С. Ж. Жалғасбаева «ЕҢбегімен ел танығАН»



бет6/6
Дата18.11.2023
өлшемі33,63 Kb.
#124310
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Еңбегімен ел таныған кездесу кеші

Ән. «Менің өлкем» Жанәли, Жандәулет

Талаптың мініп тұлпарын,


Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің
Әр қиырға сермедің. –деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттеріміз бүгінгі кеште ортамызда .
«Ізбасарларыма айтарым бар» айдарымен келесі сөз кезегін мектебіміздің 2020, 2022 жылдардағы түлектеріне, бүгінгі күні еліміздің әр қаласында мемлекеттік грантпен жоғарғы, арнаулы оқу орындарында оқып жатқан студенттерімізге береміз.
( өздерін таныстырып, сөз сөйлейді)

  • Мамандығымды дұрыс таңдадым деген ойдасыз ба?

  • Мамандық таңдауда нені ескеру керек дер едіңіз?

  • 11-сынып оқушыларына не айтасыз?

Оқушылардың сұрақтарына кезек.
«Ашық микрофон» әдісі арқылы мектеп директорларының бейінді орынбасарларына сөз беріледі.
Жүргізуші: Ешкім кәсіпкер болып тумайды. Кәсіпкерлік-еңбек. Оны жастардың бойында ерте жастан қалыптастыру керек. Кәсіпкерлік басқа еңбектің түрлерінен оқшауланып тұрады. Атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозиф Шумпетердің «Кәсіпкер болу –басқаның істегенін істемеу» деген сөзі осының айғағындай.
Өз еңбегін ұйымдастыра білген адам ғана кәсібін дөңгелете алады.
Қонақтарға сый.
Олай болса осындай кәсібін дөңгелетіп отырған , еңбегімен танылған кәсіпкерлердің бірі де бірегейі Сіздер, құрметті қонақтар. Бүгінгі кездесу кешінен сіздерге естелік бұйымды қабыл алыңыздар.
(Музыка ойналады. Оқушылар қонақтарға сый тапсырады.)
Иә, еңбектің бейнетке толы екені рас. Бірақ сол бейнеттің зейнетінің рахаты мен лəззаты қандай болатынын айтуға тіл жетпейтіні тағы шындық. Қиындықтан мойымай, бейнеттен қажымай, тек болашағынан үміт күтетін, еңбекті ерлік деп бағалайтын ұрпақ тəрбиелеуде Сіздер секілді бақытын еңбектен тапқан адамдары үлгі ете білсек қана жұлдызымыз оңынан тумақ. Бұл туралы С.Көбеевтың: «...Еңбек тəрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тəрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тəрбие бердім, – деп айту екіталай», – деген əдемі сөзі бар.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгіні мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – қоғамға, ұстаздар мен ата-аналар қауымына ортақ міндет. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл – кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймыз. Келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз. Әрқайсыңыздың жасап жатқан кәсіптеріңіздің өрлей беруіне, табысты болуларыңызға тілектеспіз.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай болу!

Оқушылар, түлектер,
Ең қиын мамандық - адам боп қалу, мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңызға тілектеспін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет