Алдын ала қателермен жоспарланған дәріс бірнеше қызмет атқарады:
мотивациялық
диагностикалық
бақылаушы
Мұндай дәрістер үшін бастауыш материалдар дәрігерлік қателер болуы мүмкін
(диогностикалық, мінез-құлықтық, этикалық т.б.), ескірген, қате ғылыми түсініктер.
Оқытушы осындай дәрістерді дайындауда, оның мазмұнына белгілі-бір кӛлемде қателер
енгізеді. Дәрістерді оқудан бұрын оқытушы студенттерге ӛзінің ойын айтады, байқалған қателерді
қадағалап отыруды ескертеді. Дәріс оқылып болған соң дәріскер қателер тізімін айтып, оларды
студенттермен бірге талқылайды.
Мұндай дәрістер студенттерді мұқият тыңдауға бейімдейді және дәріскердің оқу
материалдарын олардың түсіну деңгейлерін тез бағалауына мүмкіндік береді.
Дәріс-консилиум немесе конференция студенттердің оған алдын-ала жазбаша қойған
сұрақтарының жауаптары берілген құралымдық мәтін. Сұрақтар студенттердің қызығушылығы мен
білім деңгейін кӛрсетіп беруі тиіс. Дәріскер дәріс соңында сұрақтар мен жауаптарға талдау
жасайды. Мұндай дәрістерді былай ӛткізу ұсынылады:
● алдымен үлкен бӛлімдер мен пәнді оқытуда, студенттердің мүмкіндігі мен бағыттылығын
айқындау.
● пәнді немесе үлкен бӛлімді оқытудың соңына материалды бекіту және жүйелеу үшін,
қорытындыны шығарып, әрі қарай жұмыстың жоспарын анықтау.
Дәріс таным мен ізденістің бастау алаңы болуы үшін, оған танымдық бағыт берудің, ӛтіліп
отырған пәннің объективті маңыздылығын дәлелдеудің, оның субъективті мәнін ашудың,
тыңдаушыларды ойлануға мәжбүрлеудің маңызы ӛте зор. Деректерге шолу жасап, идеяларды,
қорытындыларды салыстыра және ғылыми бағыттарға, әдістерге талдау жасай отырып, дәріскер
негізгілерін бӛліп алады, тыңдаушылардың назарын негізгі жағдайлар мен маңызды сұрақтарға
бағыттайды, оқу әрекеттерін ұйымдастыру туралы кеңестер береді, дереккӛздерді оқуға, ізденуге,
эксперимент жасауға олардың қызығушылықтарын оятады.
Тәжірибелік сабақтар, семинар сабақтары. Семинар сабақтарында (латын сӛзі seminarium
көшет өсірілетін ыдыс) студенттердің ӛз бетінше жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік беріледі.
Семинар - белгілі бір оқу материалдарын (теориялық, қолданбалы, мәселелік) оқытушының
жетекшілігімен топпен талқылау формасы. Семинар білім беруде бірнеше қызмет атқарады:
дамытушы (сыни, шығармашылық ойлауды дамыту, сендіре алу, ӛзінің кӛзқарасын негіздей
және қорғай алу);
ұйымдастыру – бағдарлау (әдістемелік құралдармен жұмыс, дереккӛздерді іздеу, әдістерді
таңдау және мәліметтерді ӛңдеу т.б.);
мотивциялық (танымдық қажеттілікті дамыту).
Әдетте семинар дәрістерден кейін ӛтіледі және студенттердің білімдерін тереңдетуге және
тәжірибеде оны қолданудың жолдарын талдауға негізделген. Семинар сабақтары студенттердің
білімін жүйелеуге, нақтылауға, тексеруге, терминдерді меңгеруге және оларды еркін қолдануға,
ғылыми тілде ӛз ойын нақты айтуға және дәл үйренуге, фактілерді талдауға, диалог жүргізуге
оппонент болуға мүмкіндік береді. Семинарда студенттердің интеллектуальды жұмыстары жеке
тәжірибеде қолданылады. Алайда, жоғарыда айтылғандай топтың формасы да (топтың кӛлемі 3-4
30
адамнан болғаны жӛн) болуы мүмкін. Семинарда топтық интеллектуалдық тапсырмаларды кезеңдік
қолдануда оқытушы барлық оқитындардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді; студенттердің
ӛзара ынтымақтастық дағдысына ұластыру; ынтымақтастықтың және еңбек бӛлінісінің уақыты
есебінен үнемдеу топтың жетістіктерімен идентификацияны жүзеге асыру. Семинардың
нәтижесінің маңызды жағдайы мыналар болып табылады: ынтымақтастықтың атмосферасы, ӛзара
түсінісушілік, сенушілік жағдай, даулы (пікірталастық) идеяларды айту, студенттердің қателесуіне
жол бермеу.Семинар сабақтары қызықты, әсерлі ӛтуі үшін интербелсенді әдістерді қолдану керек.
Семинардың маңызды элементі пікірталас болуы мүмкін (латын сӛзі discussion - қарау,
зерттеу) - ол кӛпшіліктің қандай-да бір даулы сұрақтарды, проблемаларды талқылауы.
Оқытушының негізгі міндеті: дискуссияның «қызуын ӛршіту» оны жүргізудің әдебін дұрыс
бағыттау, ғылыми ізденістің пәннен ауытқуына жол бермеу. Жасампаздық конфронтация әдісі
пікірталасты ӛткізуге жағдай жасайтын тиімді тәсіл болып табылады (тым ымырашылдық
семинарға қатысушылардың жабырқауы мен зерігуіне әкеледі). Ой пікірлердің тәуелсіздігін, аяқ
астынан болуын кӛтермелеу, кӛзқарастарының қарама-қайшы болуын дамыту. Оқытушы (референт)
дискуссияның тиімділігін арттыру үшін орындататын сұрақтар дайындап алуына болады; топтың
проблемаларын анықтау, тақырып бойынша кӛркем мысалдарды жетілдіру және салыстыру;
дискуссияның (басты пункті) түйінді сұрақтарын құру және бӛліп алу. Дискуссия әрқашан
қорытындысын шығарумен және пікірлерді шолумен аяқталуы тиіс. Дискуссиялық форма
студенттердің шығармашылық қиялын дамытуға, сыни және креативті ойлауға ынталандырады,
шындықты және т.б іздеуді жүзеге асырады.
Дискуссияға жақын мәселелерді кӛпшілік талқылаудың бір формасы - диспут (латын сӛзі
disputar – байымдау, айтысу) - ӛз ұстанымдарын қорғайтын екі немесе одан да кӛп жақ қатысатын
қоғамдық және ғылыми тақырыптарға арнайы дайындалған және ұйымдастырылған кӛпшілік
пікірталас. Семинар диспуттың мақсаты дүниетанымдық ұстанымын бекіту, баяндауды
қалыптастыру болып табылады. Диспутты сәтті ӛткізу үшін маңызды дайындық керек,
мәселелермен таныстыратын бағыт-бағдар және дәрісханада адекватты атмосфера құру қажет.
Диспутқа қатысушыларды кіші топтарға бӛліп, әрқайсысына алдын ала дайындалған сұрақтар беріп,
аргументтер мен хабарларды дайындау диспуттың табысты болуы тақырыптың ашылуы мен әр
түрлі екі жақтың ұстанатын қорытындысымен кӛрінеді. Оқытушы диспуттың міндеттерін, оны
жүргізудің жорамалын, қатысушылар талқылау нәтижесіне қол жеткізу үшін мұқият ойластыруы
қажет, қорытындысын талқылау натижесіне қол жеткізу үшін мұқият ойластыруы қажет.
