігінде 

білім  беру  жүйелерінің  шоғырына  қабілетті.  С.Ж.  Асфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

медицина  университеті-Университеттердің  Ұлы  Хартиясына  қол  қойған  Университеттердің 

бірі.  


Қазақ Ұлттық медицина университетінде білім беруді дамыту бағытының негізгісі – оқуда 

сапалы жаңа жүйеге жақындау жолы негізімен соңғы үлгідегі мамандарды қалыптастыру. Осы 

бойынша,  Университеттің  білім  беруді  дамытудың  жаңа  алгоритмдері  қарастырылған  4  жеке 

бӛлімнен тұратын осы кітап сериясы арналған.  

Бірінші  кітапта  жеке  дербес  пәндердің  білім  беру  деңгейінің  құзыреттілігі  ашық 

кӛрсетілген.  

Екінші  кітап  -  студенттің  дербес  білім  алу  траекториясын  ары  қарай  таңдауына, 

мамандықтар  бойынша  білім  беру  траекториясын  құруға,  МЖМБС  –  2006  негізімен  рұқсат 

етілген дербес пән элективтері кӛрсетілген кешенді жасауға, құзыреттілігі есептелген білім беру 

бағдарламаларын ӛңдеуге арналады.  

Білімге, қойылған мақсаттарға қол жеткізу  мен нәтижелік сапасын қамтамасыз ету үшін, 

Университет үшінші кітапқа білім берудің инновациялық үлгісі туралы баяндауларды тереңірек 

енгізді.  

Білім  берудің  жаңа  жүйесі  оқушының  біліктілігін  бағалауда,  бағаланушы    біліктілік 

құрамына  және  білім  беру  деңгейіне  байланысты  басқа  тәсілдерді  талап  етеді.  Бұл  мәселелер 

тӛртінші кітапта қарастырылған.  

Еңбек  жинақтары  магистрлер,  резиденттер,  студенттер  мен  медициналық  Жоғарғы  оқу 

орындарының  оқытушыларына,  білім  саласындағы  мамандарға  және  оқу  мекемелерінің 

басшыларына арналады.  

Кітапты  дайындау  барысында  ҚазҰМУ  қызметкерлері  қатысты:  Б.Г.Исаева,  З.Б.Исина, 

А.В.Балмуханова, 

М.У.Муканов, 

С.А.Есенкулова, 

Ш.К.Батырханов, 

С.С.Сарсенбаева, 

С.А.Амиреев, 

К.А.Тулебаев, 

Ж.Д.Бекмагамбетова, 

Н.Ж.Жайыкбаев, 

К.Н.Алимханов, 

М.Е.Жоламанов,  А.И.Саттаров,  Ж.Б.Уразалин,  Т.К.Супиев,  Б.Ж.Нысанова,  М.А.Камалиев, 

Ж.К.Бурибаева,  Т.Т.Оспанов,  У.М.Датхаев,  Г.О.Устенова,  А.М.Каржаубаева,  Т.К.Зайсамбаев, 

Р.Н.Дарменкулова,  Ж.Т.Исаева,  А.Е.Таттибаева,  Б.Канленова,  К.Бураханова,  Э.Жаксыбаева, 

Т.Б.Кастеева,  М.А.Рамазанова,  Ж.Т.Исаева,  А.Б.Адильбекова  және  фармация  факультетінің 

студенттері В.Определеннов, А.Ақанов, емдеу факультетінен А.Бақытжанұлы, М.Темірханова. 

 

Рецензия авторлары:  медицина ғылымдарының докторы    М.У. Анартаева               УДК 378 



                                      педагогика ғылымдарының докторы   Т.О. Балыкбаев  

   ББК 74.58 

 

ISBN 978-601-246-225-8 (Б.3)  



 

 

 



©С.Ж.Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ  

ISBN 978-601-246-213-5 (жал.)        

 

 

 © «Эверо»ЖШС баспа 



  

 

 



 

 

 



М А З М Ҧ Н Ы 

 

 

 

 

  КІРІСПЕ ...................................................................................................................... 

1.

 



 Білім беру әдістерін жіктеу .......... ...……………………………………………… 

1.1.1.  Медициналық білім берудің дәстүрлік жүйесіне шолу және оны талдау ........... 



10 

1.1.2.  Оқытудың белсенді әдістерін жіктеу...........…………………………………….. 

12 

1.1.3.  Интерактивті оқыту.......……………………………………………...……………...  13 



2.

 

 Медициналық білім беретін жоғарғы оқу орындарындағы білім беру үлгілері.. 



22 

3.

 



 Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісінде қолданылатын  

әдістер  ...............................................................…………………………………….. 

 

26 


3.1.1.  Медициналық ЖОО оқытудың перспективалық әдіс-тәсілдері  …………………  31 

3.1.2.  Командалық – бағыттық  әдіс-тәсіл (Stefan Bauschard) ..... …………………….... 

34 

3.1.3.  Медициналық   білім  саласындағы жеке тұлғалық – бағыттық әдіс-тәсіл  ...….. 



35 

4.

 



 Медицинада мәселелі – бағытталған оқыту .....................…........…………………  39 

4.1.1.  Кәсіби мамандарды дайындау әдісі ретіндегі мәселелі – бағытталған оқытуды 

құрудың және дамытудың тарихы..................................…………………………... 

 

40 



4.1.2.  Оқытудың әдістері және мәселелі-бағытталған оқытуда студент білімінің 

бағалануы .…………………………………………………………………………… 

 

43 


4.1.3.  Мәселелі-бағытталған оқыту әдісін пайдалана отырып, оқу үрдісін 

ұйымдастыру................................................................................................................           

 

44 


 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................. 

 

51 


  ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………...………………...  52 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

КІРІСПЕ 



 

  ХХ ғасырдағы классикалық медициналық білімнің оқытушыдан оқушыға бір жақты ғана 

берілуге құрылғаны және бұл дәрістің ең басты құралы болып саналғаны белгілі. Алайда, бұл 

әдіс  бүгінгі  таңдағы  талаптарды  қанағаттандырмайды.  ХХ  жүз  жылдықта  білім  алу 

оқытушының  қатаң  басқаруымен  жүзеге  асып  отырған  (дәстүрлі  білім  беру);  ал  студенттер 

селқос тыңдаушы-конспект жазушы («есте сақта, есіңе түсір, елестет») ғана болып қала берді; 

білім  беру  бағдарламасы  жеке  пәндерді  оқуға  негізделді;  білім  алу  уақыт  жағынан  созылып 

кететіндіктен,  студенттер  жеке  пәндер  бойынша  білімдерін  жинақтай  алмады.  Мұндай  білім 

берудің  ең  басты  кемшілігі,  дәрігер-студенттің  сыни  ойлау  қабілетін  дамытпауы  болып 

табылады. ( А.А.Ақанов және серіктес авторлар..., 2009). 

 ЖОО-ны бітірген мұндай түлектер анатомия, гистология, биохимия т.б. пәндер бойынша 

іргелі  білім  алумен  ғана  шектеледі  де,  осы  алған  білімдерінің  тәжірибе  жүзінде  қаншалықты 

қажет  екенін  толық  түсінбей  кетеді.  Қорытынды  білімді  бағалауда  тест  тәрізді  әдістер,  алған 

ақпаратқа  сараптама  жасау  және  жүйелеу  мүмкіндігінен  айырып,  барлық  ақпараттар  пен 

алынған білімнің ауқымын «құрғақ» сұрақ-жауаппен ғана ӛлшейді. 

 Ұзақ  уақыт  қолданылып келген, білімді селқос қабылдауда құрылған білім берудің  әдіс-

тәсіл  жүйесі  қазіргі  заман  талабында  ӛзекті  емес  және  оған  жол  берілмеуі  керек.  Алдыңғы 

қатарлы  қоғамы  бар,  жаңа  нарықтық  экономикасы,  болашағы  дамыған  мемлекетке,  жаһандық 

білімге негізделген, жоғары бәсекелестікке бағытталған басқа білім мен басқа мамандар қажет. 

 ХХІ  ғасырдағы  жаңа  мәселелер  мен  қоғамның  сұранысын  қанағаттандыру  үшін  және 

жаңа  мәселелерді  шешу  үшін  халықаралық  деңгейдегі  мамандар  қажет.  Мемлекет  жаһандану 

жағдайында бәсекелестікке қабілетті, экономикалық білімге негізделген жаңа мамандарға зәру.  

 Бүгінгі  медицина  саласындағы  студенттердің    ХХІ  ғасырдағы  медицина  мәселелерін 

шеше алатындай, денсаулық сақтау мен медициналық тәжірибенің талаптарын қанағаттандыра 

алатын,  «ертеңгі»  білікті  дәрігерлер  қатарына  қосылуы  үшін  білім  беру  дайындығы  қайта 

қаралуы тиіс. 

Кӛптеген  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттер  дәстүрлі  білім  беруден  бас  тартып,  ӛнімсіз 

дәрістерден  ӛздерін  жақсы  кӛрсететін  интербелсенді  білім  беру  тәсіліне  кӛшті.  Білім  берудің 

жаңа парадигмасына сәйкес, студенттер енді селқос тыңдаушы емес, олар - білім беру үрдісіне 

қатыстырылған  –  айтыстарға,  пікірталастарға,  қызу  талқылауларға  белсенді  түрде  араласады. 

Жаңа  білім  берудің  әдіс-тәсілдерін  енгізудің  арқасында,  студенттер  сабақ  уақытында  алған 

білімдерін  интеграциялау,  сараптау,  бағалау  және  қолдану,  яғни  мәселелерді  ӛз  беттерімен 

шешу,  сонымен  қатар  шешім  қабылдау  үшін  сыни  ойлау  сияқты  қабілеттерін  дамытады, 

жоғары деңгейдегі танымдық, ақыл-ой дағдыларын қалыптастырады.  

Студенттер  білім  алу  кезінде  бұдан  басқа  аффективті  қабілеттерге  ие  болады,  мұның 

астарында тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары, топта жұмыс жасау, басшылық дағдылары, 

үнемі ӛзін-ӛзі дамыту дағдылары жатыр. Жаңа парадигма студенттерге білім алу кезінде ынта 

мен кӛбірек тәуелсіздік мүмкіндігін беруді талап етеді.  

Қазақстан  Республикасының  2006-2010жж.  Концепциясына  сәйкес,  Қазақстанда 

медициналық  білімнің  жетілген  жаңа  үлгісі,  дайындық  жүйесі,  дәрігерлерді  қайта  дайындау, 

білім сапасын бағалау және халықаралық деңгейдегі талаптарды ескере отырып, медицина мен 

фармация  саласының  мамандарының  кәсіптік  деңгейдегі  біліктілігін  арттыру  шаралары  ендігі 

жүзеге асырылуы тиіс. Бұл тұжырымдама мақсатқа жету үшін «...Білім мазмұнын ӛзгерту, білім 

беруде жаңа технологияларды енгізу» сияқты басты мәселені  қарастырады. Медициналық және 

фармациялық  білім  бағдарламасының  мазмұнын  ӛзгерту,  сапасын  жақсартуға  бағытталған, 

Медициналық Білімнің Дүниежүзілік Федерациясы жасаған, халықаралық стандартқа жүгінеді. 

«Медициналық  және фармациялық  білім дәлелдеулерге негізделген, әлеуметтік-экономикалық 

жағдайының  ерекшеліктері,  денсаулық  жағдайы,  әр  түрлі  аймақтардағы  Қазақстан  халқының 

ауруының  сипаты,  сонымен  қатар  медициналық  кӛмек  кӛрсетудің  түрлері  суреттелген 

медицинаның  жан-жақты  ғылыми  негізінде  іске  асуы  тиіс.  Білім  үрдісіне  жаңа  технологияны 



 

 

 



 

кеңінен  енгізу  жоспарлануда...».  Жаңа  білім  беру  технологиялары  дегеніміз  –  ол  мәселелерге 



бағытталған  білім  беру  және  білім  саласындағы  тәжірибе  мен  инновациялық  техника,  білім 

берудегі  интербелсенді  әдіс.  Білім  берудегі  жаңа  әдістер  білім  беру  үрдісінде  дәлелденген 

медицина  ұстанымдарын,  шет  тілін  терең  меңгеру  және  оқу  үрдісінде  клиникалық  пәндермен 

қоса  базалық  пәндерде  де  шетелдік  баспа  және  электронды  оқулықтарды  белсенді  қолдану, 

қажетті ақпаратты және т.б. іздеу үшін Интернет-ресурстарын кеңірек қолдануды қарастырып 

отыр. 


Білім берудің жаңа технологиялары дегеніміз – тәжірибелік дағдыларды үйренудегі сӛзсіз 

жаңа тәсіл, бұл дегеніміз дәлдебер (муляж), фантом, стандартталған аурулардың әдісін қолдану, 

сонымен  қатар  білім  беру  тәсілі  түлектердің  біліктілігін  және  студенттердің  білімін  бағалау 

жүйесінде  негізгі  ӛзгерістерін  де  қарастырады.  Дәрігер-студенттерге,  ЖОО-ның  профессор-

оқытушылар  құрамының  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  жоғарылату  –  университет 

дамуындағы  болашағы  және  жетістігі  бар  қажетті  жағдай  болып  табылады.  ҚазҰМУ, 

инновациялық  бағдарлама  мен  жоба  аясында  жаңашыл  ретінде,  оқу  үрдісінде  және 

медициналық білім жүйесін жетілдіруде жаңа педагогикалық технологияларды енгізу жағынан 

кӛшбасшы болуы керек. 

Авторлар  барлық  ескертулер  мен  ұсыныстарды  қабылдап,  келесі  басылымдарда 

қарастыратын болады. 

 

 



 

 

 



 

1  тарау.  Білім беру әдістерін жіктеу 



 

«Әдіс»  термині  табиғат құбылыстарын зерттеу  үрдісін, олардың шынайы болмысын анықтау 

үшін  болып  жатқан  құбылыстарды  игеру  жолдарын  жоспарлау  деген  мағынаны  білдіретін  грек 

сӛзінен («methodos» - «зерттеу») шыққан. 

Педагогика  ғылымында  «оқыту  әдісі»  оқу  үрдісінің  ең  маңызды  бӛлігі  болып  табылады. 

Сәйкес  келмейтін  әдіс-тәсілдермен  оқу  үрдісіндегі  білім  міндеттері  мен  мақсаттарын  іске  асыру, 

оқушылардың  оқу  материалдарының  белгілі-бір  ауқымын  меңгеруіне  қол  жеткізу  мүмкін  емес. 

Қазіргі кездегі кӛптеген педагогтар мен оқытушылар оқыту әдісі деп, оқу материалдарын пысықтау 

арқылы  белгілі-бір  мақсатқа  қол  жеткізуге  бағытталған,  оқытушы  мен  студенттің  қарым-

қатынасының  жүйелі  алмасуын  әдіс  деп  түсінеді.  И.Я.Лернердің  дәлелдеуі  бойынша,  «кез-келген 

әдіс,  тиісті  кӛзделген  мақсаттың  нәтижесіне  қол  жеткізуге  әкелетін,  адамның  жүйелі  іс-әрекетін 

жете түсіну жүйесі болып табылады». 

Қазіргі заманғы педагогикада білім беру әдісінің  250-ден аса түрі бар. Білім беру әдісінің кӛп 

бӛлігі  ақпараттық  сипатта  болып  отыр.  Мұндай  білім  беру  тәсілінде  оқытушы  ақпаратты  тасушы 

болып қана табылады және оған білім үрдісінде белсенді рӛл берілген, ал студентке оған берілген 

ақпаратты  жай  ғана  қабылдаушы  және  оны  селқос  тыңдаушы  рӛлі  ғана  бӛлінген.  Білім  берудің 

осындай әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде болашақ мамандар үлкен ауқымды ақпаратты тасушы болып 

қала  береді,  нақты  жұмыс  жасау  барысында  болған  жағдаяттарды  ӛз  беттерімен  шеше  алмайды. 

Техниканың  қарқынды  дамуы  жас  мамандардың  жұмысында  қосымша  қиындықтар  туғызады. 

Қазіргі  заман  қоғамы  мен  уақыт  талаптарына  сай  мамандарды  оқыту  үшін,  оқыту  үрдісінде 

студенттің,  оқытушының  рӛлін  ӛзгертетін,  соған  сәйкес,  оқушылардың  біліктілік  деңгейін 

бағалайтын  жаңа  құралдарды,  сонымен  қатар,  ғылыми-техникалық  прогресті  қолдану  жетістіктері 

мен  жас  маманның  ӛз  пайымын  талап  ететін,  оқытудың  жаңа  әдістерін  енгізуде  белгілі-бір 

мәселелер  туындайтыны  сӛзсіз.  Бүгінгі  күнде  білім  беру  әдістері  ЖОО-ның  түлектері  еңбек 

шығармашылығына қажетті біліктілік қорына ие болу үшін бағытталуы керек. 

Оқу үрдісіндегі білім беру әдістерінің барлығы тӛмендегідей қызмет атқарады: 

 

білім беруші (оқытудың мазмұны мен мақсатын тәжірибеде іске асырады); 



 

дамытушы (оқушылардың даму деңгейін мейлінше жетілдіру); 

 

тәрбиелік (тәрбие нәтижесіне әсер етеді); 



 

қозғаушы  (танымдық  шығармашылыққа  жағдай  жасаушы,  білім  алуға  қозғаушы  құрал 

ретінде қызмет атқарады); 

 

бақылаушы-түзетуші (анықтау және оқу үрдісін басқару). 



 

Оқытудың  әдіс-тәсілдері  ӛздерінің  қызметін  іске  асыру  кезінде,  мынадай  қызметтік 

міндеттерді алып жүреді: 

 

ӛзара қарым-қатынастың барлық деңгейдегі жетекші жүйесін   анықтау: «оқытушы – білім 



алушы», «білім алушы – білім алушы», «оқытушы – білім алушы топ» т.б.;                                      

 

білім  алушылардың  танымдық  шығармашылығын  ұйымдастыру  құралы  ретінде  қызмет 



атқарады; 

 

оқытушының іс-әрекеті тәсілдерінің жүйесін анықтайды; 



 

білім алушылардың оқу шығармашылығының амал жүйесін қалыптастырады; 

 

ұжымға және жеке білім алушыларға тәрбиелік жағынан әсер ететін құрал болып табылады



 

Педагогикалық  үрдістің  негізі  болатын  бӛлігі  болып  (http: 

www.medbio-kgmu.ru/cgi-bin/ 

go.pl?=549

):  

 

мақсаты – не үшін оқу керек (оқыту); 



 

мазмұны – нені үйрену керек (оқыту); 

 

әдіс-тәсілдері мен құралдары – қалай оқу керек (оқыту); 



 

Білім  алудың  мазмұнын,  әдіс-тәсілдері  мен  құралдарын  таңдау  білім  алудың  мақсатына 

негізделген. 

 


 

 

 



 

 



Мақсат қойылған келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: 

 

білім алушының мүмкіндігіне барынша зер салып, бейімделу керек; 



 

орындаушы; 

 

жете түсіну; 



 

олардың қол жеткізген мүмкіндіктері мен жағдайларына сәйкес ӛзгергіш, икемделгіш болу; 

 

білім алу мекемелері нақты болуы және ескерілуі керек



 

бақыланымды. 

 

Алайда,  білім  берудің  әдіс-тәсілдерінің  әр  түрлілігіне  қарамастан,  жалпылама  түрде 



әдістердің  барлық  жіктелу  сипатын  беретін  біртұтас,  дара  жіктеу  әлі  күнге  дейін  жоқ.  Түрлі 

авторлар  оларды  жүйеге  келтіру  үшін  әр  түрлі  тәсілдер  мен  әдістерді  қолданады.  Қазіргі  заманғы 

педагогикада білім беру әдіс-тәсілдерінің бірнеше жіктеуі бар: 

1.

 



Дәстүрлі жіктеу, ақпарат кӛздері негізгі критерий ретінде қарастырылады. Бұл жіктеу білім 

беру әдісінің бес тобын бӛліп кӛрсетеді: 

 

тәжірибелік (тәжірибе, жаттығу); 



 

кӛрнекілік (иллюстрация, демонстрация, білім алушыларды бақылау); 

 

ауызша (түсіндіру, ұғындыру, әңгімелесу, сұхбат, дәріс, пікірсайыс, пікірталас); 



 

кітаппен жұмыс (оқу, зерттеу, реферат, дәйексӛз алу, кӛз жүгірте қарау, конспет, эссе); 

 

видеоәдіс (қарау, үйрену, жаттығу, бақылау). 



2.

 

Оқыту  және  дидактикалық  мақсат  сипатындағы  әдіс  бойынша  жіктеу.  Критерий  – 



дидактикалық үрдіс кезеңдерінің алмасуы. Соған сәйкес  білім беру әдіс-тәсілдерін кезең бойынша 

жіктейді (Е.И.Перовский, Е.Я.Голант, Д.О.Лордкипанидзе): 

 

білімді игеру; 



 

шеберлік пен дағдыны қалыптастыру; 

 

білімді қолдану; 



 

шығармашылық қызметті қалыптастыру; 

 

білімді, шеберлікті, дағдыны бақылау және бекіту. 



3.

 

Білім  алушылардың  танымдық  қызметінің  сипатына  қарай  әдіс-тәсілдерді  жіктеу 



(М.А.Данилов, Б.П.Есипов және т.б.): 

 

ізденуші; 



 

түсіндіруші-иллюстрациялық; 

 

репродуктивті; 



 

мәселелік мазмұндау; 

 

эвристикалық (жеке-ізденуші); 



 

зерттеуші. 

4.

 

Әдіс-тәсілдің  бұлай  жіктелуі  шынайылыққа  жетудің  әр  түрлі  кезеңдеріне  негізделген: 



«жанды пайымдау», абстрактілі ойлау (ұғыну, талдап қорыту, сараптама) және тәжірибе: 

 

эмпирикалық 



материалдың 

жиналуын, 

бақылауын 

ұйымдастыру 

(И.Я.Лернер, 

М.Н.Скаткин); 

 

талдап қорытатын шындыққа негізделген мәліметтерді теориялық ӛңдеу; 



 

талдап  қорыту  мен  шешімнің  дұрыстығын  тәжірибелік  жағынан  тексеру,  шынайылықты, 

құбылыс пен болмыстың, мазмұн мен форманың сәйкестігін анықтау. 

5.

 



Кейінгі кезде педагогикада білім беру үрдісінің әдіс-тәсілдері былай жіктелуі мүмкін: 

 

олардың  рӛлі  және  болмыстық  күштің  дамуы,  психологиялық  үрдіс,  рухани-



шығармашылық белсенділік; 

 

білім алушылардың жас ерекшелік үйлесімділігі; 



 

олардың  тәрбиелік  ықпалының  нәтижелілік  дәрежесі,  сананы  қалыптастыру  әсеріне,  білім 

алушының іс-әрекетін ынталандыруына және ішкі түрткісіне. 

6.

 



Академик Ю.К.Бабанский білім беру үрдісінің әдіс-тәсілдерін үш топқа бӛлуді ұсынды: 

 

оқу-танымдық шығармашылықты іске асыру және ұйымдастыру әдісі; 



 

 

 



 

 



оқу-танымдық шығармашылықты негіздеу және ынталандыру әдісі; 

 

оқу-танымдық шығармашылықтың нәтижелілігін бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау әдісі. 



 

Ю.К.Бабанскийдің  жіктеуіне  сәйкес,  оқу-танымдық  шығармашылықты  ұйымдастыру  әдіс-

тәсілдерінің тобына тӛмендегідей әдістерді жатқызуға болады: 

 

перцептивтік (оқу ақпаратын сезім мүшелері арқылы қабылдау); 



 

ауызша (дәріс, сұхбат, әңгімелесу, жаттығулар және т.б.); 

 

кӛрнекілік (кӛрсету, иллюстрация, презентация және т.б.); 



 

тәжірибелік (тәжірибе, жаттығу, тапсырмаларды орындау); 

 

логикалық, яғни ойлау іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру (индуктивтік, дедуктивтік, 



аналогиялық және т.б.); 

 

гностикалық (зерттеушілік, ізденушілік, репродуктивтік); 



 

оқу іс-әрекетін ӛз бетімен басқару (құрал, кітаппен ӛз бетімен жұмыс істеу т.б.); 

 

білім берудің ойын түріндегі әдіс-тәсілі (рӛлдік ойындар, идеялар генерациясы т.б.); 



 

бағдарламаланған білім беру әдісі; 

 

компьютерленген білім беру әдісі; 



 

гипнозедиялық әдіс (гипноздық ұйқы кезіндегі білім беру); 

 

ситуациялық әдіс (жағдайлық тапсырмаларды шешу, әр түрлі жағдайларды бейнелеу т.б.); 



Білім алуға ынталандырушы әдіс-тәсілдерге мыналар жатады: 

 

оқуға  деген  қызығушылығын  қалыптастыру  әдіс-тәсілдері  (танымдық  ойындар, 



пікірталастар, мәселелік жағдайлар туғызу т.б.); 

 

оқуға  деген  жауапкершілік  пен  міндеттілікті  қалыптастыру  әдіс-тәсілдері  (ынталандыру, 



мақұлдау, жазғыру т.б.) 

Бақылау  және  ӛзін-ӛзі  бақылау  әдіс-тәсілдеріне  –  студенттердің  білім  деңгейін    бағалауды 

ұйымдастыру  емтиханды  ауызша,  жазбаша  және  компьютерленген  түрде  тапсыру,  ептілік  пен 

дағдыны бағалау жатады. 

7.

 

Оқытушы  мен студенттің рӛлдерін, сонымен қатар оқу үрдісі  кезіндегі  ӛзара қарым-



қатынасын негізге ала отырып, білім беру әдіс-тәсілдері үш үлкен топ құрайды: 

1.

 



Пассивті әдіс-тәсілдер 

2.

 



Белсенді әдіс-тәсілдер 

3.

 



Интерактивті әдіс-тәсілдер 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет