Кештің барысы: Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі «Еңбегімен ел таныған» атты кездесуімізге қош келдіңіздер!
Қытайдың əйгілі данасы Конфуцийдің өте ақылды бір шəкірті бар екен. Ол ақылды əрі алғыр болғаны сонша, оған данышпан деген оқымыстылар мен ғұламалардың өзі қайран қалатын болса керек. Бірақ, осынша ақыл мен білімі бола тұра əлі күнге Конфуцийға шəкірт болып жүргеніне басқалар таң қалысып жүреді. «Əрине, Конфуций қытайдың ең дана да данышпан тұлғасы екені рас, деседе шəкірті одан қалыса қоймайды. Ақылы мен амалы бір басына жеткілікті бола тұра жай шəкірт ретінде дəріс алып жүргені несі екен?», – деп баршасы бас қатырады. Күндердің күнінде бір адам Конфуцийге шəкіртінің де өзі секілді ақылды да дана екенін, ол жағынан ұстазынан қалыспайтынын айта келіп, сонша ақылды бола тұрып сізден не үйреніп жүргеніне таң қаламыз дейді. Сонда Конфуций дана: «Ол ақылды болғанымен өте жалқау. Ал жалқаулықтың ақыл мен білімді қор қылатынын түсінбейді. Сондықтан ол осы шындыққа көзі жеткенше менің шəкіртім болып қала береді», – деген екен. Иə, бұл оқиғадан қоғам мен адам өміріндегі еңбектің рөлі орасан екенін түсінеміз. «Адамды адам еткен – еңбек» деген Маркстың да атақты сөзі бар. Бұл сөздің астарында үлкен шындық жатқаны анық. Адамның тарихтағы талай таң қаларлық жаңалықтары мен өнертабыстарының ар жағында үлкен даналық пен орасан еңбек жатқан болатын. Егер адам баласы еңбек ете білмегенде осындай дамыған қоғамға қол жеткізуі де неғайбыл. Сондықтан еңбектің орнын алмастыра алатын құндылық жоқ. Өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік, саяси дамуы да қарапайым еңбек адамдарының арқасы екені талассыз. Өйткені осы бір қарапайым адамдардың тынымсыз еңбегінің нəтижесінде ел экономикасы мен қазынасына қаншама байлық құйылып жатқанын жақсы білеміз. Ал ол байлықтың халықтың игілігіне жарап жатқаны тағы шындық. Бұл жағынан мемлекет ең алдымен қарапайым еңбек адамдарына қарыздар. Осындай қарапайым да тынымсыз еңбегімен ел жадында сақталып, халықтың құрметіне бөленген кісілер бүгінгі біздің кездесу кешіміздің қадірлі қонағы болып отыр.
Олай болса құрметті қонақтарымызбен танысу үшін кезекті «Танысу» тренингімен мектеп психологы Гүлзира Әбдібекқызына беремін.
Жүргізуші: Кез - келген саналы баланы «Мен өскенде кім боламын?», «Қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне , таңдауы дұрыс, сенімді адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
«Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Осындай ниетпен шәкірттеріміздің болашағына сәттілік тілей отырып, оқушыларымыздың
«Мың мамандық бәрі бар» атты әдеби -сазды монтажына кезек берейік.