Жүргізуші қарсы сӛйлеушіге сӛз береді, регламентті сақтауын қадағалап, шығып сӛйлейтіндердің
кезегін реттейді, талқылау соңына дейін дұрыс жүргізілуіне қам жасайды. Диспут қорытынды
шығарумен аяқталады, пікірталас жүргізген екі жақтың сұрақтары қаншалықты терең және
әдістемелік шындыққа қаншалықты лайықты қойылды, қанша жауаптары дұрыс болды және екі
жақтың мәселелерді меңгеру сапасы қандай мақсатта болды; қызықты қойылған сұрақтар мен
жауаптарды және кіші топтардың дайындық сапасы мен белсенділігіне баға беріледі.
Студенттердің ӛзіндік жұмысы дегеніміз – оқытушы жетекшілігінің қатысуынсыз ӛтетін
білімді меңгеру іс-әрекеті. Ол ӛзінше білім алуды қалыптастырады, үздіксіз білім алу базасын
құрады, ӛздігінен біліктілігін кӛтеруге мүмкіндік алады. Оқытушының бақылауымен жүргізілетін
ӛзіндік жұмыстардың түрі:
1)
Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерде жүргізілетін ӛзіндік жұмыс;
2)
Сабақтан тыс жүргізілетін ӛзіндік жұмыс.
Дәрісханадағы ӛздік жұмыстардың мазмұнды элементтері: дәрістерді жазу және тыңдау
шеберлігі семинарда, конференцияда, топтық сабақтарда баяндаушының сӛзін сын тұрғысынан
бағалау; сын пікірді, баяндаманы, ӛзінің сӛзін шығармашылық жағынан құру; сынақтар мен
емтихандарға жемісті дайындалу.
Дәрісханадан тыс ӛзіндік жұмыстардың мазмұнды элементтері: алғашқы дерек кӛздермен,
құжаттар және кітаппен жұмыс және конспект жасау; дәріс материалдары бойынша жазу және
түзету; оқулық, оқу құралдары және басқа ақпарат кӛздері бойынша материалдарды толықтыру,
реферат жазу, семинарларға, конференцияларға, «дӛңгелек үстелге» дайындалу; зерттеу
31
жұмыстарын ӛткізуге қатысу; әр түрлі зерттеу тақырыптары мен оқу жұмысындағы мәселелерге
талдау жасау; іскерлік ойындарға дайындық, диплом және қурстық жұмыстарды орындау, сынақ
пен емтихандарға және т.б. дайындық.
Студенттердің ӛзіндік жұмысына негізінен ӛткен материалдарды ұғыну немесе жаңа
ақпараттарды меңгеру жатады. Осы және басқа жағдайларда негізгі әдебиеттерді пайдалану қажет
болады. Кітаптар мен жұмыста ӛзіндік бірізділік бар: алдымен кіріспе немесе алғы сӛздің
мазмұнымен, жалпы құрылымымен танысу; кӛрсетілген мәселелер туралы біртұтас мәлімет алу
үшін, басынан аяғына дейін оқу, материалдарды терең ұғыну үшін қайта оқу, негізгі идеяларды
ерекшелеу, сыни және позитивті сұрақтарды кӛру, дәйектердің жүйесін тізу. Оқу ережесінде
ұғымдар және терминдермен жұмыс, бұл ғылыми кітаптарды белсенді пайдалануға және түсінуге
мүмкіндік береді; авторлардың идеясын есте сақтау, осы және басқа тұжырымдамалардың негізгі
бағыттарын бӛліп алу, мүмкіндігінше оқылған материалдың тізімін жүргізу. Бұл студенттерге білім
жүйесін меңгеруге, оларды есте сақтауға және анықтап белгілеуге мүмкіндік береді.
Конспектіде (латын conspectus–шолу) автордың жаңадан енгізген деректерінің негізгі
ұстанымдық жағдайлары, негізгі әдістемелік жұмыстары, дәйекті айғақтардың кезеңдері және
қорытындылары бейнелегені жӛн. Конспектіні жүргізудің түрі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ
конспект әрқашан автордың аты-жӛні кӛрсетілуімен, жұмыстың толық аты, басылым жылы және
орны жазылуымен басталады. Конспект «кӛзсіз» тұтастай мәтіннен тұратын болмауы керек.
Керекті мәліметтерді тез табу үшін, ерекше маңызды жерлер, айқын мысалдар әр түрлі
символдармен ажыратылады. Конспектіге жеке пайымдауларды, конспект жазғаннан кейінгі немесе
үрдіс кезіндегі ойларды, анықтауды қажет ететін сұрақтарды жазу керек.
Рефератты дайындау (лат. referre-баяндау, хабарлау) студенттердің білімін тереңдету және
кеңейтуге себепші болады. Студенттік рефераттар ереже бойынша семинар сабақтар мен дәрістерде
оқыған материалдармен, негізгі сұрақтармен толықтырылады және дамытылады. Жетекші орынды
кәсіби қызығушылықты таныстыратын тақырыптар орын алады, ӛзіне жаңашыл элементтерді
қамтиды.
Реферат материалдарында ғылыми жұмыстардың, кітаптар мен мақалалардың, алғашқы
құжаттардың жазбаша үлгісі таныстырылуы тиіс. Рефератты дайындау барысында студент білімді
жүйелеуді, қайта ӛңдеуді, талқылауды үйренеді, нақты құбылыстарды саралауды, осылайша
қарастыра отырып, ғылыми зерттеу дағдыларының алғашқы қызметін меңгереді. Рефератқа бірнеше
деректердің шолуы енгізілуі тиіс және семинарда белгілі бір тақырыптағы баяндама айтылуы тиіс.
Реферат жазу қосымша оқу формасына жатады. Маңызды болса да қосымша оқу формасына
жоғары мектептерде конференциялар мен коллоквиумдарды жатқызады. Конференция – бұл нақты
кӛрсетілген мәселелер бойынша білімді ғылыми хабарлау түрі.
Конференция шығармашылығымен, пікірталастығымен, ӛзіндік сипатымен ерекшеленеді,
оған алдын ала бағдарлама жасалады (қатысуға ӛтініш беріледі) және бекітіледі.
Семинарға қарағанда мұнда талқыланатын мәселелер ғылыми, терең және жан жақты жеке
мәселелер қарастырылады.
Коллоквиум – тарау бойынша, тақырыптық блок бойынша оқытушының студенттермен
білімдерін анықтау мақсатындағы әңгімелесу. Осылайша оқытушы–профессорлар құрамына оқу-
тәжірибесі мен әдісінеғ олардың барлық мүмкіндіктеріне таңдау жасалады.
Осы әдістерді дұрыс қолдану арқылы білім сапасын кӛтеріп, студенттер үшін оқыту үрдісін
қызықты етеді, ең бастысы университет қабырғасында оқытудың жылдан-жылға, пәннен пәнге
жүйелі болуы халықаралық деңгейдегі бәсекеге қажетті білікті маман даярлау қалыптасады.
Инновациялық бағыттың арқасында оқыту нәтижесінің маңыздылығын, білімді меңгеріп,
оны практикада қолдануды кӛтеруге болады.
Медициналық білім беруде тұрақталған парадигмалардың ӛзгеруі медициналық ЖОО-ның
студенттерін дайындаудың деңгейін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар ПОҚ-ң тұлғалық
ӛсуі мен дамуын ынталандырады, оларды алға жетелейді, ӛздіктерінен жетілдіреді оқытушылар
арасында лайықты бәсеке қалыптастырады.
32
Оқытудың жаңа технологиясын қолдану медициналық университетті халықаралық
бағдарламалар деңгейіне жақындатады, университеттердің әлемдік білімдік кеңістігіне кіруіне
себепші болады, университеттердің әлемдік рейтингте жетекші орынға үміттенуіне мүмкіндік
береді.
Медициналық ЖОО-да оқыту әдісі студент пен педагогтың бірлескен қызметі, бұл тәсіл
құндылықтар мен мақсаттарды таратуға бағытталған, болашақ дәрігерлердің тұлғасының қалыптаса
бастауын алдын ала анықтау және білім мен дағдыларын меңгеру, осы кезеңдегі қоғамның
мұқтажына сәйкес қызметіне қажет. Медицина университетінің оқу үрдісіндегі ерекшеліктері
оқытудың соңғы мақсаты жетістіктеріне бағытталуынан тұрады.
Бұл мақсаттар маманның біліктілік мінездемесінде кӛрсетілген. (http://www.medbio-
kgmu.ru/cgi-bin/go.pl?i=549)
Студент-дәрігер оқу барысында ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне байланысты
ЖОО-ғы медицина мамандығына байланысты жұмыстарды, әр түрлі құзырлылықты және
денсаулық сақтау жүйесіндегі тұлғалардың негізгі бағыттарын меңгеруі керек. Түпкілікті мақсатқа
жету үшін әр оқу пәнінің түпкілікті нәтиже беруінің маңызы зор. Қазіргі уақытта медициналық
білім беру жүйесіндегі пәнді меңгеру тәртібі клиникалық ой-ӛрістің дамуына байланысты: физика-
химиялық және медицина-биологиялық пәндерге, негізгі білім беретін және кәсіби клиникалық
тапсырмаларды шешу мүмкіндігін қалыптастыратындығына. Тек соңғы жылдарда ғана пәнді
меңгеруде модульді оқыту ретінде инновациялық әдістер және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
енгізіле бастады (жағдайлық тапсырмалар, интерактивті сабақтар т.б)
Жоғарғы медициналық білім берудің мақсаты болашақ маманды жауапкершілігі жоғары,
уақытында кӛмек кӛрсете алатын, мейірімді және жанашыр болатындай етіп қалыптастыру. Бұл
мақсаттар дәрігерлік қызметтегі екі басты ерекшелікті айқындайды:
Олардың біріншісі, құндылықты-мәнді, студенттің гуманистік кәсіби даму деңгейі,
гуманистік құрылымдарды қабылдауы;
Екіншісі, кәсіби мәдениеттің негізі мен әрекетін технологиялық меңгеруіне байланысты.
Дәрігердің кәсіби және тұлғалық даму деңгейі дәрігерлік қызметтегі осы екі компоненттің
қаншалықты дамығаны мен үйлескеніне байланысты.
Студентке медициналық оқу орнының жалпы стратегиясы түсінікті болған сайын, оқу
орнындағы кафедраларда педагогикалық процесс тиімді жүреді.
3.1.1.
Медициналық ЖОО оқытудың перспективалық әдіс-тәсілдері
Ғылымның қарқынды дамуы және техникалық прогресс адамдарға жаңа зерттеулердің
ақпараттық технологиясын ұсынады: бізді қоршаған ортаның пайда болуы, қалыптасуы, тірі
ағзалардың ӛмірін қамтамасыз ету, соның ішінде молекулярлық деңгейдегі адамның геномы,
мысалы инновациялық әдіспен емдеуді құру үшін және кейбір генетикалық аурулардың
коррекциясын.
Осыған байланысты соңғы жылдары ғылыми жаңалықтар есебінен жас мамандарға білім беру
үшін әдіс-тәсілдерді енгізу, дамыту туралы сұрақ туындайды. Бірақ қазіргі ЖОО-да
оқытушылардың міндеті болашақ маманды тек қана ғылыми-педагогикалық, ақпаратты тұлға
ретінде ғана қалыптастырмай, оның болашақта осы алған білімдерін кез-келген кезде туындайтын
қиындықтарды шешуге пайдалана алатындай, жан-жақты дамуға бағыт беруі керек.
Бұларды шешу үшін медицина университеттері студенттің оқу тәжірибесіне тиімді әдіс-
тәсілдерді ұсынып, студенттің тәжірибесіне жаңалық енгізген әлемнің алдыңғы қатарлы
технологиялық компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуде. Әсіресе болашақ мамандарды
тәжірибелік дағдымен дайындау негізгі мәселе болып отыр.
Әлі күнге дейін Қазақстан медцина университеттерінде студенттерді тәжірибелік дағдымен
оқытудың әдіс-тәсілдерінің кӛп бӛлігі ӛзгермеген бұрынғы тәсілдермен ӛткізіліп жүр. Болашақ
33
дәрігерлер мәйіттермен (адамның, жануардың), оларды тірі жаннан айырмашылықтарын
айқындаумен жұмыс жасайды. Шынайы тәжірибені бірінші науқасқа ота жасауда алады. Қиын
жағдайда, отадан кейінгі асқынуға дейін әкеп соғуы мүмкін.
Дәстүрлі оқыту және дәрежені кӛтеруде медицина университетінің хайтек-компаниясымен
жаңа білім беру тәжірибесін іздестіру үшін тығыз байланыста жұмыс істеуінің арқасында іске асып
отыр. Осындай шешімдердің бірі әр түрлі жаттығуларда симуляторда кӛрініс бере бастады,
интерактивті оқытуға және сапалы 3D пайдалануға жол ашты. Медицинада мамандардың
қателіктері кӛп кездеседі және адамның ӛмірі маманның дайындағына байланысты.
Кӛптеген ауыр оталар (мысалы, пластикалық хирургиялық) дәрігердің тыңғылықты
дайындығын және медициналық құралдарының дайын, таза болуын талап етеді.
Медициналық симуляторларда медициналық қателіктер кетпес үшін ота жасауға алдын ала
мұқият дайындалуға, күрделі жерлерін анықтау үшін әр түрлі сценарийлермен дайындалуға
мүмкіндік береді.(http://www.ve-sim.ru/simulation.html).
Қазіргі медицина университеттері тез, әрі тиімді оқыту үшін интеративті оқытудың
технологиясы мен жүйесін пайдалануда.
Жақында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде оқытудың әр түрлі әдістерін қолдануда
материалды қаншалықты меңгергендігі анықталды:
Мәтінді оқу-30%
Оқу және визуалдау-40%
Оқу, 3D визуальдау, дыбыс (мультимедиа)-50%
Мультимедиа және білімді интерактивті тексеру-75%
Интерактивті оқыту жүйесі (білімді тексеру жаттығулары және симуляторлар, ойын түрінде)-
90%
Алдыңғы қатарлы хайтек-компаниясы медициналық білім беруде қолдануға болатын
интерактивті мультимедиялық оқытудың жүйесін, дистанциялық интерактивті оқыту жүйесін (3D
internet), виртуалды лабораторияны т.б. құру қызметін ұсынады. Жаңа технология компьютердің
кӛмегімен интербелсенді оқытуға мүмкіндік береді, тұтынушылар бұны ӛз беттерінше оқи алады.
Интербелсенді оқу барысында тұтынушылар оқу материалдарын тек қана оқып, тыңдап қана
қоймай, сонымен қатар оқытушы сияқты онымен ӛзара қатынасқа түседі. Бұл білім алушыға оқудың
кӛлемін, уақытын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа мұндай интербелсенді оқудың мультимедиялық жүйесінде компьютердің барлық
мүмкіндіктерін пайдалануға болады, 2 D және 3D графикасы, сондай-ақ оқу материалдарын меңгеру
дәрежесін ұлғайтады.
Интербелсенді оқу жүйесінің жалғасы болып e-learning-электорндық және дистанциондық
білім, яғни оқытушы мен студент бір-бірінен қаншалықты алыс тұрса да бір-бірімен ӛзара қарым-
қатынасқа түсе алады. Интернет арқылы қарым-қатынасқа түсу үшін электронды пошта, чат (ICQ и
Skype), дыбыс және бейнеконференциялар т.б. пайдаланылады.
Бүгінгі күнгі ЖОО білім беруде қолданылып жүрген оқытудың тәсілдерін: дәріс, кеңес,
семинарлар, жобалар, лабораторлы-тәжірибелік сабақтар, ойындар, жағдайлық тапсырмаларды
қазіргі компьютерлік технологияның кӛмегімен модернизациялауға болады.
1.
Дәріс. Қолданылатын техникалық құралдың түріне байланысты оқу, дәріс болуы мүмкін.
Теледидарлық
Аудиодәріс
Бейнеконференция арқылы дәріс
Бейнетаспадағы дәріс
Электронды дәрістер
Интернет арқылы оқылатын дәрістің ӛту мерзімі тыңдаушылар санына байланысты болады.
Мұндай дәрістердің үлгісі мына сайтта кӛрсетілген: http://www.youtube.com/watch?v=kBdfcR-8hEY.
2.
Кеңес. Бұл студенттің оқытушымен кеңесуі. Олардың бір-бірінен қанша алыс тұрғанмен
интернет арқылы да кеңесуіне болады. Бұл да тыңдаушының санына байланысты:
34
топтық
жеке болуы мүмкін.
Ӛткізу уақытына байланысты:
уақытында (чат, ISQ, факс, телефон т.б.)
кейінге қалдырылған (электронды почта, форум т.б.)
3.
Семинарлар. Семинар оқытушы жетекшілігімен ӛтетін студенттердің оқу бағдарламасы
тақырыптарын топ болып талқылаулары. Қазіргі технология тӛмендегі семинарлардың түрін
ӛткізуге мүмкіндік береді.
Семинар-чат
Асинхронды семинар
Семинар-видеоконференция
Электронды семинарға дайындалуда мыналар қажет:
Сұрақтарды дайындау, қолданылатын әдебиеттер тізімі, МР;
Кесте құру (уақыты, күні, семинар түрі)
Талданған (дайындалған) құжаттарды тарату
Идентификациялық код пен пароль беру
Тест дайындау
Семинар соңында бағаларын қою.
4. Зертханалық – тәжірибелік дағдыларды үйрету, әсіресе, зертхана-диагностикалық зерттеу
жасауда, науқасты тексеруде, зертханалық практикумда заманауи технология қолдана отырып,
«қашықтықтан» оқыту мүмкін еместей кӛрінеді. Алайда, әлемдік интернет жүйесінде On-Line
тәртібінде ӛткізілген лабораториялық – тәжірибелік сабақтардың үлгісі ӛте кӛп. Бұл сабақтарға
қатысушылардың санына қарай, оларды жалпыға бірдей және жекелеген деп бӛлуге болады.
Зертханалық жұмыс жүргізу үшін тӛмендегілерді пайдалануға болады:
Виртуалды-зертханалық практикум (
http://www.hhmi.org/biointeractive/vlabs
;
http://www.itg.lbl.gov/cgibin/vfrogscript
)
Алып тастайтын құралдармен, жұмыс жасау (Lab View фирмы National lnstrument,
АҚШ).
5. Оқу жобалары. Оқу жобасы – қандай да бір мәселені шешудің ортақ нәтижелеріне қол
жеткізуге бағытталған оқу-танымдық, шығармашылық немесе ойын түрлерінде ӛткізілетін бір
мақсатты кӛздейтін бірнеше қатысушының ӛзара келіскен әдістері, жүргізе білу қабілеті. Оқу
жобаларын сондай-ақ жекелеген түрде де жүзеге асыруға болады. Студенттердің қабылдау
қабілеттеріне қарай олардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
Реферат
Оқу тапсырмалары
Эссе
Ғылыми баяндама
Мақала немесе тезис
Презентация
Мұндай тапсырмалардың үлгілерімен тӛмендегі сайтта танысуға болады:
http://www.youtube.com/watch?v=nAXCml EZCOK
.
6. Рӛлдік ойындар «Ғаламтор» арқылы интербелсенді оқыту әдістерін рӛлдік ойындар
кӛмегімен де жүзеге асыруға болады. Бұл үшін ең кӛп қолданылады:
Иммитациялық (ұқсастыру) ойындары
Операциялық ойындар
Рӛлдерді орындау
Іскер театр
Мысалы:
http://www.youtube.com/watch?v=JFVkzYDNJqo
.
35
Осылай, заманауи талаптарға сай жоғары білім беруде электронды құралдарды
пайдаланудың мүмкіндіктері шексіз, әрі мынадай ұтымды жақтары бар:
Дереккӛздерге сілтемені әр түрлі форматта беру мүмкіндігі уақыт пен әдіс – тәсілдерді
үнемдейді;
Оқыту материалдарын жеткізудің тиімді тәсілі;
Кез – келген уақытта, кез-келген орында оқыту ресустарының қол жетімділігі.
Жеке және белсенді оқытуға бағытталған.
Оқыту материалдарын ыңғайлы форматта пайдалануға мүмкіндік береді.
«Компьютерлік жаттығуларды» пайдалану да медициналық білім беруде ұтымды бағыт болып
табылады. Компьютерлік жатығулар алғашқыда пилоттарды оқыту үшін авиацияда қолданылды.
Бұлар меңгеруге (отработка) кеткен уақыт пен игеруді (ресусты) айтарлықтай дәрежеде үнемдеуге
мүмкіндік береді. Адамдарды осы немесе басқа да арнайы дағдыларға үйрету үшін енді шынайы
жағдайды жасаудың қажеті жоқ. Бұл үшін компьютерлік жаттығулардың әртүрлі моделдері
(нұсқаулары) бар:
1. Механикалық моделдер: Қазіргі уақытта болашақ дәрігердің жан-жақты дамуын тездетуге
арналған арнайы механикалық үлгілер бар. Мысалы: мұндай үлгілер эндоскопты меңгерте білу үшін
қарапайым, арзан әрі қолжетімді ақпараттар (материалдар) қолданылады (Праведников П.,
www.endoscopy.ru
).
2. Жануарлар тіндерін пайдаланып жасалған жаттығулар. Оқыту үшін наркоздағы (уақытша
жансыздандырылған) жануарларды, сол сияқты олардың жекелеген мүшелері мен ұлпаларын
пайдаланады. («Ex vivo» үлгісі). Мұндай үлгілерді (модели) ЭРХПТ, эндоскопиялық
ультрасонография (ЭУС) және басқа да инвазивті әдістерді оқыту үшін пайдаланудың
артықшылығы кӛп. Бұл диагностикалық емдеу шараларын оқыту үшін жас жануарлардың ұлпасы
пайдаланылады, себебі олар қалыпты эндоскоптар мен басқа да құралдарды қолдана отырып,
оқытуда ӛте пайдалы болып септеледі «Ex vivo» үлгісі үшін жаңа дайындалған мүшелерді
(жануардың) пайдаланады. Мұның бір мысалы EASIE – жаттығу (The Erlangen Active Simulator for
interventional Endoscopy) – бұл инвазивті эндоскопияға арналған жаттығу адам тұлғасы пішініндегі
пласмасса қалыпқа салынған шошқаның висцералды мүшелерінен тұрады. Күре тамырдағы қан
айналымды реттеуге мүмкіндік береді. Жаттығу эндоскопиялық гемостаз полипэктомияға,
сфинктеротомия, эндопротездеу және басқа эндоскопиялық ем-шараларды жасап үйренуге
кӛмектеседі.
Осылайша ақпараттық және hi-tech технология ғасырындағы білім беру жүйесінде ғылым мен
техниканың жетістіктерін пайдаланудың болашағы зор. Оқытудың инновациялық әдістері білім
берудің тиімділігін берілген білімінің сапасын, ЖОО-ның ұлттық және халықаралық дәрежедегі
беделін кӛтереді. Әсіресе, бұл еуропалық білім беру кеңістігіндегі интеграция халықаралық
дәрежедегі танылуға жоғары медициналық білімді модернизациялаудың жаңа тенденцияларына
байланысты ӛзекті болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы медициналық
университеттердегі білім беру үрдісінің алға дамуына, жаңа үлгілерін сараптау мен енгізуге,
оқытудың инновациялық әдістерін кеңінен қолдану, оқу бағдарламасын үнемі жетілдіруге,
профессор-оқытушы құрамының кәсіптік біліктілігін кӛтеруге, білім сапасын жақсартуға
қажеттіліктерді анықтап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |