Бақылау: бағалау – суммативті, on-line тестілеу, есеп шығару негізінде қойылады. Қашықтықтан оқыту кезінде Module dis.kaznmu және Zoom платформасында.
БОӨЖтапсырмалары: Ситуациялық есептер шығару:
Тапсырма1. Органогенез эмбриональды дамудың маңызды кезеңі болып табылады, онда күрделі және әртүрлі морфогенетикалық өзгерістер жүреді.
Адам эмбриогенезінің қай кезеңінде ағзалардың бастамалары қалыптасады?
Адамда бірінші болып қандай мүшелер дамиды?
Органогенезде қандай жасушалық үдерістер жүреді?
Адамның ағзасының қалыптасуы қашан аяқталады?
Тапсырма2. Бала омыртқа жотасының жырығымен туылды. Онтогенездің қандай жасушалық механизмі бұзылған?
Тапсырма 3. «Қасқыр таңдай» ақауы қандай жасушалық механизмнің бұзылысынан дамиды? Тапсырма 4. «Синдактилия» ақауы қандай жасушалық механизмдердің бұзылысынан дамиды? Тапсырма5. Мүшелердің өз орнынан ауытқуы және дамымай қалу ақаулықтары қандай жасушалық механизмдердің себебінен болады?