С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата07.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3624
1   2   3   4   5   6   7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



23 

 

2  тарау. Медициналық білім беретін жоғары оқу орындарындағы білім беру ҥлгілері 

 

    Дәстүрлі,  медицина  бағытындағы  жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру  үрдісі,  оқытудың 



негізгі  ақпараттық,тәжірибелік  үлгілеріне  құрылады.  Дегенмен,  бұл  үлгілерде  қазіргі  кезеңдегі 

денсаулық сақтау жүйесінің, қоғам мен еңбек нарығының сұранысы,  ғылыми-техникалық дамудың 

деңгейі  ескеріле  бермейді.  Сондықтан,  қазіргі  кезде  бұл  сұраныстардың  шешімін  табу  үшін, 

оқытудың модулді жүйесі және жеке тұлғалық бағытта оқытуды қолдану тиімді. 

 

Медициналық  білім  берудің  негізін  оқытудың  ақпараттық  үлгісі  құрайды.  Оқытушылар  ӛз 



пәні бойынша студенттерге барынша ақпарат беріп, аралық бақылау, емтихан кезінде осыған сәйкес 

жауап  берулерін  талап  етеді.  Студенттердің  практикалық  дағдыларды  меңгеруі  кезінде  нақты 

нұсқаулармен  тәжірибелік  үлгілердің  аралас  қолданылуы  кездеседі.  Әрине,  бұл  үлгілердің  ӛзіндік 

жетістіктері бар болғанымен, қазіргі жаһандану кезіндегі қоғамдағы еңбек нарығында мамандарды 

басқа  деңгейде  дайындау  талап  етіледі.  Берілген  ақпараттарды  тек  есте  сақтап,  оны  қайта  айтып 

беріп қана қоймай, алған ақпараттарды талдай алатын мамандарды дайындау қажет. Медициналық  

жоғары   оқу  орындарында  құзырлықты   дамытуға  бағытталған  оқытудың  жаңа  әдісі  бойынша    

білім  мен  дағдылардың  кезеңмен  дамуы   Блум Таксономиясы  кестесінде  кӛрсетілген.  

http:// cnit.  mpei. ac. ru/ textbook/ 01 03 01 04. htm) (4  сурет) 

 

 



Бұл тұжырымға сәйкес интеллектуалдық деңгейлерді тӛмендегідей бӛліп кӛрсетуге болады:   

 

 



 

4 – сурет.  Блум Таксономиясы 

   


         Бұл      философиялық  тұжырым    бойынша  интеллектуалдық  дамудың    негізін  білім  құрайды. 

Бұл кезеңде студент: 

 

 Қажетті  ақпаратты  немесе  оқып-түсінген  материалды  жеткізе  алуы  керек.  Білім  берудің 



алғашқы  кезеңінде  оқытушы:  еске  сақтаңыздар,  қайталаңыздар,  атаңыздар,  салыстырыңыздар, 

дұрыс орналастырыңыздар деген сияқты сӛздерді    жиі   қолданады. Мысалы,  студент  «Оқытудың 

белсенді  әдістері  дегеніміз  не?»  деген  сұраққа  жауап  беріп,  белсенді  оқыту  әдістерін  атап,  оған 

толық анықтама беруі керек.  

Блум  Таксономиясы  кӛрсеткендей  келесі  деңгей:  түсіну  (comprehensijn)  болып  табылады. 

Студент  пәндер  бойынша  оқытылатын  материалдардың  мағынасын  түсіндіру  керек.  Бұл  кезеңде 

оқытушы жіктелуін атаңыз, сипаттаңыз, талқылаңыз, түсіндіріңіз, айтып беріңіз, анықтаңыз, орын 

орнына  қойыңыз,  таңдаңыз,  аударыңыз  деген  сияқты  сӛздерді  қолдануы  керек.  Мысалы,  студент 

белсенді оқытудың әр түрлі тәсілдерін түсіндіріп, қолдану күрделілігі дәрежесіне қарай рет-ретімен 

атап беруі керек.  



 

 

 



24 

 

 



Блум  Таксономиясы  бойынша  оқыту  үрдісінің  үшінші  кезеңі  –  қолдану  (application).  Бұл 

кезеңде  студент  оқып-үйренетін  материалдарды  ӛте  жақсы  түсініп,  бұл  материалды  жаңа  немесе 

нақты жағдайларда қолдана білуі керек. 

 

Оқытушы  студенттердің  білім  дәрежелерін  бағалау  үшін:  қолдану,  таңдау,  кӛрсетіп  беру, 



кӛрнекілеу, есептеп шығару, пайдалану, жазу сияқты сӛздерді қолданады. Мысалы, белсенді оқыту 

әдісін кӛрсету үшін студент 1 минут ішінде эссе жазып шығуы керек.  

 

Оқытудың тӛртінші кезеңінде оқып-үйрену үшін берілген материалдарды талдау (analysis)  



керек.  Студент  бұл  кезеңде  материалдың  мәнін  тереңірек  түсіну  үшін,  материалдарды  құрамдас  

бӛліктерге бӛлуі керек. 

«Analysis» кезінде студент құрлымдық формалар арасындағы дара әрекетін, мазмұнын түсіну 

қажет.  Бұл  кезеңде  оқытушы  талдау  жасау,  бағалау,  санау,  категорияларды  анықтау,  салыстыру, 

түрлендіру, тәжірибе жасау, тестілеу  т.б.  тапсырмалар  береді.  

Мысалы,  оқыту  тиімділігін  арттыру  мақсатындағы  белсенді  оқыту    әдісін  талдау  үшін 

студент бұл әдістерді қолдануға кедергі келтіретін себептерді анықтауы қажет. 

Блум таксономиясына сәйкес оқыту үрдісіндегі келесі кезең – біріктіру (синтез) (synthesis).  

Бұл кезеңде студент: 

 

Жаңа материал алу үшін, құрамдас бӛліктердің барлығын қосу керек (түр, үлгі, шешім). 



      Студенттердің  білімін  бақылау  үшін,  оқытушы  жинау,  құрау,  құрастыру,  жасау, 

тұжырымдау,  жоспарлау,  ұйымдастыру,  ұсыну,  жазу,  дайындау  сияқты  сӛздерді  қолданады. 

Мысалы,  студент оқытудың әр түрлі  әдістерін біріктіру негізінде, дәрістердің сапасын жақсартуға 

бағытталған жаңа белсенді әдіс-тәсілді ұсынуы тиіс. 

Оқыту үрдісінде ең күрделі кезең – бағалау (evaluation) болып табылады. Студент қандай-да бір 

мақсатқа жету үшін берілген материалдардың (ӛтініштер, шешімдер, поэмалар, зерттеу жұмыстары) 

құндылығын сыни кӛзқараспен бағалай алуы қажет.   

 

Ақпараттық  моделмен  оқыту.  Бұл  моделдің  негізгі  мақсаты  білім  алып,  сабақтың 

мазмұнындағы  дағдыларды  пайдалана  алу.  Мұндағы  нормативті  талаптар  оқытушының  студентті 

дұрыс  бағалау    критерилерін  қарастырады.  Сондықтан  оқу  бағдарламасының  мағынасын  білуіміз 

керек. Сонымен қатар, теория мен тәжірибені байланыстыру қажет (семинар-практикумдар, әртүрлі 

жағдайдағы  зерттелетін теорияны қолдану бойынша себептер шығару). Алайда бұл сабақтар жеке 

мысалдар  кӛмегімен  теориялық  білімді  қолданудың  фрагменттерін  ғана  кӛрсете  алады,  себебі  

уақыт  жетіспей  қалады.  Сондықтан    ақпараттық  модель  негізінде  құрылған    оқу  үрдісінің 

құрылымы тӛмендегідей кӛрсетіледі. 

 

 



Білім алушыға 

ақпарат беру (дәріс, 

хабарлама, 

демонстрация 

 

 

 



 

Білімді жаттау 

және 

есте сақтау 



(ӛз бетімен) 

 

Оқытудың соңғы 



нәтижелері -  білім қоры,  

эрудиция (емтиханда 

кӛрсетілген) 

               



5 –сурет. Оқытудың ақпараттық ҥлгісіндегі білім беру схемасы 

 

Басқаша  айтқанда,  оқытудың  логикасы  білімдерді  қалыптастырып  қана  қоймай,  оны 



тәжірибе  жүзінде  әрі  қарай  дұрыс  пайдалана  алу  керектігін  ұстанады.  Білімді  меңгеру  үрдісінде 

«ақпаратты ұмыту» деген мәселелер болады. Бұл әртүрлі себептерден болады.  

Бірінші  себебі:  оқытушының  студентке  берген  білімі  түсініксіз  болуы.  Бұл  түсініспеушілік 

абстракты  теориялық  жағдай  жеке  тәжірибе  мен  практикаға  тікелей  қатысты  болмағандықтан 

психилогиялық жағынан ӛзін толық ақтайды. Оны шешу ӛте қиын, тіпті мүмкін емес. 

Екінші  себебі:  дұрыс  ақпараттың  кейбір  жерлері  есте  сақталмай  аяқталады.  Бұл  былай 

түсіндіріледі,  беріліп  жатқан  білім  оның  шынайы  объектпен  қолдануы,  теориялық  тұрғыда  ғана 


 

 

 



25 

 

қаралуы,  кӛбінесе  механикалық  сақтау  арқылы  есте  қалады,  себебі  сабақ    ӛмір  шындығымен 



байланыспайды. 

Үшінші себебі: уақыт ӛткен сайын ұмытыла бастайды. Есте сақтадым деген жағдайлар уақыт 

ӛткенде  ұмытыла  бастайды.  Бір-бірлеп  ұмыту  ол  логика  процесіне,  себебіне  және  жалпы  алған 

білімді  бұза бастайды,  дегенмен ұмыту-қалыпты процесс. Әйтеуір  бір  уақытта есте қалған ой бір 

күні, бір бӛлігі ұмытылады және қайта еске түспейді. Тәжірибеде алынған білім аз ғана болса, онда 

ол есте жақсы сақталмайды. 

Дәстүрлі  педагогика  қазір  ұмытуды  қайталау  арқылы  күреседі,  бірақ  тәжірибе  қайталауды 

жаттауға айналдырады. Бұл үлкен адамға қолайсыз және қолдануға болмайтын әдіс.  

           Ұмыту  қарсы  түсінікті  және  қолайлы  әдіс,  ол  білімді  тәжрибеде  қолдану.  Бірақ  оқу 

процессінде алынып жатқан білімді тәжрибеде  қолдануға уақыт және орын болмайды. 

Тӛртінші  себеп,  ол  студенттердің  ӛздерінің  теориялық  білімін  тәжірибеде  қолдана 

алмайтындығы, ол білімінің бір бӛлігі естерінде қалады, бірақ кӛп қолданылмайды және ол шынайы 

тәжірибеден  алыс  болады.  Оқу  курсында  оларға  берілетін  қосымша  білім  олардың  жалпы 

эрудициясын жоғарылату үшін берілген, ол бұл жағдайда ақталмайды. Әр түрлі жағдайға берілетін 

білім ақыл-ойды қажытады. Олар оқу иллюзиясын құрап, оларды тәжірибеден алыстатады.  

Сонымен,  тиімді  білім  оқытушының  студентке  беруі  ғана  емес,  оның  тәжірибелік  тұрғыда 

дұрыс  қолданылуы  болады.  Бірақ  ақпараттық  білім  беру  моделі  бұл  шарттарды  толығымен 

қамтамасыз  ете  алмайды.  Ӛзіміздің  ақпараттық  модель  схемасына  қайтіп  келейік  және  оның  әр 

жүйедегі құрылымын қайталап қарастырамыз: «білім хаттамасы – есте сақтауы – соңғы білім беру 

қорытындысы – білім нәтижесі».  

            Барлық  үрдістер  тек  бір  ғана  жүйе  құрайды  –  студентті  әр  түрлі  біліммен  қамтамасыз  ету, 

болашақ  дәрігерлік  тұрғыда  ӛзінің  рӛлін  атқару.  Сонымен,  технологиялық  білімді  қабылдауы 

қалыптасады, оның сонымен қатар, қабылдауы, сақталуы, басталуы және ғылыми ақпараттың қайта 

ӛңделуі, ақпараттың қабылдануы үш жолмен анықталады: 

-

 

білімнің басталуы; 



-

 

оның қолданылуы; 



-

 

оның стандартсыздық жағдайда қолданылуы. 



    

Студенттің  қызығу  белсенділігі  оның  білімсіздіктен  білімге  апарады.  Оның  критериі  әрбір 

студентке  белсенді  оқушының  бағытталуынан  алынады.  Нормативтік  міндетті  түрде  алынатын 

білім  студенттің  жеке  тәжірибесіне,  оның  ӛзіндік  ерекшелігіне  және  сабақтың  түпкі  мәнін  түсінуі 

саналмайды.  Бұл  кӛбінесе  студенттің  оқу  процесінен  алыстауы  және  оның  білуге  деген 

құштарлығын тежейді.  



Операционалдық  модельдер.  Жоғарыда    кӛрсетілген  жағдайларды  түсініп,  оқытушылар  мен 

зерттеуші-психологтар  мынадай  сұрақтар  қояды,  ары  қарай  адамға  қалай  тиімді  болжамды 

болашақта  қолдануды  қамтамасыз  ету.  Бұл  қиын  жағдайдан  шығуды  50-жылдың  басында  XXғ. 

атақты  психологы  П.Я.Гальперин  қолданды,  ол  ойлау  әрекеті  мен  түсінігін  қалыптастыру 

теориясының авторы. 

Психологиялық  теория  –  оқу  жүйесін  және  кәсіби  оқудың  қалыптасуында  психологиялық 

теория пайда болды. 

Жаңа және аса тиімді әдістің қалыптасуына мүмкіндік туып, тәжрибелік қалыптасу процесін 

тездетеді, оқу үйрену процесін кәсіби деңгейге кӛтереді. Сонымен, ақпараттық модельдерді қолдана 

отырып, операционалдық оқу моделі пайда болды. Гальпериннің логикалық ойы, оны дәстүрлі оқу 

процесін  күмәнға  қалдырды  (білім  жайлы  ақпарат  –  оны  сақтау-білім  қорабы)  осындай  нәтижеге 

әкеліп  соқты:  әр  түрлі  жағдайда  ол  қолданыла  алмайды,  ол  үшін  кӛрнекті  әдіс-тәсілдер  керек, 

қосымша білімсіз, оны тәжірибеде қатесіз қолдану қажет. 

Мұндай  әрекеттің  бағдары  негізінде  (ӘБН)  схемасы  болып  аталынған.  Диагностика  және 

емдеуге сәйкес ӘШН схемасында алдын ала тағайындалған әрекеттер мен операциялар тәртібі және 

кезектілігі кӛрсетілген.  

Олар студенттің игеріп жатқан біліміне толық бағдар береді. 

 


 

 

 



26 

 

   



 

 

 



6-сурет.  Оқытудың операционалды ҥлгісіндегі білім беру схемасы.

 

          

         ӘБН  схемасы  тәжірибелік  әрекеттің  құрылымдық-логикалық  тізбектің  жүйелілігін  білдіреді. 

Материалды кӛрсету түрінің құрылысына қарай олар: схемалар, кестелер, оқу картасы, әдістемелер, 

тізбекті  сұрақтар  қатары,  косымша  заттар  -  модельдер,  дұрыс  әрекеттің  бағдарын  кӛрсететін  

қондырғылар (қозғалғыштық, перцептивтілік, ойлану, сӛйлеу).  «Схема»  термині шарттылық және 

жалпылаулық мағынаны білдіреді. 

         Әрбір  белгілі  бір  жағдайда  «схема  ӘБН»  мазмұнының  түсінігі  басқа  немесе  әр  түрлі 

әдістемелік құралдарда пайдалануы мүмкін. 

Оқу әдісі келесіде қорытындыланады:  

- оқушы берілген тапсырманы оқиды, ол бұл есептің шешімін білмейді. 

-  содан  соң,  ӘБН  схемасын  пайдалана  отырып,  берілген  тапсырманың  шарттары  бойынша 

керекті қимылдар жасайды. 

-  егер,  ол  схемада  берілген  бұйрықтарды  қатал  түрде  орындаса,  керек  кезде  оқытушыдан 

бағдар алса, белгілі-бір уақыттан соң тапсырма  шешімін табады. 

          Белгілі әдістің еркшелігі мынада, ӘБН схемасы әркіммен қолданылады, бұл оқуда ғана емес, 

ӛзіндік оқуда да қолайлы.  

          Оқудың операционалды моделі тәжірибеге кӛбінесе медициналық ЖОО клиника кафедрасына 

енгізіледі, кӛптеген тәжірибе ӘБН схемасын құрауға жиналған профессионалды дәрігерлердің есебі 

арқылы.  Оқудың    операционалды  моделін  іске  асыруда  педагогикалық  бақылау  маңызды, 

логикалық норматив және ӛзіндік қарау іс-әрекеті арқылы орындалады. 

           Оқудың    операционалды  моделінде  студенттің  субъективті  тәжірибесіне  арнайы  кӛңіл 

бӛлінбейді – субъектіге маңызды  білім қоры, жеке тұлға бағдары  логикалық қызығуда елеулі емес.  

ӘБН схемасы клиникалық кафедраларында оқытуды қолдану, оларға тән алгоритмдер кейде күшті 

студенттердің  қызығушылық  белсенділігін  және  ӛзіндік  жұмысын  тӛмендетеді.  Бұл    жағдай  осы 

әдісті сынға әкеліп соқты. 

Операционалды  іс-әрекетті  медициналық  білімге  енгізуде  педагогиканың  кӛзқарасы 

бойынша  дәрігер-маманның  кәсіптік  қызметіне  қойылатын  талаптардың  нақты  жазылуы 

студенттердің  дәрігерлер  міндеттерін  орындау  мен  міндеттерін  шешде  дайындығын  қамтамасыз 

етеді. Бірақ бұл тәсілдің маңызды құрамдас бӛлігі – орташа оқитындарға бағдарланған   нормативтік 

(стандартқа сәйкестігі, берілген нормалар), басқарушылық және технологиялық – бірдей бағалануы 

мүмкін емес.  

            Кӛрсетілген  оқу  модельдерін  талдай  отырып,  біреуін  басқаларынан  артық  деп  айту 

медициналық  білім  системасында  қиын.  Әр  түрлі  нұсқаларды  қолдану  дұрыс  болады.  Бір  оқу 

моделін таңдау әр түрлі факторларға байланысты. Оқушының жасы, педагогтың кәсіптік шеберлігі, 

оқу процесіне керек заттарды беру т.б. Оқу процесінің әр этаптарында керегін қолдану керек. 

           Тӛменгі  курстарда  ақпараттық  модельдер  қолданылады.  Жалпы  клиникалық  тәртіпте 

операционалды  іс-әрекет моделі, ал профилді медициналық тәртіпте - жеке бағдарлық модельдер. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Схема ӘШН



 

ӘШН схемасы арқылы 

жіберілген сабақтарды 

ӛтеу


 

Соңғы оқудағы нәтижесі- 

берілген сапалы білімді 

тиімді қолдануы

 


 

 

 



27 

 

3  тарау. Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу ҥрдісі бойынша  



қолданылатын  әдістер 

 

           Медицина  жоғарғы  оқу  орындарындағы  оқу  үрдісі  бойынша  қолданылатын    әдістер.  Қазіргі 



кезде    медициналық  жоғарғы  оқу  орындарында  білікті  кадрларды  денсаулық  сақтау  жүйесіне 

дайындау үшін мынадай педагогикалық әдістер қолданылады: 

 

жоо дәрісі 



 

тәжірибелік сабақтар 

 

семинарлар 



 

лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелер 

 

студенттердің аудиториядан  тыс  ӛзіндік жұмысы 



 

студенттердің аудиториядағы ӛзіндік жұмысы 

 

бақылау жұмыстары 



 

ӛндірістік тәжірибе 

 

Бұл әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, оларды медициналық білім беру жүйесінде 



тиімді қолдану жолдарын қарастырып кӛрелік.  

           ЖОО  дәрістері.  Тіпті  жаңа  ақпараттық  технология  заманында  да  дәріс  медициналық  ЖОО-

дағы білім берудің жетекші түрі болып қала береді. Тіпті интернеттің ӛзі де дәріскер мен студенттің 

арасындағы  жанды  қарым-қатынасты  алмастыра  алмайды.  Алайда  бұл  дәріскер  тым  теорияланған 

және  студенттің  ішкі  әлеміне  әсер  етпейтін,  диссертацияның  «академиялық»  тілін  емес,  «тірі, 

жанды» тілді қолданғанда ғана ӛзіне қойылған шынайы талапты ақтайды.     

 

Қазіргі уақытта медициналық ЖОО-да дәріс мынандай жағдайларда оқылуы қажет:   



 

оқулықтарға әлі еніп үлгірмеген  ғылымның жаңа бағыттары пайда болған жағдайда; 

 

жазылып қойған оқулықтардағы материалдарға белгілі-бір түзетулер енгізу қажет болғанда; 



 

студенттердің  ӛздері  шеше  алмайтын  қиын  мәселелерге  басқа  тұрғыдан  келу  қажет 

болғанда.  

Дәріс  әр  уақытта  кәсіби  сана-сезім  мен  кәсіби  ұстанымның  қалыптасуына,  жеке  тұлғаны 

деонтологиялық  тәрбиелеуге,  кәсіби  дайындыққа  кәсіби  тұрғыдан  келуге  бағытталған  неғұрлым 

эмоционалды әсер ету құралы болып саналған.  

          Оқытудың басқа түрлеріне қарағанда дәріске  мынадай артықшылықтар тән: 

 

дәріскердің аудиториямен тікелей шығармашылық қарым-қатынасы



 

тыңдаушылармен бірлескен шығармашылық;  

 

эмоционалды әсер ету; 



 

студенттерді ғылымның жаңа жетістіктеріне бейімдеудің үнемді тәсілдері;  

 

студенттердің келесі ӛзіндік жұмыстарына ынталандырудың тиімді тәсілдері,  



Сонымен қоса олардың ӛнімділігі мына кӛрсеткіштер арқылы бағаланады: 

 

айқын, сендіре алатындай мысалдар мен фактілердің болуы; 



 

ғылымилығы, ақпараттылығы, дәлелділігі және мазмұнының дәйектілігі; 

 

ұсынылған материалдарға мәселелік тұрғыдан келуге кӛбірек кӛңіл бӛлу; 



 

мазмұн құрылымының айқындығы мен оны ашып кӛрсетудің қисындылығы; 

 

дәріскердің  сауаттылығы,    мақсат  қою  мен  мәселені  ӛзектілендіре  білу,  басты  және 



қосымша  қорытындыларға  әкеле  білу,  кері  байланыс  қалыптастыра  алу,  жаңа  терминдердің 

жазылуын,  қолданылуын,  кӛрнекі  құралдарды  пайдалана  алу  шеберлігі  арқылы  кӛрінетін 

дәріскердің әдіскерлік шеберлігі; 

 

дәріскердің  аудиториямен  ӛзара  эмоционалды  қатынасы,  ойлау  процесін  белсендендіруге 



жағдай  жасау,  жаңалық  эффектісі,  пікірталас  элементтерінің  болуы,  зерттеушілік  сипаттағы 

сұрақтарды  қою  және  студенттерді  ғылыми  және  клиникалық  ойлану  «лабораториясына» 

қатыстыру. 


 

 

 



28 

 

 «Ақпараттық  типтегі»  дәрістердің    артықшылықтарымен  қатар  «әлсіз  жақтары»  да 



(кемшіліктері) бар:  

 

студенттердің белсенділігінің тӛмендігі; 



 

дәріскер мен студенттің арасында кері байланыстың болмауы; 

 

студенттерде догматизм және тәуелділіктің даму қаупінің болуы. 



 

Интерактивті  әдістерді  қолдану  арқылы    «ақпараттық  дәрісті»  қызықты    және  тартымды  

ӛткізуге болады. Мұндай интерактивті  әдістерге мыналар жатады: 

 

Сұрақтар; 



 

Ой түрткі (ойлау әрекеттері); 

 

Пікірталастар (дебаттар); 



 

Бір сӛйлеммен қорытындылау; 

 

Бір минут ішінде эссе жазу; 



 

Бағаланбайтын тестілер; 

 

Тұжырымдамалы тестілер (концептуалды).  



Соңғы  кезде дәрісті жүргізудің инновациялық  түрлері жасалды және енгізілді  (Н.В.Кудрявая 

және қосымша автор): 

 

Мәселелі дәріс 



 

Екеу аралық дәріс 

 

Визуалды дәріс 



 

Алдын ала қателермен жоспарланған дәріс 

 

Дәріс – конференция  немесе консилиум. 



 Мәселелі  дәріс.  Олар  шығармашылық  оқытумен  байланысты  және  оқытушының  мәселелі 

жағдай тудыра алу шеберлігіне байланысты. Мәселелі дәрістің негізіне қайшылықтарды шеше білу 

және оны жеңу әдістері арқылы оқыту жатады. 

Мәселелі дәріске тән белгілер тӛмендегідей: 

-

 

пікірталастық жағдай туғызу;  



-

 

пікірталасқа қатысу үшін студенттердің білімін ұйымдастыру; 



-

 

жаңа материалдарды мәселелі тапсырма түрінде ұсыну;  



-

 

мәселелі  тапсырмаларды  шешу  тәсілдерін  іздестіру  (дәріскердің  пікірі  және  оған 



тыңдаушыларды тартуы); 

-

 



кӛздеген мақсатқа бір жаңалық сияқты біртіндеп келу; 

            Мәселелі дәріс кезінде студенттер ізденуге, білуге, зерттеуге тырысады. 

            Биология,  гистология,  физиология  т.б.  пәндерді  оқытқан  кезде  визуалдық  дәрістер  кең 

қолданылады.  Визуалдық  дәріс  ақыл-ой  әрекетімен  түсініктердің  қалыптасуына  негіз  болатын 

визуалдық  түрге  айналған  жүйелі  әдістемелі  жағынан  ӛңделген,  студенттердің  кезең-кезеңімен 

жақсы  түсінуіне  негізделген  ауызша  ақпараттар.  Мұндай  дәрістер  алдына  ала  дайындалған 

визуалдық  немесе  аудиовизуалдық  үзінділерді  түсіндіруге  келіп  тіреледі.  Визуалды  дәріс  кезінде 

кӛрнекті құралдарды пайдалану ӛте тиімді.  

          Оқытушының  міндетіне  әртүрлі  визуалды  тәсілдерді  (нақты    нысандар,  суреттер,  сызбалар) 

таңдау және оған жағдай туғызу кіреді: 

 

студенттердің қолдағы оқу материалдарын жүйелеуі; 



 

олардың жаңа ақпараттарды меңгеруі; 

 

мәселелі жағдайларды анықтау мен шешу. 



Екеу аралық дәріс.   

Ол  неғұрлым  күрделі  мәселелерге  қарағанда  әртүрлі  пәндердегі  үлкен  ғылыми 

материалдарды  бір-біріне  жақындастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  дәрісте  теориялық  және 

тәжірибелік сұрақтар арқылы шындық жағдайлар диалогты түрде талқылынады. 

           Дәріс  тақырыбы  бір  ғана  мәселеге  түрлі  ғылыми  мектеп  ӛнімдерінің  пікірталастыруына 

мүмкіндік  береді.  Мұндай  жағдайда  пікірталас  жүргізуге  тән  бірнеше  шарттарды  сақтау  қажет. 



 

 

 



29 

 

Осындай  диалогқа  студенттерді  тартуға  да  болады  (олар  сұрақ  қояды,  ӛздерінің  кӛзқарастары 



туралы сұрақтарды талдайды). 

Екеу аралық дәрістерде белгілі-бір тарамдарды қажет етеді, олар: 

 

интеллектуалды және жеке тұлғалық түсінушіліктер; 



 

коммуникативті дағдыларды дамыту;  

 

талқылау барысында жылдам шешім қабылдау; 



 

тез шешім қабылдау қасиеттері

Екеу аралық дәріс студентке мәселелерді тәжірибеде терең, жан-жақты шешуіне кӛмектеседі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет