С. Ж. Жалғасбаева «ЕҢбегімен ел танығАН»



бет4/6
Дата18.11.2023
өлшемі33,63 Kb.
#124310
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Еңбегімен ел таныған кездесу кеші

Өз орныңды тапқаның.

Сол жолда талмай самғарсың,
Кездессе де, қандай сын?
Тірлікте мынау кәсіп көп
Қайсысын қане таңдайсың?
Елдестірмек елші ме?
Жер қопарған кенші ме?
Асықпай толғап, таңда да
Біреуін соның еншіле!

Фармацевт пе, балгер ме?
Төрелік айтар заңгер ме?
Жақынын жанға қалағын
Құр атағын сән көрме!
Жылқышы, әлде түйеші
Қайсысы саған тиесі?
Қиналсаң, қане сөз алсын
Сол кәсіптер иесі!

Ақыл - ойың көк теңіз
Талабыңды қостасын
Түсіндіріп өтейін
Мамандықтың көш басын
Құлағында ойнаған,
Тіліп бұлттың ұлтанын.
Зеңгір көкке бойлаған,
Ұшқыш болғың келе ме?

Айлап, жылдап түн қатып,
Сапар шегер алысқа.
Толқындарды тулатып
Шағаламен жарысқан
Капитан бол кемеге!

Көшет егіп жекелеп
Гүлдендіріп бар маңын.
Нәрестедей мәпелеп
Мәуелеткен бау - бағын
Бағбан болғың келе ме?

Өмір деген ұлы көш
Сол серуенге қосыл да
Өз орныңды тауып ал
Жаны толы асылға
Азамат бол бағы бар


Хор: «Біз- бақытты баламыз»



  • «Мамандықты қалай таңдауға болады?» бейнеролик тамашалау.

Жүргізуші:
Кешіміздің негізгі бөліміне де келіп жеттік. Олай болса өздерінің елге жасаған қызметімен, маңдай тер еңбегімен елге танылып жүрген қадірлі қонақтарымызды толығырақ таныстырып өтсек:

  1. Жұмабеков Бақтияр Жұмабекұлы – 1968 жылы дүниеге келген, «Жыл жомарты -2020» номинациясының иегері, Қармақшы ауданының 90 жылдығы мерекелік медалінің, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы медальдерінің иегері, 2006 жылғы «Жылдың құрылыс және құрылыс материалдары өндірісі саласындағы үздік кәсіпкер» номинациясының иегері. Мамандықтары– Товаровед, экономист, заңгер, электромонтер-байланысшы, 1995 жылдан бастап жеке кәсіпкер. «Сұлтан» кафесінің, сауда орталығының иесі,

  2. Аманжолова Гүлім Жандарбекқызы -1984 жылы дүниеге келген, наубайхана ісімен 10 жылдан бері айналысып келе жатқан жеке кәсіпкер, наубайхана иесі,

  3. Бөртілеуова Асылым –1996 жылы дүниеге келген, негізгі мамандығы теміржол саласында, 2016 жылдан бері жеке кәсіппен айналысқан. Ерлердің, әйелдердің шаштаразы курсынан өткен, «Той және кеш шаш үлгілері оқуынан өткен, шаш қиюдың негізгі курсын оқыған, «Марал» сән салонының шаштаразы,

  4. Собетова Гүлбану апай –1965 жылы дүниеге келген, 1999 жылдан бері жеке кәсіпкер, «Гүлбану» тігін цехының иесі, мамандығы - закройщик-модельер,

  5. Қалдашбаев Бүркіт Төлегенұлы – 1960 жылы дүниеге келген. Ауылымыздың құрметті тұлғасы. Бірнеше жыл басшылық қызметтерде еңбек еткен. 2017 жылдан бері «Дәуіт» шаруа қожалығының агрономы,

  6. Ідірісова Шынар Жақсылыққызы -1966 жылғы, негізгі мамандығы –«Өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын тану», осы салада көптеген жылдар жұмыс жасаған, 2004 жылдан бастап жеке кәсіпкер, аудан әкімі С.Мақашовтың, Ә.Ерсұлтановтың «Алғысына» ие болған, «Нұржігіт» сауда үйінің иесі.

  7. Жалғасбаев Жақсылық Жалғасбайұлы -1934 жылы дүниеге келген, көптеген жылдар ауыл басшылығында еңбек еткен. 2000 жылдан бастап «Шабан ата» шаруа қожалығының басшысы.

  8. Іскендіров Әділбек - Қармақшы аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы.

  9. Мектебіміздің түлектері – студенттер. 3-курс студенттері Жанел, Мәрзия, Қуанышкүл, 1-курс студенттері Рақымжан, Дамира, Айшолпан, Мағжан, Ерлан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет