5
Бірінші бөлімде логистиканың мәні, мағынасы, негізгі функциялары
және міндеттері қарастырылады. Мұнда жұмыста пайдаланылған
логистикалық жүйелердің негізгі түсініктерінің анықтамалары беріледі. Тауар
қозғалысын басқаруға дәстүрлі тәсілдемелерге қарағанда логистикалық
тәсілдемелерді қолданудың артықшылығы негізделеді. Логистиканың негізгі
функционалдық салалары және олардың өзара байланыстары қарастырылады,
сондай-ақ олардың әрқайсысы үшін функциялары мен міндеттері беріледі.
Мұнда логистиканың әрбір функционалдық саласы бойынша таралған типтік
модельдердің көрінісі келтіріледі.
Екінші бөлімде сатып алу ішкі жүйсінің функциялары мен міндеттері,
қызмет ету механизмдері құрастырылған, модельдері мен әдістері сипатталған
және зерттелген.
Үшінші бөлімде өндірістік логистикадағы тауар қозғалысының
мақсаттары мен міндеттері және олардың математикалық модельдері мен
әдістерің қолдануға мысалдар мен өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар мен
сұрақтар берілген.
Төртінші бөлімде тарату логистикасында тауар қозғалысының
міндеттері мен мақсаттары сипатталған, сондай-ақ бесінші бөлімінде көлік
және алтыншы бөлімде қойма логистикасындағы тауар қозғалысы
қарастырылған.
Берілген оқу құралы логистика салаларындағы (сатып алу, өндіріс,
тарату, көлік пен қойма) тауар қозғалысына арналған тест сұрақтарымен
қамтылған.
Бұл оқу құралында математикалық модельдеу мен әдістерінің синтезін
логистиканың әмбебап құралы ретіңде қолдануға мүмкіндік беретін жаңа
енгізулерді студенттерді мен магистранттарды оқыту барысында қолдануға
мүмкіндік беретін әдіс ретінде қарастырады.
Бұл оқу құралы О.В.Толмачевтын «Логистика товародвижения»
электронды мәтіндік басылымына негіздеген.
Достарыңызбен бөлісу: